Агролизинг: шаруалар заманауи жабдықты 12,6 процентпен ала алады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. "ҚазАгроҚаржы" компаниясы "Агролизинг" бағдарламасымен мобильді астық кептіргіштерді сатып алуға қаржы бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Астық кептіруге арналған заманауи жабдықты жылдық 12,6% мөлшерлемемен лизингке алуға болады.
Мобильді астық кептіргіштер шағын және орта шаруашылықтар үшін тиімді технологиялық шешім болып саналады. Бұл техника әртүрлі дақылдарды сапалы кептіруді қамтамасыз етіп, өнім шығынын азайтуға әрі оның сапасын сақтауға мүмкіндік береді.
"Бағдарлама шарттарына сәйкес, лизинг аванстық төлеммен беріледі. Оның мөлшері лизинг нысаны құнының 15%-ынан басталады, ал төлем мерзімі 7 жылға дейін белгіленген. Бағдарлама шаруаларға елеулі бастапқы шығындарсыз заманауи техника мен жабдыққа қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қаржылық жүктемені ұзақ мерзімге бөлуге жағдай жасайды", - делінген ресми хабарламада.
Ал өтінімдер "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның өңірлік филиалдарында қабылданады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 21:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















