Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Аида Балаева: Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация Конституцияның басты идеясы ретінде айқындалады

Аида Балаева: Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация Конституцияның басты идеясы ретінде айқындалады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Орал қаласында «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Батыс Қазақстан өңірінің зиялы қауым және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның ел тағдырындағы айрықша рөлі, Ата Заң жобасындағы жаңа өзгерістер мен басты ерекшеліктер кеңінен талқыланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талқылау барысында Үкімет басшысының орынбасары Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің дамуындағы сапалық тұрғыдан жаңа кезеңді айқындайтынын және елдің алдағы ілгерілеуіне берік, заманауи құндылықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

«Ең алдымен, жаңа Конституцияның басты өзегі – азаматтың мүддесі мен елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуы. Бұл құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны, билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа сапасы айқын көрініс тапқан. Жаңа Преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде көрсетілді. Яғни мемлекет адамның мүддесін қорғауды өз қызметінің басты мәні ретінде айқындап, биліктің бар тетігі азамат игілігіне жұмыс істеуі тиіс деген қағида Ата Заңның өзегіне айналып отыр. Конституция кіріспесінде ұлттық болмыс, тарихи сабақтастық және мемлекеттіліктің терең тамыры нақты көрсетілген. Ұлы дала өркениетімен байланыс, шекарасы мен аумағының тұтастығы егемендікті қорғаудың конституциялық тірегіне айналмақ. Әділетті Қазақстан идеясы мен Заң мен Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау секілді қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде айқындалады», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ, ол Жаңа Конституция жобасында мемлекеттіліктің іргелі негіздері, елдің тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететін өзгермейтін құндылықтар нақты бекітілетінін атап өтті

«Ұлттық валюта – теңгенің мәртебесі мен эмиссия құқығының тек Қазақстанға тиесілі екені де конституциялық деңгейде көрініс тауып отыр. Егемендік пен Тәуелсіздік, елдің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіледі. Бұл – құндылықтық тұрғыдан жаңа мазмұн. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде көрсетіледі», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Жаңа Конституция жобасы ел дамуының өзегіне адамды, оның білімі мен әлеуетін қоятын жаңа бағытты айқындайтыны айтылды. Осыған байланысты адами капиталды дамыту және ұлттық мұраны сақтау мемлекеттің басты стратегиялық басымдықтарының бірі екені атап өтілді.

«Жаңа мәтіннің тағы бір маңызды бағыты – ел болашағын табиғи ресурстармен емес, адами капиталмен байланыстыру. Білім мен ғылым, мәдениет пен инновация Конституцияның басты идеясы ретінде айқындалады. Бұл – түбегейлі бетбұрыс. Қазақстанның келешегі жер қойнауындағы байлықпен емес, азаматтардың білімімен, еңбегімен, шығармашылық әлеуетімен өлшенеді деген сөз. Бұл – прогрессивті мемлекетке тән ұстаным. Сөз жоқ, ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау ұғымдарының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілуі біз үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Сондай-ақ ел азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткiштерiне ұқыпты қарауға мiндеттi екені де анық көрсетілген», – деді Аида Балаева.

Сөз соңында Премьер-Министрдің орынбасары референдум ел дамуының бағытын айқындайтын жауапты таңдау екенін ерекше атап өтті.

«Әділетті, қуатты әрі заманауи Қазақстан құру – бір буынның емес, тұтас ұлттың миссиясы. Алдағы референдум – сол жолдағы маңызды белес», – деді вице-премьер.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:281
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 13:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары