Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Airbus ұшақтарына ұшуға неге тыйым салынды?

Airbus ұшақтарына ұшуға неге тыйым салынды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

BBC News хабарламасына сүйенген Aikyn.kz ұшуға салынған шұғыл тыйымның себептерін түсіндіреді.

Күннің қарқынды сәулесі борттағы ұшуды басқаратын компьютерлердің жұмысына кедергі келтіретіні анықталғаннан кейін, әлем бойынша мыңдаған Airbus ұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Бұл барлық елдердің жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниялардың жұмысына уақытша кідіріс алып келді. Қазақтың ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana да жолаушылар рейстерінің кешігуі мүмкін екенін екі күн бұрын ескертті.

Еуропалық компанияның әлемдік паркінің жартысы (6000 A320 ұшағы) шұғыл жасалған тыйымнан зардап шекті. Алайда олардың көпшілігі бағдарламалық қамтамасыз етуді жылдам жаңартқаннан кейін қайтадан ұша бастайды.

Ұлыбританияның авиациялық реттеушісі «кейбір іркілістер мен рейстердің тоқтатылуы мүмкін» екенін мәлімдеді. Тыйымның әуежайларға әсері шектеулі болады деген болжам бар. Өйткені Airbus-тің бірнеше моделінен басқа уақытша тыйым басқа ұшақтардың ұшуын шектемейді.

Airbus компаниясы бұл тыйым туралы шешім қазан айында АҚШ-тан Мексикаға ұшып бара жатқан ұшақтың кенеттен биіктігін жоғалтқаннан кейін қабылданғанын хабарлады. Сол инцидент кезінде JetBlue Airways әуе компаниясының рейсіндегі 15 адам жарақат алған, ұшақ Флоридада шұғыл қонуға мәжбүр болған.

A320 компанияның ең көп сатылатын ұшағы болғанымен, осалдық A318, A319 және A321 модельдерін де қамтиды. Шамамен 5100 Airbus ұшағында мәселені үш сағаттай уақыт алатын қарапайым бағдарламалық жаңартумен шешуге болатыны хабарланды. 

Ал қалған ескі 900 ұшақ борттық компьютерлерді де алмастыруды талап етеді және бұл жұмыс аяқталғанға дейін олар жолаушылар тасымалдай алмайды. Қазір жеткілікті компьютерлер бар ма, олар қашан ауыстырылып бітеді деген сұрақтарға жауап белгісіз.

Airbus компаниясы мұның «жолаушылар мен клиенттерге қолайсыздық туғызатынын» мойындап, кешірім сұрауда. Авиация сарапшысы Салли Гетин BBC News арнасына жағдайдың «мүлде ерекше» екенін айтады. Оның сөзінше, жолаушылардың қолайсыздыққа ұшырауы авиакомпаниялардың бағдарламалық жасақтаманы жаңарту тәсілдеріне байланысты әртүрлі болады.

Ұлыбританияда әуежай жұмысының іркілістері әзірге болмашы ғана. Лондонның Гатвик әуежайы «кейбір іркілістер» бар екенін хабарлады, ал Хитроу әуежайы рейстердің тоқтамағанын мәлімдеді. Манчестер әуежайы да елеулі қиындықтар күтілмейтінін айтуда.

Тосын жағдайдың әуе компанияларға әсері де әртүрлі. British Airways айтарлықтай зардап шекпеген, ал Wizz Air және Air India жаңартулар жүргізіп жатқанын хабарлаған. BBC тілшісі Саймон Колдердің айтуынша, Air France компаниясы көп зардап шегуде. Сенбі таңына (28 қараша) жоспарланған Ұлыбританиядан Парижге және кері бағыттағы 50 рейстің тоқтатылғаны белгілі. EasyJet компаниясы да «кейбір өзгерістер болуы мүмкін» дейді. Кейінірек компания көптеген ұшақтарында бағдарламалық жасақтама жаңартылғанын және сенбі күні ұшу кесте бойынша толық қалпына келетінін мәлімдеген.

АҚШ-та бұл бағдарламалық мәселе алғыс айту күніне (27 қараша) байланысты демалыстармен тұспа-тұс келді. Бұл – жыл сайын болатын ең қарбалас саяхат кезеңдерінің бірі.

American Airlines 340 ұшағы өзгерістерге ұшырағанын және «кейбір операциялық кешігулер» болатынын, көптеген жаңартулардың жұма немесе сенбіде аяқталатынын хабарлады. Delta Airlines бұл мәселенің әсері «шектеулі» болады деп күтеді. Австралияда Jetstar бюджеттік әуе компаниясы 90 рейсті тоқтатып, бағдарламалық жаңарту оның паркінің үштен біріне әсер еткенін растаған.

Ұлыбритания Азаматтық авиация басқармасының саясат жөніндегі директоры Тим Джонсон Airbus ұшақтары үшін алдағы күндері «кейбір іркілістер, кешігулер немесе рейстердің тоқтатылуы» мүмкін екенін мәлімдеді. Ол авиация әлі де «ең қауіпсіз көлік түрлерінің бірі» болып қалатынын, себебі авиакомпаниялар техникалық қызмет көрсетудің қатаң бағдарламаларын орындайтынын айтқан. Сондықтан жаппай рейстердің тоқтатылуын «өте сирек құбылыс» деп атаған.

Көлік министрі Хайди Александер бұл уақытша тыйымның «британдық әуе компанияларына әсері шектеулі болып көрінеді» дейді. Сондай-ақ мәселенің тез анықталып, жылдам шешіліп жатқаны әлемдік авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын көрсететінін айтқан.

A320 ұшақтарындағы анықталған мәселе ұшақтың биіктігін есептейтін бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты болған. Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) мәселені жолаушыларды қайта тасымалдауға дейін жоюды міндеттейтін шұғыл директива шығарды. Ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орнына жету үшін жолаушыларсыз «техникалық рейстер» орындауға рұқсат етілді.

A320 ұшақтары «fly-by-electronic» жүйесімен, яғни электронды басқару жүйесімен жабдықталған. Бұл дегеніміз – кабинадағы басқару органдары мен ұшу компоненттері арасында тікелей механикалық байланыс жоқ. Пилот әрекеттерін компьютер өңдейді.

Сондықтан анықталған ақаулықты жою үшін Airbus компаниясы бұрын болмаған шұғыл тыйым салу директивасын шығаруға мәжбүр болған. Бұл, әрине, бірінші кезекте әуе тасымалы мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қабылданған мәжбүрлі шешім болып отыр.

Air Astana өзінің A320 ұшақтарында бағдарламаны жаңартуды бүгін (30 қараша) таңертең толық аяқтап, ұшу кестесін бұрынғыдай жалғастыратынын хабарлады. Сапарыңыз оң болсын!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 12:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары