Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі назардан түспейді

Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі назардан түспейді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясына арналған дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Бұл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдауымен өткізілді.

Іс-шара мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық қоғам институттарының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар әйелдер мен ба­лалардың қауіпсіздігін нығайту бойын­ша жүйелі шараларды, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жолдарын талқы­лады.

­«16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін әлемнің 90-нан аса елін­де өткізіледі және қоғамның зорлық-зом­былық мәселесіне хабардарлығын арт­тыруға, зорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыруға бағыт­тал­ған. Қазақстан дәстүрлі түрде бұл бас­таманы қолдайды, ал Ұлттық комиссия еліміз бойынша іс-шараларды үйлес­тіріп, мемлекеттік органдар, үкі­мет­тік емес ұйымдар және азаматтық қоғам институт­тарының күш-жігерін біріктіре­ді.

Дөңгелек үстелдің модераторы – Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Ұлттық кеңес мүшесі, адвокат, құқық қорғаушы Айман Умарова. Іс-шарада Конституциялық кеңес төрайымы Эльвира Азимова, Қазақ­стандағы БҰҰ-Әйелдер құрылы­мының өкілі Джерен Гювен Гюрэс және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ жетекші сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады. Бас прокурордың орынбасары киберзорлықтың қазіргі қатерлері және прокуратура тарапынан қабылданып жатқан жауап шаралары туралы баяндады. «One-Stop-Service» жобасының үйлестірушісі Ляззат Ракишева Ұлттық комиссия бастамасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Әділет вице-министрі әйелдер мен балаларды қорғауға қатысты жаңа заңнамалық шараларды талқылады. Ал Зульфия Байсакова дағдарыс орталықтарының бірінші қорғау желісі ретіндегі рөлін және ерте араласудың маңыздылығын атап көрсетті. Ұлттық комиссияның төраға орынбасары Елена Тарасенко мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым­­дардың 1 325 резолюциясы ая­сын­дағы серіктестігі туралы айтып берді. Заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамов қылмыстық процес­те әйелдердің қатысу ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Баян Жандосова зорлық құрбандарын қалпына келтіру тәжіри­бе­сімен бөлісті.

Арнайы назар репродуктивті ден­саулықты қорғауға, әйелдердің эко­номикалық дербестігін арттыруға, әкелерді профилактикалық жұмысқа белсенді тартуға, сондай-ақ қауіпсіз қоғам қалыптастыруға арналған цифр­лық платформаларды дамытуға бағыт­талмақ. Бір мезетте ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және азаматтық қоғам институттарымен тиімді әріптестік орнату мәсе­ле­лері де – басты назарда.

Ұлттық комиссияның мәлімдеуін­ше, зорлық-зомбылыққа нөлдік төзім­ді­лікті қалыптастыру – ұзақмер­зім­ді әрі жүйелі тәсілді талап ететін үдеріс. Бұл бағытта құқықтық мәдениетті дамы­ту, мем­лекеттік органдар, сарапшылар қауым­дастығы және үкіметтік емес ұйым­дардың күш-жігерін біріктіру шешуші рөл атқарады.

Дөңгелек үстел соңында әйелдер мен балаларды қорғау бастамаларын ілгерілетудегі үлесі үшін белсенді қатысушылар мен сарапшыларға Алғысхат табыс етілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары