Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Айтолқын Тоқтаған: Күйшілік өнерде жігіттің сыршылдығы мен қыздардың нәзіктігін қатар қою мүмкін емес

Айтолқын Тоқтаған: Күйшілік өнерде жігіттің сыршылдығы мен қыздардың нәзіктігін қатар қою мүмкін емес

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Күй тарихына қарасақ, күйші қыздардың есімі көп емес. Әрине, жалпы қазақ қолына домбыра ұстап, өнер дәрежесіне жеткізген уақыттан бастап есептесек, қыз-келіншектер саны 10-20 ғана шектелді деу қате болар еді. Олардың біразының есімі ұмытылды, енді бірінің атын әдейі ұмыттырған болуы да мүмкін. Дөп басып айту қиын. Дегенмен, бүгінде есімдері күй тарихында қалып, елеулі орын алған өнерпаз қыздар да бар. Осы жайлы білмек ниетпен, бұл тақырыпты зерттеп жүрген күйші, PhD Айтолқын Тоқтағанды әңгімеге тарттық.

- Айтолқын Айтжанқызы, әңгіменің басында алдымен бүгінгі таңда бізге белгілі күйші қыз-келіншектердің есімін айтып беріңізші

- Бүгінгі күйтану ғылымында біршама күйшілерді атауға болады. Мысалға Ақжелең, Алтынай, Сақбике, Нұрқыз, Қоңырша, Орынша, Барша, Шәрипа, Молқара, Балжан, Балбике, Ұлбике, Ақбикеш, Ұлбосын, Мафруза, Аршын, Алтын, Айша, Науша, Аққыз, Әпике, Зәмзәм, Дина деп бүгінгі күнге дейін кете береді ғой. Әрқайсысы өз күйшілік дәстүрінің, түрлі аймағының өкілі болса да сол мектептің белді өкілдері.

- Сіз жаңа саусақпен санамалап отырғанда, бір ой келді. Қисынсыз сұрақ болса да сұрағым келіп отыр. Ер адамдармен салыстырғанда қыздардың күйшілік өнерге қандай жаңалық алып келді?

- Әрине, күйшілік өнеріне жігіттермен қатар қыздарымыз да үлкен үлес қосып, оның деңгейінің, мәнерінің, тақырып аясының өсуіне айтарлықтай ықпал еткені анық. Десе де, жігіттің сыршылдығы мен қыздардың нәзіктігін қатар қою мүмкін емес. Бірақ сіз сұраған соң, жауап беріп көрейік. Біздіңше қыздар шығарған күйлердің нәзік әуені мен қағыс өрнектері, терең сезімділігі халықтық күй дәстүріне елеулі жаңалық енгізді деуге болады. 

- Рахмет. Енді жеке-жеке тоқталып өтейікші. Мысалға, оқырмандарымыз ақжелең деген күйлер топтамасы барын біледі деп есептейміз. Сіз жаңа тізім басында да Ақжелең деп қалдыңыз.

- Сіз айтып отырған Ақжелең күйлер, біз айтқан Ақжелең күйшіден бастау алады деседі. Ел ауызындағы әңгіме осы. Тарқатып берейін. Еліміздің батыс өңірінде, ағынды Ақ Жайықтың бойында Ақжелең деген күйші қыздың болғаны тарихтан белгілі. Ол «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» деп өзі шығарған күйлер тізбегін тартады екен. Ақылы мен көркіне арқалы өнері сай күйші қызды халық еркелетіп, ол туралы аңызға бергісіз қылып айтып жүреді дейді. «Ақжелең ақбоз ат мініп жүреді екен. Бөркіне ақ үкі тағынып шыққанда, көркіне күн шағылысады екен» деген сияқты түрлі аңыздар айтылады. Ақжелең күй тартқанда, тыңдаушылар ұйып қалады дейді. Оның тартқан күйлеріне тәнті болған жұрт: «мынау Ақжелеңнің шолпысының сылдыры», «мынау келін болып түскендегісі», «ал мынау қоштасуы» деп, айтпай танып отырады екен. Мына қызықты қараңыз, Ақжелеңнің ел ішіндегі беделінің артқандығы сонша қолына домбыра ұстап, күй шерткендер оның күйлерін нақышына келтіріп орындай алмаса, өздерін күйшімін деп айтуға батылы бармаған. Домбыра тартып, күй өнерімен әуестенгендер үшін тармақты күй тізбегін жалғастырып, «Ақжелең» деген күй  шығару беделге, мәртебеге ие болу деп есептелген. Күйшінің нағыз дәулескер күйшілігі сонда танылған. 

Бұл ғылым тұрғыдан да зерттелген. «Ақжелең» күй тізбегін  сипаттаған зерттеуші Д.Бақтығалиева: «Алпыс екі тамырлы Ақжелең» дегенде халық, біріншіден, тыңдарман қауымды күйлерімен баурап әкететін он саусағынан өнер тамған қыздың бойында айрықша қасиеті бар екенін білдіргісі келсе, екіншіден, «Ақжелең» деп аталатын күйлердің тамырлас екенін, ал үшіншіден, бұл жанрдың ертеден бастау алып, мазмұны қазақ халқының дүниетанымына негізделетін ұғымнан, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден туындағанына сілтеме жасағаны аңғарылады» – деп жазады.

- Сол күйшіге арналған деп қалдыңыз

- Ия, Боғда, Дәулеткерей, Қазанғап, Мүсірәлі, Есбай сияқты күйшілер «Ақжелең» деген күй шығарып, сол тармақты күй тізбегін дамытқан екен. Уақыт өте келе, бұл жанр ретінде қалыптасқан. Бір қызығы қыздардың өз ақжелеңдері бар.

- Мысалы…

- Мысалға, Алтынай күйшіні алайық. Ол ХІХ ғасырдың орта шенінде Атырау өңірінде өмір сүрген екен. Ол Кіші жүз ішінде Жетіру, Кердеріден өрбіген Шағыр бұтағынан тараған дейді зерттеушілер. Әкесі қайтыс болған соң, ағасының тәрбиесін  көрген. Оның «Алтынай Ақжелең» деген күйі болған. Алтынай келін болып түскенде, дәстүр бойынша беташар айтыларда, бір нәрсеге көңілі толмай, шымылдықты серпіп тастап, осы күйді сонда ойнаған дейді. Ол белгілі күйші Есбаймен күй тартысына түскен. Ал Алтынайдың 18 жастағы шәкірті Науша Есбаймен күй жарыстырғанда, алпыстан асқан тәжірибелі, майталман  күйші шарасыздық танытқан екен. Шәкірті осындай  болғанда, Алтынайдың қандай күйші екенін шамалай беріңіз.

- Таласбек Әсемқұлов мына Арқа өңіріндегі күйшілер жайлы айтып отыратын. Сақбике, Нұрқыз сияқты есімдерді айтып, бәленбай күйі бар дейтін. Осылар жайлы мәлімет бар ма?

- Әрине. Кезінде жаугершілік заманда қазақ даласына тұтқын болып түскен Сақбике деген домбырашы қыз өткен екен. Түбі - қырғыз. Оның «Керілме» деген бір ғана күйі сақталған. Күйшінің азан шақырып қойған аты белгісіз. Сақбике деп оның сезімталдығына, жылқыларды  айдап кетуге келе жатқан барымташыларды күні бұрын сезетін қабілетіне қарап атанып кетсе керек. Сақбикенің күйлерінде қазақ пен қырғыз әуендері астасып жататын болған. Оның себебі де жоқ емес. Бірде ол батыр ұлының қырғыздарды шабайын деп әскер жинап жатқанын сезіп, оны шақырып алып: «мен – сенің анаңмын, менің тегім – қырғыз, ол – сенің үш жұртыңның бірі – нағашың, сен оны шаппақсың ба» – деп  бір күй тартып беріпті дейді. Күйді тыңдап, тебіреніп толқыған  ұлы сарбаздарына: «жорыққа шықпаймыз» деп бұйрық берген екен. Бұл да – сол күйдің құдірет күші болса керек.

ХVІІІ ғасырда Орта жүз, Арғынның Нұрқыз деген домбырашысы болыпты. Кезінде шебер домбырашылығымен ел ішінде белгілі екен. Оның күйші Байжігіт екеуінің арасындағы махаббаты аңызға айналған деседі. Алайда қыз әкесі қалмаққа қарсы жаугершілік заманда қанды көйлек дос болған Жалайырдың бір дәулетті адамымен «бірімізде ұл, екіншімізде қыз туса, төс қағысып құда боламыз» деп, серттескен екен. Сол сертінен тая алмай, Нұрқызды соның ұлына ұзатып жібереді. Сонда Байжігіт жасақ жинап, Жетісуға бет түзеген көшті шауып, қызды алып кетпек болады. Бірақ, ақылды қыз: «Сен Абылайдың Ақ ордасын күймен тербеткен саңлақ едің, енді қарақшы атанбақшымысың? Мені ұмыт, елге қайт» – деп оны  тоқтатады. Сол жерде күйші қыз «Нұрқыз зары» деген күйімен өзінің арманы мен мұңын білдіріпті. Байжігіт те сүйіктісін әкетіп бара жатқан көшті қимай, «Көш жанаған» күйін шығарыпты деседі. 

- Апырай ә? Күй тарихы деген халықтың тарихымен сабақтасып жатыр ғой. Қазақ тарихында бір ғана күйімен қалған күйші қыздар тағы бар ма?

- Қазақ музыкасының білгірі Мұстафа Ысмағұловтың айтуынша «Байжұма» деген жалғыз ғана күйі қалған Қоңырша деген күйші қыз болса керек. Орынша деген қыздың да тек «Байжұма» атты күйін ғана білеміз. Еліміздің батыс өңірінде ХІХ ғасырда өмір сүрген Ұлбосын және Алтын есімді күйші қыздар болған деген дерек бар. Ұлбосынның «Ақжібек», Алтынның «Қосалқа» деген күйлері ғана біздің заманымызға жетіп отыр.   

Мына Маңғыстау өңірінде өмір сүрген Балбике қыз есімді күйші болған екен. Ол ауқатты отбасында тәрбие алып, жастайынан домбыраның қос шегінен төгілген қоңыр үнді тыңдап өсіпті. Бойжетіп, қыр гүліндей құлпырып отырған шағында ұзатылып, дәулеті тасқан адамның ақ отауының есігін айқара ашып, түндігін түріп нұр-шуақ боп кіріпті. Күйін еркін шертіпті, сазды әуенге елтіпті. Алайда, көңілін мұңды үн басыпты, домбырасымен сырласыпты, күйімен мұңдасыпты. Күй қызығын берген тағдыр үй қызығын бермепті. Тұрмыста бәрі бар болыпты, тек бір сәбиге зар болыпты. Сәбидің уілін сағыныпты, жұпар иісін аңсапты. Сондай бір сәтте көз жасына тұншығып, домбырадан күй төгіпті. Күйді тыңдаған бір қария қыздың сырын түсініп: «Е, шырағым-ай, он саусақтан төгілген балбұрауың, болып тұр-ау мұңдасар бір жырауың» – деп, мұңайыпты деседі. Содан әлгі күй «Балбұрауың» аталып кетіпті деп аңыз айтады. 

- Ақбикеш пен күйші Есжанның оқиғасын айта отырсаңыз.

- Ақ Жайықтың бойында ХІХ ғасырда Ақбикеш деген күйші қыз өмір сүріпті. Ақбикештің сырлы да сазды күйіне, домбыраға тіл бітіретін шеберлігіне Есжан күйші тәнті болыпты. Екеуінің арасында шығармашылық байланыс, сыйластық сезім орнапты. Сол байланыс, өнердің күші үлкен бір жүрекжарды  махаббат сезіміне айналады. Саусағынан өнер тамған сырбаз жігіттің ойы күйші қыздың да көңіліне  қонады. Алайда Ақбикеш өз еркінен тыс атастырылған жігітіне күйеуге шығады. Тойда отырып, «Айнам қалды» деп күй шығарып, орындап берген екен. Ол өзінің көркін көретін айнасы емес, «айнам» деп сүйген жігітін айтқан болар. Соның қалып бара жатқанына өкінгені шығар. Есжан күйші де қапы қалғанына күйініп, «Қош, аман бол, Ақбикеш» деп күй шығарып, өз өкінішін қос шектің үнімен білдіреді. «Айнам қалды» күйін орындаушылар оның әуені мен ырғағының әсемдігін, көкейге қона кететін қарапайымдылығын  жоғары бағалайды.  Бұл күй өткен ғасырлардан жеткен құнды мұраларымыздың бірі болып саналады.

- Ертедегі күйшілер жайлы аз-кем айтып өттік. Бертін, біздің заманымызға жақын уақытқа ойыссақ.

Жиырмасыншы ғасырда қолына домбыра ұстаған нәзік жандылар аз болған жоқ. Аққыз күйшіден бастасақ. Оның азан шақырып қойған аты – Мүгілсін екен. Ол жастайынан сұлу, өсе келе дарынды домбырашы, әнші болып, жұрт назарына ілігеді. Оның өнерін елі бағалап, жиын-тойларға көп шақырады екен. Мүгілсіннің сұлу жүзіне, келісті келбетіне тәнті болған жұрт оны «Аққыз» деп атап кеткен. Жастайынан еркін өскен өжет қыз ауыл-аймақ думанының ұйытқысы, қалаулысы болған. «Күйші Аққыз», «Жезтаңдай әнші Аққыз» деген атағы аймаққа таралады. Атақты әншілер Қали Байжанов, Манарбек Ержановпен бірге талай ән салады. Сол өңірдегі күйшілерден Тәттімбеттің «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», Саймақтың «Сары өзен», Тоқаның «Жалғыз шек» күйлерін, атақты домбырашы Әбікен Хасеновтан Тәттімбеттің «Бес төре» күйін үйренеді. Аққыз өзі де Тәттімбет дәстүрінде күй шығарумен әуестенеді. Оның «Жетім қыз», «Мұңды қыз», «Анама», «Қайран елім» деген күйлері және «Қосбасарларының» бірнеше түрі бар екені белгілі.

Аққызбен бірге оның шәкірті Әпике Әбенованы айтып кетпеске болмас. Ол апамыз да жастайынан әнге әуес, күйге құмар, өнерге бейім болып өседі. Оның әкесі Кәріп домбырашы болған. Әпике туған Шет өңірінде Тәттімбет дәстүрін жалғастырушы Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен сияқты майталман күйшілердің өнері өрлеп тұрған. Елдің талабы бар, зейінді ұл-қыздары домбыра ұстауға талпынатын болған. Сондай бір өнер ағынына Әпике де түседі. Оның осындай талпынысын байқап, оған қол ұшын берген Әпикенің анасы Зейнептің сіңлісі, сол кезде атағы шыққан күйші Аққыз екен. Шебер күйші Әпикені қолына алып, күйге баулиды. Ол Тәттімбеттің, сол өңірдегі күйші-домбырашылардың күйлерін орындап, шеберлігін шыңдай түседі. Кейін Республикалық  радио комитетінде, Қазақ филармониясында, «Қазақконцертте» домбырашы болып істеді. Әпике де күй шығарумен әуестенді. Оның «Мұңды қыз», «Анама» деген күйлері бар.

Атыраулық күйші қыз Зәмзәм Есжанова да өнерімен ел есінде қалған өнерпаз. Ол күйшілікті өз әкесі, белгілі күйші Хасеннен және үлкен апасы Баршадан үйренеді. Оның өзі шығарған «Каспий толқыны», «Ақ Жайық», «Шаттық» деген күйлері бар.

Міне, жиырмасында ғасырдың алғашқы жартысында және орта тұсында өмір сүрген күйші қыз-келіншектер осындай. Әрине, айта берсе көп. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы күйші қыздардың өнері жайлы бөлек зерттеу керек. Ұлы күйші Құрманғазының шәкірті, екі ғасырды еңсерген, Дина Нұрпеисованың өзі жайлы сағаттап әңгіме айтуға болады.

- Дұрыс айтасыз. Дина күйші жайлы айтылар дерегіңіз көп-ақ. Сіздің докторлық диссертацияңыз да осы тақырып екенін жақсы білеміз. Сондықтан Дина Нұрпейісова жайлы әңгімемізді келесі жолға қалдырсақ. 

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторын көрсетіп, Аikyn.kz сайтына белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қараша 2025 07:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары