Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әлемдегі цифрлық қызметтердің озық үлгілері

Әлемдегі цифрлық қызметтердің озық үлгілері

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгінде әлем елдері қағазбастылықтан арылып, автоматтандырылған жүйелерді жан-жақты енгізуге ден қойған.

Бұл әсіресе қаланың қауырт тіршілігін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ашықтық пен тиімділіктің нышанына айналған. Жаһандағы электронды қызметтердің озық үлгілеріне үңілейік.

Шанхай мен Сингапур арасында іске қосылған жаңа онлайн жүйе шетелдік инвесторлар үшін үлкен жеңілдік әкелді. Енді кәсіпкерлер Шанхайда компанияны толық онлайн тіркей алады. Бұрын олар орталыққа барып, құжаттарды міндетті түрде қолмен тапсыруы керек еді. Бұл екі шаһар арасындағы цифрлық тұлғаны өзара мойындаудың алғашқы тәжірибесі және кедергілерді азайтуға бағытталған маңызды қадам. Жоба «Бір белдеу, бір жол» елдерімен кеңейтіліп, трансшекаралық бизнес ашуды жеңілдете түспек. Бұдан бөлек, Қытай–Еуропа автоиндустриясында деректер сенімділігі бойынша пилоттық жобалар таныстырылды. Бұл бастама сыртқы сауда компанияларына қауіпсіз әрі жылдам цифрлық қаржылық қызметтерді кеңейтуді көздейді. Шанхай бүгінде цифрлық экономиканы дамыту мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруда көшбасшы шаһарға айналған. 

Әзербайжан Мәдениет министрлігі кино саласында жаңа электрондық қызметті іске қосты. Енді фильмдерді мемлекеттік тізілімге тіркеу және дистрибуцияға рұқсат алу процесі "MyCulture" бірыңғай порталы арқылы онлайн жасалады. Бұл елдің 2024–2026 жылдарға арналған "e-Culture" стратегиясындағы маңызды бағыттың бірі. Жүйе құжат тапсырғанда өтініш беруді жеделдетіп, барлық қызметті толық автоматтандырады. Яғни продюсерлер, дистрибьюторлар және кинотеатрлар рұқсатын кез келген жерде, кез келген уақытта ала алады. Жаңа қызмет шетелдік кинокомпаниялардың Әзербайжан нарығына кіруін де жеңілдетеді. Бұл халықаралық кино айналымын арттырып, жаңа ынтымақтастықтарға жол ашпақ.

Финляндия болса мемлекеттік қызметтерді цифрлық жүйеге көшірумен қатар, шешім қабылдауда адам факторының азаюын қолдайды. Бүгінде ел әлемдегі жемқорлық деңгейі ең аз мемлекеттердің бірі. Аймақтағы мемлекеттік қызметтер Suomi.fi жүйесі арқылы іске асады. Онымен азаматтар мен кәсіпорындар салық төлеу, денсаулық сақтау, білім алу және басқа да қызметтерге онлайн қол жеткізе алады. Платформа 2025 жылғы GovTech Prize марапатын иеленіп, әлемдегі ең үздік цифрлық мемлекеттік қызмет ретінде ресми танылды. Бұл марапат ең инновациялық және қоғамға көп әсер еткен цифрлық жобаларға беріледі. Оның мақсаты - мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттырып, азаматтар мен ұйымдардың өмірін жеңілдету. Биылғы додада әлемнің түрлі елдерінен қатысқан жобалардың арасынан Suomi.fi адам мен мемлекет арасындағы ашық байланыстың көпіріне айналған қызмет ретінде дараланды.  

Әйгерім Ардаққызы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 19:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары