Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Бензин бағасы, шекарадағы кептеліс пен банкрот қазақстандықтар

Әлемдік БАҚ тағы Қазақстан: Бензин бағасы, шекарадағы кептеліс пен банкрот қазақстандықтар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Report: «Лукойл» мұнай-газ саласына 12 млрд доллардан астам инвестиция салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатысты. Онда Президент «Лукойл» Қазақстан-Ресей әріптестік қатынасын нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын айтқан. Оған қоса компанияның ел экономикасына құйған қаржысы мен ортақ жобаларды мысалға келтіріпті. Жаңалықты Report ақпарат агенттігі бөлісті.

Ширек ғасыр ішінде кәсіпорын Қазақстанның мұнай-газ саласына 12 млрд доллардан астам инвестиция құйып, 94 млн тонна мұнай мен 60 млрд текше метр газ өндірген. 300 млн долларға жуық қаражат әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа бағытталған. Бүгінде компанияның қатысуымен «Теңіз кен орнындағы кеңейту» жобасы табысты аяқталған болса, Каспий қайраңында «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» бірлесіп «Қаламқас теңіз» және «Хазар» жобаларын жүзеге асыруда. Аталған жобаларға 6 млрд доллардан астам инвестиция салынып, 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ.

– Маңғыстау облысының кеме жасау және жөндеу өндірісі тартылған. Кәсіпорын Қарашығанақ кен орнында жұмысын жемісті жалғастырып келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда «Лукойл» Каспий құбыр консорциумын дамытуға атсалысуда. Мұның да еліміз үшін маңызы ерекше. Осы стратегиялық мәні зор бағдар арқылы Қазақстан мұнайы ондаған мемлекетке жеткізіліп жатыр. Сол арқылы еліміздің жаһандық энергетика нарығындағы рөлі нығайып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

CentralAsia: 45 мыңнан астам қазақстандық банкрот деп танылды

2023 жылдан бастап 45 200 қазақстандық ресми түрде банкрот деп танылды. Сейсенбі күні Үкіметте өткен брифинг барысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлағандай, олардың қарыз сомасы – 180 млрд теңге. Шенеунік сөзін CentralAsia таратты.

«Бүгінде 45 200 адам банкрот деп танылды, олардың қарыз сомасы 180 млрд теңгені құрады. Берешектің негізгі бөлігі – банктер алдындағы қарыздар. Бұл қарыздардың барлығы кешірілді деуге болады», – деді Ержан Біржанов.

Вице-министр өтінім беріп, алайда банкрот статусын ала алмаған азаматтардың санын айтпады, бірақ олардың көп екенін меңзеген. Оның айтуынша, өтінімі мақұлданбағандардың атында жылжымайтын мүлік болған, сондықтан билік банкрот деп танудан бас тартқан көрінеді.

Еске салайық, 2023 жылы Қазақстанда «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң күшіне енді. Енді үш рәсімнің бірін пайдалануға болады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.

Anadolu: Бензин, су, электр энергиясы және табиғи газ бағасын көтеруге тыйым салынды

Мемлекет басшысы берген шұғыл тапсырмадан кейін Үкімет экономикалық реформа жасады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте бензин бағасынан бастап, ипотека мен салыққа дейінгі ең өзекті мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстанда 16 қазаннан бастап инфляция тұрақтанғанға дейін қандай шектеулер болатынын Anadolu ақпарат агенттігі жариялаған екен.

Өзгерістер арасында есте қалғаны – бензин бағасы. Үкімет дағдарысқа қарсы тұру үшін 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізді.

Осы күннен бастап коммуналдық тарифтердің өсуі де 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін тоқтатылады. Барлық жоспарланған жөндеу мен жаңғырту жұмыстары белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Әлеуметтік осал топтарға көмек ретінде тұрғын үй беріледі.

Бұған қоса шағын және орта бизнестің салығы жеңілдетіледі. Жаңа Салық кодексінен артық шектеулер алынып тасталмақ. Шағын бизнесті салық органдары тексермейді, камера бақылауы да уақытша тоқтатылады.

Өткен айда Қазақстандағы инфляция 12,9%-ға дейін өсті. Осыған байланысты Ұлттық банк жылдық пайыздық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген.

ТАСС: Қазақстан шекарада жүк көліктерінің кептелісі жоқ екенін мәлімдеді

Кейінгі апталарда БАҚ-та Ресей мен Қазақстан шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы ақпарат тарады. Жақында Қазақстан тарапы Ресеймен шекарада жүк көліктерінің кезегі жоғын, шекарада жүктерді тексеру күшейтілмегенін мәлімдеген. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жауабын ресейлік ТАСС хабарлады.

«Қазақстан Республикасы мен РФ (шекарада) өткізу пункттерінің алдында кезек жоқ. Жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр. Қазақстан ЕАЭО ережелерін сақтайды, онда тауарлардың елдер арасында еркін қозғалысы көзделген. Күшейтулер (тексерулер) болған жоқ», – деп жауап берген ведомство.

Бұған дейін «Лента.ру» интернет-басылымы Қазақстан-Ресей шекарасында 2,5 мың жүк көлігі тұрғанын хабарлаған болатын. Жаңалықтар порталы «Қазақстан шекарасындағы кезек ел билігінің кедендік тексеру талаптарының қатаюына байланысты» деп топшылаған. Басты себеп – Қазақстанның Қытайдан РФ-ға жөнелтілетін «сұр импортты» анықтау үшін жасаған әрекет деп түсіндірілген.

Жағдай вице-премьер Серік Жұманғарин мен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің кездесуінде де талқыланды. Алайда кейінірек Үкіметтегі кеңеске қатысқан Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев олқылық уақытша реттелгенін және отандық тасымалдаушыларға кедергі жоғын айтқан-ды.

Бұған дейін шекарадағы жүк көліктерінің мәселесі 13 қазандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясында қаралды. Алдағы уақытта тараптар 7 қарашадағы Қазақстан-Ресейдің ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысында қайта талқылауға ниетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 10:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see120

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see119

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see117

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see116

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see113

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see113

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see112

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see111

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see111

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see110

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see110

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see110

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see109

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see108

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see107

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see106

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see106

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see105

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары