Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

Шекарадағы кептеліс реттелуге тиіс

Шекарадағы кептеліс реттелуге тиіс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік органдар, Шекара қызметі, Сыртқы істер министрлігі, ІІМ Көші-қон қызметі коми­теті басшыларының, шекара маңы өңірлері әкімдері орынбасарларының және Мәжіліс депутатының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Жиында Ресей Федерациясына кіру кезіндегі өткізу пункттерінде жүк көліктерінің тұрып қалуы және бұл елде көші-қон заңнамасы жаңа нормаларының қол­да­ны­луына байланысты жүргізушілердің шағымы талқыланды.

Сурет: primeminister.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап Ресейде күшіне енген заңға сәйкес шетелдік азаматтар кіру және шығу санына қарамастан, жыл ішінде 90 күннен аспайтын мерзімде тіркеусіз Ресей Феде­ра­циясының аумағында бола ала­ды. Бұрын бұл мерзім бір жыл ішінде 180 күн болған. Бұл шек­теу халықаралық жүк пен жо­лаушы тасымалын жүзеге асы­ратын жүргізушілерге де қол­данылады. Сонымен қатар Ресей мен Беларусь аумағында болу жалпы есепке алынады. Өйткені аталған елдер одақтас мемлекет саналады.

Бұл норма Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғыз­стан, Өзбекстан мен басқаларды қосқанда, визасыз елдердің біра­­зы­на қолданылады. Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметін­де нақ­­ты­ланғандай, егер шетел­дік аза­мат тұруға ықтиярхат, рұқ­сат немесе уақытша тұруға өті­ніш сияқты рұқсат құжатын рәсім­деген болса, болу мерзімі есепке алынбайды.

Елімізде шетелдік азамат­тардың осыған ұқсас тіркеусіз болу талабы – алты ай ішінде 90 күн. Ол халықаралық жүк және автобус рейсін орындайтын жүргізушілерге қолданылмайды. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес.

Осы жылы қыркүйектен бас­тап Ресей тарапынан көлеңкелі импортты анықтау бойын­ша жүргізіп жатқан рейд жағдайды ушықтырған. Қосымша тексеру салдарынан кейбір өткізу пункттерінде жүк көлігін тексеру уақыты артты. Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы көші-қон заңнамасының жаңа ере­желерінің қолданысына іс жүзі­нде халықаралық тасымал­дау­шылар ғана емес, ЕАЭО елдерінің ішінде жұмыс істейтін жүргізушілер де кіргенін атап өтті.

Белгіленген 90 күндік шектік межеден асқан кейбіреулер ұстал­ды және көші-қон заңнама­сының жаңа нормаларын бұзуға байланысты елден кету қажеттілігі туралы хабарлама алды. Біздің тарап ресейлік әріптестерімен түрлі деңгейде келіссөздер жүргізіп жатыр. Жуырда Серік Жұманғарин бұл мәселені Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуде атап өтті. Екі тарап туындаған қиындықты бірлесіп жедел реттеуге дайын екенін білдірді. ЕЭК-ке қалыптасқан жағдайды сыртқы саудаға кедергі келтіретін тосқауыл деп тану туралы ресми өтініш жолданды. Бұл мәселе 13 қазанда ЕЭК алаңында және 7 қарашада Қазақстан мен Ресей ара­­сындағы ынтымақтастық жө­нін­дегі Үкіметаралық комис­­сия­ның 26-отырысында қаралады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 20:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see115

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see113

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see113

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see113

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see111

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see111

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see109

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see109

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see109

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

14 Шілде 2026 14:15see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары