Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Әлі де пысықтау керек : Мәжіліс депутаттары аудан әкімдерін сайлауды тоқтата тұруға шақырды

Әлі де пысықтау керек : Мәжіліс депутаттары аудан әкімдерін сайлауды тоқтата тұруға шақырды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ерлан Саиров пен Мархабат Жайымбетов аудан әкімдерінің сайлауын уақытша тоқтата тұруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Ерлан Саиров депутаттық сауалында бүгінде әрбір жексенбі сайын ауыл, аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп жатқанын атап өтті.

Алайда мәжілісмен мәселенің пысықтайтын тұстары бар екеніне назар аударды. 

«Әлі де сайланып жатқан ауыл әкімдерінің құзыретін, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігін реттеу қажет екеніне көзіміз жетіп отыр. Заң аясында ауыл әкімдерінің құзыретін әлі де кеңейтуіміз қажет. Төртінші бюджетті қалыптастыру тетіктерін заңмен пысықтауымыз тиіс», деді депутат.

Бүгінде елімізде аудан, қала әкімдерін сайлау пилоттық жобасы аясында 52 әкім сайланған. Десе де депутат сайланған аудан әкімдерінің арасында бір жылға жетпей жұмысынан кеткендер де бар екенін жеткізді.


Бұрын қала, аудан әкімі болған Мархабат Жайымбетов әріптесінің ұсынысын қолдады. Ол аймақтарды аралау барысында  аудан әкімдерін тікелей сайлау жүйесі әлі де пысықтауды қажет ететініне көз жеткізген.


«Ауданға бөлінетін қаржы мәселесін реттеу қажет. Ал аудан әкімдерінің құзыреті бойынша бірнеше заңға өзгеріс енгізу керек. Мысалы, білім беру саласының шығыстары облыстық бюджетте қалып, кірістері аудан бюджетінде. Қазір аудан әкімдерінде құзырет аз, жауапкершілік көп. Тіпті білім, денсаулық, ветеринария саласы, жұмыспен қамту орталықтары аудан әкіміне бағынбайды. Ең бастысы, ауыл әкімдерін сайлаудың 5 жылдық кезеңін күтіп, ауылда сайланған әкімдердің тәжірибелі корпусын даярлау маңызды. Сонда ғана саяси, ең бастысы кәсіби кадрлар резерві қалыптасады. Сондықтан оған әзірге уақытша тоқтау қойып, жан-жақты пысықтағанымыз жөн», деді Мархабат Жайымбетов.


Бұған қоса, Ерлан Саиров аудан әкімдерінің сайлауына қыруар қаражат кететінін алға тартты.


«Тек биылдың өзінде 6 аудан әкімі мен 1 облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті. Осының өзіне мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды», деді депутат.


Өз сөзінде Ерлан Саиров ауылдық округ әкімдерінің сайлау жүйесін енгізу бес жыл бойы кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқанын айтып, аудан әкімдерін сайлау мәселесіне жүйелі әрі жан-жақты зерделенген тәсіл қажет екеніне тоқталды.


Бұл ретте ол әлемдік тәжірибеге арқа сүйеген саяси сарапшылар мен мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар азаматтардың «аудан әкімдерін мәслихат депутаттары да сайлай алады» деген пікірін ортаға салды.
Сондай-ақ, депутаттар осынау маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайтынына назар аударып, ұсыныстың сайлау процесін шектеуге емес, керісінше халықтың сайлауға деген сенімін арттыруға бағытталғанын ескертті.


Сөз соңында қос депутат жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, сайлау, өңірлерді дамыту туралы көптеген заңдарға қажетті нормаларды енгізгенше, аудан деңгейіндегі әкімдердің тікелей сайлауын тоқтата тұруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 07:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары