Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

Ормуз бұғазындағы шиеленіс: мұнай бағасы барреліне 150 долларға баруы мүмкін

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей текжейлі картасы әзірленеді

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

Жәрмеңке жұртқа жәрдем бе?

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

Биыл Атырауда құм көшкініне қарсы сексеуіл мен жыңғыл егілмейді

Иранның рухани көсемі Хаменеидің әйелі қайтыс болды

СҚО да 50 пайыз үстемеақы үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

Жол көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық

Азия даму банкінің қаржысына Сарыағашты айналып өтетін жол салынады

Алаяқтардың жаңа айласы: ЭЦҚ арқылы жасалатын заңсыз схемалар

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады

Әлібек Асқаров, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Әдебиетке адалдық ғұмырлық ұстаным

Әлібек Асқаров, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Әдебиетке адалдық ғұмырлық ұстаным

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

75 жылдық ғұмыр – ізденіске то­лы, еңбегімен еселенген, сөзімен салмақталған пара­сат­ты жол. Бұл қаламгерлік жолға жазушы қалай келді? Өкі­ніші бар ма? Өткеніне оралғанда не ойлайды? Қа­лам­гер­ге сауалымыз осылай басталды. 

– Әдебиетке келуіңізге не түрткі болды? Білуімізше, сіз әуе­лі суретшілік жолды таңдаған екен­сіз. 

– Шынын айтсам, о баста әде­биетте шатағы жоқ жанның бірі мен едім. Төрт жылдық Алма­ты көркемсурет учи­лище­сінде оқимын. Этюднигімізді арқалап, тау мен тасты кезіп, та­биғатты бейнелеп жүрген кө­көрім жастар едік. Кейде зообақ­қа барып, аң-құстарды қағазға сызғылаймыз, екі арада бау-бақша мен көшенің пей­заж­дары, қатар жүрген достар­дың портреттерін саламыз. Өз басым сенбі-жексенбіде салып ұрып, Оралхан Бөкей ағамның үйіне барам. Орағаң Айман жеңгем екеуі алғашында Ни­кольск базарының артында кіш­кентай бір жарым бөлмені жал­дап тұратын. Кейін Ленин (қа­зіргі Достық) даңғылы бойын­дағы «Алатау» қона­қүйі­нің өр жағынан екі бөлмелі пә­терге ие болды. Қашан бар­саң да сол жылдары Орағаңның үйі қонақтан арылмайтын. Бір қызығы, ол заманда ауылдан келгендер ешқашан қонақүйге бармайтын. Танысының үйіне барып, жұмалап жамбастап жа­тып алатын. Оның бір себебі – Алматыда қонақүй аз, саусақ­пен санарлық қана, оған екінің бірінің қолы жете бермейтін. Қо­нақүй салдырап бос тұрса да, жо­ғарғы жақтың, яғни ЦК-ның те­лефоны арқылы ғана әупірім­деп орналасып жүрген жолау­шы­лардың талайын көрдік. 

– Сонда сізді әдебиетке қы­зық­тырған Оралхан Бөкей бол­ды ғой. «Жеті жетіммен» де ара­лас-құраластығыңыз сол кез­де басталды ма?

– Орағаң жаңа үй алған кез­де ең бірінші танысқаным көр­шісі Сағат Әшімбаев болды. Ол кісінің жұбайы Шәрбану біздің апайымыз екен. Соңынан «жеті жетім» атанған достарының бә­рі­мен сол үйде жиі кездесіп жүр­дім. Олар: Кәрібай Ахме­т­беков, Серік Әбдірайымов, Бек­сұлтан Нұржекеев, Кә­дір­бек Сегізбаев, Қуанышбай Құр­манғалиев және Орағаңның өзі. Бұл жетеуге төменгі қабат­тағы көршісі Сағат ағамыз ке­ліп қосылады. Әшірбек Сы­ғай­ды да осы топтан жиі көретін едім. Бастары біріге қалса, үс­тел­­ді күрегейлей отыра қалып кар­та соғады. Карта ойнап оты­рып, әңгімелері – тек әде­биет төңірегінде. Тіпті бол­ма­ған­да театрдың жаңа қойы­лым­дарын талқыға салып жатады. Батыс-шығыс жазушыларының мық­ты білгірі Сағат ағам әлем­дік әдебиеттің жаңалық­та­ры­мен, жаңа шыққан кітаптар жай­лы ой бөлісіп жатады. Бұ­лар­­дың қо­ғамында суретшілер туралы әң­гіме жоқ, галереяда жаңадан ашыл­ған живопись көрмесі ту­ра­лы жұмған ауыздарын ашпайды. Ақыры мен амалсыз әдебиет ту­ралы әңгімелеріне құлақ түруге мәж­бүрмін. Бірде қалқиып қа­сын­да отырған баланың суретші еке­нін естіген Сағат ағам «сен біз­дің газетке суреттер, штрихтар сал­ып тұрсаңшы, давай, сен ертең біз­ге келіп кет» деп ұсыныс жа­са­ған. «Кел» деген соң ертесінде са­­лып ұрып, газет редакциясына бар­­дым. Ол жерде мені секре­та­риат қызметкері Жанат Елші­бе­ков­­пен таныстырды. Арада көп уа­­қыт өткен жоқ, Жанат ағам мені өзі­нің туған інісіндей жақын тар­тып, бір-бірімізге бауыр басып кет­тік. Алуан очерктер мен әңгі­мелерге суреттер салғызады. Олар жарқ етіп газетке шығып жатады. Осылайша, барған сайын газетпен бай­ланысым нығая түсті. Бірде га­зеттің басшысы Сейдахмет Бер­діқұлов ағамның өзі шақырып, үл­кен бетке көлемді әрі саяси пла­кат-сурет салдырып, жеке тап­сырма берді. Артынша ол ағамыз жауапты хатшы Серікке, сосын Жа­натқа «бұл бала әлі студент екен, қарны ашып жүрмесін, бы­лай сараңданбай, қаламақыны ба­са қойыңдар» деп тапсырма бер­ген көрінеді. Бастығы солай деп тұрған соң ағаларым аянсың ба, содан бастап айымыз оңынан туып, қалтамыз шытырлаған ақ­шаға толды. Соның арқасында ол жыл­дары тұрмыстан ешқандай тар­шылық көргеміз жоқ. Ауыл шаруашылығы мен Мал шаруа­шы­лығы дейтін институттарда оқи­тын кластастарым, жер­лес­те­рім «Стипендия алғанша қарыз­ға бере тұршы» деп менен жиі-жиі ақ­ша сұрайтын болды. Бірақ со­лардың алған ақшаларын қай­тар­ған кезі тағы есімде жоқ. 

«Бардан ауысады, балдан жұ­ғы­сады» дегендей, жүре келе мен де бірдеңелер жаза бастадым. Жаз­да каникулға ауылға кетерде Жа­нат ағам «Әй, бауырым, сен­дер­дің ауылдарың бұғы бағады де­седі ғой, сен газетке бір сурет­те­ме жазып ала келсеңші?» деп тап­­сырма беріп жіберген. Шамам кел­генше бірдеңе жазған болдым, ол жарқ етіп газетке шығып кетті. Соңынан суретшілер туралы ма­қа­лалар жазып, қолымды жат­тық­тыра бастадым. Кейінірек Орал­хан мен Сағат «Жұлдыз» жур­­­­­на­лына ауы­сып кеткен еді. «Лениншіл жас­тан» таныс ағаларым «маған марал ту­ралы жаз» деп журнал үшін тап­сырма берді. Сол тапсырмамен «Ма­ралдар маңып барады» деген кө­лемді очерк жазып шықтым. Ора­ғаң ол жазғанымды редак­ция­ла­мапты, ештеңесін өзгертпепті, тек очерктің ең соңына «әлде­қай­дан тарс етіп мылтық дауысы шық­ты» деген жалғыз сөйлемді қо­сып­т­ы. 

Жазу-сызуға келген алғашқы жо­лым осылай басталған еді!

– Алғаш жарық көрген шы­ғар­маңыз қандай еді? Ол жылдары кез кел­ген шығарма (туынды) әдеби сын­нан өтетін. Белгілі жазушылар ба­ғыт-бағдар беретін еді. Сурет­шілік­ті таңдаған жанның әдебиетке келуіне кім бетбұрыс жасады?

– Жетпісінші жылдардың ор­та­сында Алматыда жас жазушы­лар­дың республикалық кеңесі өте­­тінін естідім. Байқасам – ме­нің қаламгер достарым да, таныс­та­рым да ала шапқын, әлдебір ұлы-жің­гір оқиғаға дайындық үс­тін­де жүр. 

Сұрастырып білсем, кеңеске қа­тысу үшін көркем бір дүние жа­зып ұсыну керек екен. Ондай тәр­­­­тіпті естіп алдым да, мен де де­реу өзімше әңгіме жазып, ко­мис­сияға ұсына қойдым. Ұсын­ға­ным­мен, мен пақыр «штаттан тыс» сырттан кірген бөтен жан екем, секция жетекшісі Зейнолла Қабдоловтың кең пейілімен ғана қабылдандым. 

Секцияда алты-жеті жас қа­лам­­­гердің жазғандары талқыға са­лынды. Есімде қалғаны – бізден жа­сы біршама үлкен ағамыз Мар­хабат Байғұт пен Дидахмет Әшім­хан досымның әңгімелері мақ­тал­ды. Ең соңында, «штатта жоқ» мен қалдым. Бұрқыратып жазға­ным­ды сыдыртып оқып шықтым. Бөл­ме іші танадай тыныштық, бә­рі үнсіз. Тегі менің жазғаным мы­на жұртқа қатты ұнап, тілдері бай­ланып қалған шығар деген де ой келді. Не заматта Қалихан ағам ор­нынан тұрып, Зейноллаға қарап бір күрсініп алды да: «Зеке, бұл жі­г­іт менің інім еді. Суретшілер учи­­лищесінде оқиды. Рұқсат ет­сеңіз, байлам сөзді мен айтайын?» деді. Мен жүрегім лүпілдеп, ағам­нан бір мақтау сөз күтіп тұр едім:

«Әй, бауырым, басты қаты­ра­тын жазғыштар сенсіз де бізде ж­е­теді. Сен, әйда бар, әдебиетте ша­тағың болмасын, суретіңді сал да жайыңа жүре бер!» дегені. Арғы шет­тегі орындықта өзі сырықтай арық, біздің секцияның тағы бір мүшесі отырған, сол кісі отқа май құй­ғандай: «Қалеке, жөн сөз ай­тып тұрсыз, бұл жігіт бұл жерге әде­биетті қалпақпен қағып алайын деп келген сияқты?» – деп мұртын сипап өтті. 

Қаным басыма шапшып, енді жазу­шы атаулыны желкемнің шұң­қыры көрсін деп, қағаз-қала­мым­ды жинап есікке беттеп бара жа­тыр едім, Зейнолла ағам тоқтат­ты. «Сен суретші екенсің ғой? Ал сурет­шінің көзқарасы басқаша бо­лады. Қалихан өз ағаң болған соң айта береді. Сен ағаңның сө­зін көңіліңе ауыр алма! Тоқтамай да, тоқырамай да жаза бер, шыра­ғым!» – деді. 

Мен, осылайша, талан-тараж­ға түспей аман қалдым. 

Зейнолла ағамыз біліп айтып­ты. Жасында суретшіліктен алған білі­мің бәрібір өз ыңғайына қарай бұра береді екен. Дүниетанымың да, көзқарасың да сол ыңғайда қа­лыптасады екен. Әлі күнге адам­ның бетіне қарасам – жарық пен көлеңкенің қалай түсіп тұрғанын қы­зыға байқап тұрасың. «Шіркін, мына кісінің келбетінен портрет жа­зып жіберсе» деп ойша құл­шы­нып тұрасың. Әсіресе, күз ай­ла­рын­да орман-тоғайды аралағанда пей­зажға қатты қызығамын. Күз та­биғатына қарасаң көзің той­май­ды! Бояудың алуан түрін көресің, бір ғана сары бояудың өзі нешеме реңк­пен құлпырып кетеді! Сол көрі­ністерді суретші ретінде жан жү­регіммен сезінген мен таби­ғат­ты төгілтіп сөзбен жазуға да ма­шық­­танып алдым. Көре білген жан­­­­­ға табиғат палитрасы деген көр­­­кемдіктің көкесі, ертегідей ға­­­жап әлем ғой!

– Оралхан Бөкей «Біздің жақта қыс ұзақ» деп еді. Сіз «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» дейсіз. Өр Ал­тайдың биігі сұлу болғанымен, етегіндегі халықтың әлеуметтік мә­селесі азаймай тұрған секілді. Бұл шығармаңыз шыққанда аға­ларыңыз қандай баға берді?

– Сексенінші жылдардың соңы­на қарай Горбачевтың «қайта құру» дейтін лаңы басталғанын бі­лесіздер. Артынша ғасырлар бойы аңсаған егемендік тізгіні қол­ға тиіп, қазақ қоғамы со­циа­лизм­нен бірден капиталистік қа­тынастарға қарғып кетті. Содан біз­дің ағайын капитализм деген­нің жөні осы екен деп, нарық де­геннің жолы осы екен деп, бел ше­шіп, білек сыбанып жаппай же­ке­шелендіруге кірісті. Қысқа мер­зімдік жарыс басталды. Кол­хоз-совхоздар таратылды, қора то­лы қоғамдық малды ауылдас­тар­ға қыл үстінен бөліп, үлестіріп тас­тады. Ауылдастар мұндай бө­ліс­ті – көктен түскен тегін олжа­дай көріп, жаппай сойысқа кірісті. Қонақ шақыру, той-томалақ кө­бейді. Өзіміз де куәміз, бір қой екі бө­телке араққа «бартерге» айыр­бас­талып жатты. 

Сол жылдары Катонқарағай ау­данының әкімі Жәнімхан Құн­дыз­баев бірер қора қой мен жыл­қы­ны жасырып, алыс бір таудың қой­науына айдатып, сырт көзден жа­сырып қалыпты. Әкімнің сол қу­лығын жылға жеткізбей бір қа­зақ біліп қойып, үстінен домалақ арыз жазып жіберіпті. Оны естіген облыстың басшысы «үкіметтің сая­сатын түсінбеді, тапсырманы орын­дамады» деген сылтаумен Жәнім­ханды орнынан жұлып тас­тағанына біз де куәміз. 

Кейін Жәнімхан ағамнан сыр тар­тып, көп малды неғып өйтіп жа­сырып жүргенін сұрадым. Сон­да ол кісі басын бір шайқап алды да, баяғыдағы «жаппай жүгері егің­дер» деп ұрандатқан Хрущев­тің заманын мысалға келтірген. Сол сияқты «жекешелендіру» деп жалаулатқан бұл шу да бір күні ба­сылар, заман өзгерер деп үміт­те­ніпті Жәкең. Соның ақырын шы­дап күтіп, уақытша жасыра тұр­са, түбінде әлгі қоғамның ма­лын өкі­метке қайта қайтармақ бо­лып­ты. 

Мен «Өр Алтай» романында ел тарихының осы бір дүбәра кезең­де­гі алуан оқиғаны қамтуға ты­рыс­тым. 

– Осы оқиға сіздің роман жа­зуыңыз­ға себепкер болды ма?

– Егер романның жазылу жайын таратып айтсам, ол былай болды...

Қазақ елі Тәуелсіздік тізгіні қо­лына тиісімен Абайдың 150 жыл­дық тойына дайындыққа кірі­сіп кеткенін бүгінде біреу біледі, біреу білмейді. 

Тойға дейін әлі төрт жылдан ас­там уақыт бар-ды... 

Бұл тосын идея, алдын ала бұл дайын­дық – сол кездегі вице-пре­мьер Мырзатай Жолдасбеков аға­­мыздың бастамасы-тын. «Тәуел­сіз ел болған екенбіз, ендеше Қазақ­стан­ның да, қазақтың да атын жал­пақ Әлемге Абай арқылы та­нытуымыз керек» деп облыс бас­шы­лары мен министрлерге, шет­елдер­де жүрген дипломаттарымыз бен зиялы қауым алдына міндет­тер қойып тастағаны біздің де жа­дымызда.

Осы Абай тойына дайындық жө­ніндегі комиссияның бір оты­ры­сында мәдениеттанушы білім­дар ағамыз Мұрат Әуезовтің бір толғамы есімде қалыпты. Ол өз әке­сі Мұхтар Әуезовтің «Абай жо­лы» эпопеясына қалай кіріс­ке­ні туралы, оған не себеп болғанын сыр еткен. Сондағы ұққанымыз – бір кездегі қой үстінде бозторғай жұ­­­мыртқалаған, түрме деген бол­ма­ған қазақ сахарасының мәрт өмірі келмеске кетіп бара жатыр. Әсі­ресе, он жетінші жылғы төң­ке­ріс қазақ қоғамын танымастай өзгертіп жіберді. Халқымыздың ға­сырлар бойы қалыптасқан қа­рым-қатынасына ақау түсті, тір­ші­лігі бұзылды, тірлігі ұсақтап кет­ті. Сол заманның куәгерінің бі­рі Мұхтар Әуезовтің өзі еді. Әуе­зов төңкеріске дейінгі қазақ­тың өмір-тіршілігін көркем тіл­мен кейінгі ұрпаққа жеткізбек ниет­те болды.

Мұрат ағамның айтқан осы сө­зі мені үлкен толғанысқа қал­дыр­ған... Тоқсаныншы жылдар­дың басы ғой, жазда жайраң қа­ғып ауылға барамыз. Туған ауы­­­­лы­мыз­ды біз баяғыдай көріп жүрсек, бұ­лар­дың мінездерінде үлкен өз­ге­ріс­ пайда болыпты. Доп қуалап бір­ге өскен достардың бұрын­ғы­дай арсалаңдап бізді қарсы алуы жоқ, әркім күйбеңдеп өз шаруа­сы­нан қолдары босамай жүрген­дері. Былайша айтқанда, «әркім өз күлшесіне күл тартқан заманға» тап болыппыз. Мен үшін осы то­сын, жат көрініс Мұрат ағамыздың «Абай жолының» қалай жазыл­ға­ны туралы әлгі әңгімесін еске т­ү­сір­­ген. Болмасаң да ұқсап бақ де­ген ғой, ендеше «бір кездегі аң­­­­­­қыл­­д­а­ған ауылдастарымның жай­машуақ тір­лігін мен неге жаз­бас­қа» деген ой келген. Роман идеясы солай туды. Осы­лайша, «Өр Ал­тай, мен қай­тейін биігіңді» де­ген атпен нарық­қа кіріп жатқан ауыл тірлі­гін бей­­нелеген роман же­ке кітап бо­лып «Білім» баспа­сы­нан көп тара­лыммен жарыққа шық­ты. Содан бері бұл роман қа­зақ тілінде он мәр­те, орыс тілін­де үш рет, со­сын ағыл­шын тілінде басылыпты.

– «Жазушының кейіпкері – өмір­дің өзі, яғни қаламгердің өз өмі­рінен алынады» дейді. Сіздің кейіп­керіңіз кім? Қоғамда бар адам­дар ма?

– Жасымызда жата-жастанып, Паус­товскийді оқыдық. Бұл жазу­шы­ның өмір шындығын сол қал­пын­да, сазды музыкадай сызыл­тып көркем сөзге түсірген асқан ше­берлігін үлгі тұттық. Мөлдіретіп та­биғатты суреттеуді жеркезбе гео­лог Григорий Федосеевтің жаз­баларынан үйрендік. Кейін рухы өзі­мізге жақын Виктор Астафьевті ұс­таз санадық. Сол Виктор Пет­ро­­вич­тің ертеде теледидар экра­ны­­нан бір айтқаны мәңгі есімде қа­лып­ты... Үй салу үшін алдымен оның төрт жағына төрт діңгек ор­натады. Көркем проза да солай, ол жазушы қалаған үй секілді. Сол үйдегі төрт діңгектің екеуін ойдан шы­ғарсаң да, екеуін... тым бол­ма­ғанда біреуін тіреу етіп қалдыруға тиіс­сің. Егер өйтпей, өзіңше бәрін ой­дан шығарсаң – ол жазғаның еш­кім сенбейтін, ешкімді илан­ды­ра алмайтын, өмірдің шын­ды­ғы­­нан алшақ ертегі немесе фан­тас­тика болып шығады. Сон­дықтан прозада жазушы қара жерден ал­шақтамауға, одан кіндігін үзіп ал­мауға тиіс дегендей ой өрбіткен. 

Астафьев айтқан осы қағи­дат­ты мен мықтап ойымда сақтап қа­­­лыппын. Содан да шығар, «Өр Алтайда» ойдан шығарылған кейіп­кер жоқ. Бәрі де жасымнан естіген әңгімелердің желісімен, ауыл тұрмысының рухында, кейін өзім көрген, араласқан аға­ларым­ды еске ала отырып, үзіп-жұлып жа­зып шыққан дүние. Орыс әде­бие­тінде мұндай жанрды «повес­тво­вание в рассказах» деп жатады. Мен бұл романда «ағаларым оқып қа­лып, бәле салып жүрер» деген қауіп­пен көпшілік кейіпкерлердің аты-жөндерін өзгертіп алғаным рас. Қауіп келмес деген кейбірінің ға­на аттарын өзгертпей, іс-әре­кет­терін сол қалпында жасырмай қа­ғазға түсіргем. Соған бай­ла­ныс­ты кейін бір қызық жағдай бол­ған... Кезінде ел басқарған, тәуір қыз­меттер атқарған, сөйтіп қар­тайып зейнетке шыққан бір аға­мыз әлдебір жазда ауылға барғанда том­паңдап маған реніш білдіргені бар. «Өзекті жанға бір өлім, біз де мәң­гі емеспіз, сен неге әлгі кіта­бың­да менің атымды тура жаза сал­мадың? Тым болмаса атым тас­қа басылып қалар еді ғой!» деп базына айтсын... Қайтеміз, аға­ның ренішін мойындап, басы­мыз­ды атша шұлғып, үнсіз көтеріп ал­дық. 

Негізі, мен жазған «Социализм хи­каялары», «Әйел парасаты» сияқ­ты әңгімелер циклдарының бә­рінде деректік сипат бар. «Сен осыны жазшы» деп әр жылдары Ақ­селеу Сейдімбек, Мұхтар Құл-Мұ­хаммед, Ілия Жақанов, Қы­рымбек Көшербаев, Талғат Ма­ма­шев, Мақсұт Темірбаевтар әң­­­­гіме-повестердің жалпы сұлба­сы мен сюжеттерін айтып берген. Сондықтан бір нәрсенің басы ашық: менің жазған азын-аулақ дү­ниелерімде саусақты сорып, бас­ты қатырып бақайға қарап, шы­ли ойдан құрастырылған шы­ғарма жоқ! 

­– «Тәуелсіз заманда жазушылар шығармаларын қайта жазса, мүл­дем басқа болар еді» деген пікірлер де арагідік айтылып қалады. Деген­мен 18-19 ғасырда жазылған әлем әде­биетінің классикалары әлі күнге оқыр­манның сұранысына ие. Әде­биет­ті қайта жазу қажеттілік деп санайсыз ба? Мәселен, сіз қайта жа­зар ма едіңіз?

– Адамзаттың даму қоғамын ойша саралап көрсеңіз, ком­му­нис­тер билігінің заманындай қауіп­ті заман да, қоғам да болма­ған сияқты. Әсіресе, сталиндік то­­­талитарлық зар заманды айтам. Тіп­ті сонау орта ғасырдағы алаңға шығарып адам өртеген инкви­зи­тор­лар да ондай сорақы болмаған шы­ғар. Амал бар ма, егер ашық де­мократиялы елде өмір сүрген бол­са, Мұхтар Әуезов «Абай жо­лын» басқашалау жазуы әбден мүм­кін еді ғой! Шәкәрімді тұм­ша­ламай-ақ ашық жазып, мақ­та­ныш­­пен халқына атын жаяр еді. Он­сыз да қарауылдың ұшына ілініп тұрған ұлы жазушымыз жан-жағына жалтақтап, қысы­лып-қымтырылып, ертеңгі таң­ның атуынан үмітін үзбей, ұдайы алаң­даумен жазды. Олай етпесе, ол заманның билігі Әуезов деген­нің атын қазақтың санасынан өші­рер еді, ол жазған романды оқы­мақ түгілі, естімес те едік.

Шүкір, ол заман бүгінде кел­мес­ке кетті... Қазір қаламгер атау­лы еркіндікте, қалай жазам десе де жолы ашық. Батыс-шығыс әде­биетінің озық үлгілері қо­лын­да. Шет тілдерін білетін бір қауым қа­зақ жастары да өсіп келеді. Сол жас­тардың кейбірі көркем дүние­сін мақаланың қара тілімен жаза­тын­дары ғана қынжылтады. 

Бір азаматқа осы тілге байла­ныс­ты сын айтып едім, «бұл за­ман­­да ең бірінші терең ой айту ке­рек, қазақ тілі – екінші планда. Ме­нің әңгімем шет тіліне ауда­рыл­ғанда жайнап салады» дегені бар. Ол жігіт қазақтың үйін сал­ған­­да кірпішіне қарамайтынын сез­дірді. Оның үйіне шеттен ке­ліп, біреулер кіріп жатса, өздері өз ыңғайларына қарай жөндеп алар де­гендей ой қалдырды.

– Әдебиет қоғамды өзгерте ала ма, әлде?

– Әдебиеттің қоғамды өзгерт­кен алтын замандары өтіп кеткен сияқ­ты. Қазір бәрінің қолында смарт­фон, үйде теледидар... Бү­гін­­гі қоғамдық сананы өзгертіп жат­қандар, міне, осылар шығар де­ген ойдамын. Алайда мені жас­тардың әлеуметтік желіге сон­ша­лық­ты үйірсек болып кеткендері алаң­датады. Балалардың далаға шығып ойнауы да, табиғатты қы­зықтап серуендеуі де азайып кетті. Қашан көрсең телефонға жа­бы­сып, шұқшиып отырғандары. Әлеу­меттік желі бүгінгі заманның ұлы жаңалығының бірі, өмірдегі игі­ліктің бір көзі екенін мойын­дай­мыз. Одан іздеген ақпаратың­ды табатының тағы рас. Бірақ ға­­­­лымдар оның адамға тереңдеп бі­лім бере алмайтынын жалықпай ай­тып жүр. «Абай жолы» секілді төрт томдық кітапты телефоннан оқып шығу мүмкін емес қой! Оқиын десең, ақыры соқыр боп шы­ғасың. Сондықтан игіліктің бә­рін ретімен, жөнімен пайда­лан­ған дұрыс. Кітаптың орны бөлек ек­е­нін жастарға уағыздаумен жүр­ген кісінің бірі мына менмін. 

– «Тауды ерекше жақсы кө­рем» дейсіз. Суретшіліктен бөлек, аль­пинизм­мен айналысқыңыз келмеді ме?

– Тау десе елеңдеп, басына шық­­­қым келіп тұратын әдетім бар ме­нің. Анау жылдары Ша­бан­­бай­дың төрінде Әлібек Қаң­тарбаев пен Ерен Жұмағұлов, со­сын жазу­шы Қайырды На­зыр­­баев төртеуі­міз жер аралап жүр­геміз. Бір биік­те тізгін тежеп, мен қарсыдағы қар­­лы шың­дар­ды қызықтап, су­рет­­ке түсіріп, топ­тан біршама уа­­қыт қалып қойып­пын. Олар бір сай­да мені тыпыршып, тағатсыз күтіп тұр екен. Қаңтарбаев көкем маған тесіле қарап, таңдана басын шай­­қады да: «Тау десе, осы сен­де айық­пас дерт бар шығар?» деп шырт түкіріп, түңіліп кет­кен. 

Әлекеңнің ол түңілісінде шын­­­­­­дықтың бары рас еді. Мұз­тау­ға да шықтық, өзге де шың жо­та­лар­дың біразын шама жеткенше ара­­ладық. Эвересті тұңғыш ба­ғын­­дырған шерп Норей Тенциг­тен бастап, өзіміздің Қазбек Ис­ма­­гилов, Анатолий Букреевке дейінгі көптеген альпинистің жаз­баларын оқыдық. Содан ба, альпинист болмағаныма кейде өкінетінім де бар. Бергі Алтайда мен бармаған тау, мен баспаған сай жоқ шығар деп ойлайтын­мын. Сөйтсем, Ресей, Қытай, Моң­ғолия шекараларының түйі­сінде бір ғажайып жердің ба­рын естіп, алдыңғы жылы салт аттармен соны көктей жү­ріп өттік. Нәтижесінде, «Саңғал тау­лар, саумал белдер, сағал жондар» атты кітап шығардым. Былтыр жайлауда балық өрлеген шаманы арнайы күтіп жүріп, маусымның басында Шәңген көліне бардық. Шәңгенге жал­ғыз-ақ өзен құяды екен. Сол өзен­ге үлкен көлдің мил­лион­да­ған балығы уылдырық шашуға шы­ғады. Білетіндер «бұл ға­жайып процесс бір апта, әрі кет­се он күнге ғана созылып, со­сын балықтар көлге қайтып ке­теді» десті. Кішкентай өзенде қарақұрым балықтың өрлеп бара жатқанын қызықтау да бір ға­нибет, мәңгі есте қалатын кө­рі­ніс болды. Соңынан бұдан мың­даған жыл бұрын жанартау ат­қылаған «Коронная» дейтін шыңға шықтық. Сол сапардың әсерінен тағы бір табиғат туралы кітап жазам деп жобалап едім, тау биігінен етекке түскен кезде сол көзіме қан құйылып кетті. Со­дан ала жаз, қоңыр күз бойы көз­ді емдетіп, Астанада байла­нып шыға алмай қалдық. Осы сапар маған баяғы бозбала ша­ғым емес екенін, шошаңдап тау­ға шыға беру бұл жасымда қауіп екенін ескерткендей бол­ды. Осы соңғы Алтай сапары ту­ралы біраз қажет мате­риал­дар­ды, тарихи шегіністер мен тұ­жырымдарды жинақтап қой­дым. Қазір жобада бәрі әзір, өзім де толғанып бәріне дайын­мын. Ендігісі – алдағы жос­пар­лы іс-шаралар бір ретке түскен соң, бұрқыратып жазу ғана қал­ды. 

Әңгімелескен 

Гүлзина БЕКТАС

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 08:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

02 Наурыз 2026 13:30see115

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

02 Наурыз 2026 13:20see114

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

02 Наурыз 2026 12:07see114

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

02 Наурыз 2026 14:33see113

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

02 Наурыз 2026 14:34see112

Ормуз бұғазындағы шиеленіс: мұнай бағасы барреліне 150 долларға баруы мүмкін

03 Наурыз 2026 08:23see111

Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей текжейлі картасы әзірленеді

03 Наурыз 2026 13:25see110

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

02 Наурыз 2026 16:02see110

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

02 Наурыз 2026 15:50see110

Жәрмеңке жұртқа жәрдем бе?

03 Наурыз 2026 05:39see109

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

02 Наурыз 2026 13:22see109

Биыл Атырауда құм көшкініне қарсы сексеуіл мен жыңғыл егілмейді

02 Наурыз 2026 19:42see109

Иранның рухани көсемі Хаменеидің әйелі қайтыс болды

03 Наурыз 2026 00:39see109

СҚО да 50 пайыз үстемеақы үшін кәсіпкерлер жауапқа тартылды

03 Наурыз 2026 16:41see109

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

02 Наурыз 2026 14:22see108

АМӨЗ жұмысы тоқтатылуы мүмкін: Экология департаменті зауытты сотқа берді

03 Наурыз 2026 18:56see107

Жол көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық

03 Наурыз 2026 14:17see107

Азия даму банкінің қаржысына Сарыағашты айналып өтетін жол салынады

02 Наурыз 2026 18:50see105

Алаяқтардың жаңа айласы: ЭЦҚ арқылы жасалатын заңсыз схемалар

02 Наурыз 2026 15:07see105

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады

02 Наурыз 2026 14:29see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары