Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматы әлемдік туризм назарына ілікті

Алматы әлемдік туризм назарына ілікті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қала әкімдігінің мәліметінше, басылым Алматының табиғи сұлулығы мен заманауи туристік мүмкіндіктеріне тоқталған. Онда қаланың Іле Алатауының баурайында орналасуы, дамыған инфрақұрылымы, мәдени мұрасы, гастрономиялық ерекшелігі мен белсенді туризмге қолайлы ортасы айрықша атап өтілген. 

Алматыға келушілер санының жыл сайын артуы қаланың туристік әлеуетінің күшейіп, халықаралық деңгейде сұранысқа ие бағыттардың біріне айналып келе жатқанын аңғартады. Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылы қалаға 2,49 млн турист келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға көп. Оның ішінде 754 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,9%-ға өскен. Ал ішкі туристер саны 1,7 млн адамға жетіп, нәтижесінде 4,8%-ға жоғары көрсеткішке жеткен.

Туризм сарапшысы Жансая Ғаниқызы әлемдік БАҚ-тың Алматыға назар аударуы мегаполистің туристік бренд ретінде қалыптасып келе жатқанын айғақтайтын маңызды көрсеткіш екенін негізге алды. Оның сөзінше, Алматының Орталық Азия­дағы басты артықшылығы – табиғи және урбанистік ресурстардың бірегей үйлесімі. 

– Қазір халықаралық туристер эмоция мен ерекше тәжірибе іздейді. Алматы дәл осы сұранысқа жауап береді деп ойлаймын. Мұнда бірнеше сағаттың ішінде қаланың қарбалас тіршілігінен ұлттық парктерге, тау көлдеріне немесе тау шаңғысы курорттарына жетуге болады. Сонымен қатар Алматы – Орталық Азияға келетін туристер үшін ыңғайлы көлік хабы. Сол үшін де қаланың бәсекелестік артықшылығы тек табиғатында емес, туриске кешенді әрі сапалы саяхат тәжірибесін ұсына алуында жатыр, – деді сарапшы.

 Туризмнің түлеуі қала экономикасына да оң әсерін тигізіп отыр. Былтыр туризм саласынан бюджетке түскен салық көлемі 84 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 27,2%-ға артқан. Бұл өсім қоғамдық тамақтану, спорт және ойын-сауық, сондай-ақ уақытша орналастыру қызметтері есебінен қалыптасқан. Ал туристік қызметтердің жалпы көлемі 110,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға көбейді. Сарапшылар Алматы қаласының мұндай артықшылықтарын толық пайда­лану үшін туристік өнімді әртараптандыру қажет екенін айтады. 

 – Алматы – тау туризмімен ғана емес, гастрономиялық, мәдени, іскерлік, медициналық және оқиғалық туризм бағыттары арқылы да танылуға тиіс. Бұл туристердің қалада болу ұзақтығын арттырады әрі туризмнен түсетін экономикалық тиімділікті көбейтеді. Екінші маңызды бағыт – сервистің сапасын халықаралық деңгейге көтеру. Туризмде бәсекелестік ең алдымен қызмет көрсету мәдениетімен өлшенеді. Сондықтан кадр даярлау, көптілді сервис, цифрлық шешімдер мен турис­терге арналған бірыңғай ақпараттық жүйелерді дамыту аса маңызды. Сондай-ақ Алматыны жеке бағыт ретінде емес, бүкіл Алматы өңірінің туристік экожүйе­сінің орталығы ретінде ілгерілету қажет. Қаланы Шарын шатқалы, Көлсай көл­дері, Қайыңды көлі, Іле Алатауы ұлттық паркі сияқты табиғи нысандармен біртұтас маршруттарға біріктіру халық­аралық нарықтағы тартымдылықты арттырады, – деді Жансая Ғаниқызы.

 Сарапшының сөзінше, Алматының халықаралық туризм нарығындағы позициясы алдағы жылдары айтарлықтай күшейе түспек. Бұған әлемнің әр түкпіріндегі саяхатшылардың табиғаты ерекше әрі өзіндік мәдени ерекшелігі бар бағыттарға қызығушылық танытуы ықпал ете алады.

 – Қазіргі әлемдік туристік үрдістер табиғи ландшафттары, қауіпсіздігі, мәдени ерекшелігі мен тұрақты туризм қағидаттарын ұстанатын бағыттарға сұраныстың өсіп жатқанын көрсетеді. Алматы осы талаптың барлығына сәй­кес келеді. Егер халықаралық әуе қа­ты­­настары кеңейіп, туристік инфра­құрылымға инвестициялар жалғасса және қаланың туристік бренді жүйелі түрде халықаралық деңгейде насихат­талса, Алматы Орталық Азиядағы жетекші туристік дестинациялардың біріне айналады. Ең бастысы, саннан бұрын сапаға мән беру керек. Турист үшін есте қалатын әсер, жоғары сервис және қауіпсіз орта қалыптастыра алсақ, Алматының жаһандық туризм карта­сындағы орны одан әрі нығая түсетіні анық, – деді туризм сарапшысы Ж.Ғаниқызы.

 Осыған дейін CNN Travel Алматыны 2025 жылы баруға тұрарлық 25 бағыттың қатарына қосып, қаланы Орталық Азияның жаңа «стиль астанасы» деп атаған еді. Бұл беделді тізімде Алматы Жапония, Аргентина, Германия, Польша секілді туристік әлеуеті жоғары елдердің қалаларымен қатар аталған. Онымен қоса, әйгілі Bloomberg басылымы Алматы шаһарын 2026 жылы әлемде саяхаттауға ұсынылған ТОП-25 бағыттың қатарына енгізген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 03:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары