Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады

Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасында өткен төмендегідей оқиға қазір медициналық қауымдастықтың үлкен талқысына түскен еді. Биыл мегаполисте аневризманың жарылуымен қатар инсульттан кейін комаға түскен 67 жастағы науқасқа үш бірдей күрделі отаны қатарынан жасаған еді. Содан кейін төрт айдан соң ол ақ халатты абзал жандарға алғыс айту үшін ауруханаға өзі келді, деп жазады Egemen.kz.

Көрер жарығы бар пациент стационарға аса ауыр халде, ес-түссіз жағдайда жеткізілген. Комада жатқан әйелдің денесінің сол жақ бөлігі жансызданып, қимылсыздығы, айқын афазия мен ми құрылымдарының зақымдану белгілері байқалған. Инсульт орталығының сараптамаларының нәтижесіндн субарахноидалдық-паренхиматоздық қан құйылуы анықталады, Бұл – инсульттің ең қауіпті түрінің бірі. Мұндай жағдайда жүрек қарыншаларына қан кетіп, ми ісігі күрт ұлғаяды.
Мұндай оқиғалардың басым бөлігі науқас тіпті ауруханаға жетпей жатып, қайғылы аяқталады. Алайда бұл жолы әр минут шешуші рөл атқарған. Пациентті мультидисциплинарлық топ-невролог, реаниматолог, нейрохирургтер мен анестезиолог мамандар бірлесіп қабылдады. КТ-дан бастап ангиографияға дейінгі әрбір тексеру кезеңі бөлім меңгерушілері мен №4 ҚКА инсульт орталығы басшылығының қатысуымен өткен консилиумда талқыланып отырды.

Күрделі операция жасау туралы шешім шұғыл қабылданып, емдеу әдісі кідіріссіз құрылып, тар бейінді мамандар толық жұмылдырылды. Дәрігерлер пациенттің өмірі үшін күресте бірінен соң бірі үш ота жасады.

«Ми құрылымдарының қысылу қаупі аса жоғары болғанын ескере отырып, пациентке үш отаны қатарынан жасау қажет болды. Біріншісі – жарылған аневризманы эндоваскулярлық эмболизациялау. Бұл – қанды тоқтатып, қайта жарылудың алдын алуға мүмкіндік беретін зақымы аз нейрохирургиялық әдіс. Екіншісі – сыртқы қарыншалық дренаж орнату. Оның мақсаты – басішілік қысымды төмендетіп, ми жұлыны сұйықтығының айналымын тұрақтандыру. Үшіншісі – ми ішіндегі гематоманы алып тастайтын декомпрессиялық ота. Бұл аса дәл микроскопиялық техниканы қажет ететін көлемді нейрохирургиялық араласу», дейді Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана нейрохирургы Алдонгар Айсаутов.

Кейін пациентке ұзақ уақыт жасанды тыныс алдыру қажет болғандықтан, трахеостомия жасалып, бұл тыныс алуды қауіпсіз жүргізуге және асқынудың алдын алуға мүмкіндік берген. Пациент жансақтау бөлімінде бірнеше күн жатты. Осы уақытта мамандар тобы мониторинг жүргізіп, қарқынды ем-дом қолданып, басішілік қысымды бақылау, нейропротективтік шаралар, тыныс алу, гемодинамиканы тұрақтандыру, су-электролит тепе-теңдігін түзету жұмыстарын жүргізіп отырған. Осыжан кейін біртіндеп науқастың жағдайы дұрыстала бастағаны, көрсеткіштері жақсарып, ісіну азайғаны байқалады. Көп ұзамай науқас тілге келіп, аяқ-қолына жан біте бастайды.

Өміріне төнген қауіп сейілгеннен кейін науқас бейінді нейрохирургия бөліміне ауыстырылады. Үй жағдайындағы оңалту да жақсы нәтиже берді. Бұл кинезиотерапия, логопедиялық жұмыс, нейрондық байланыстарды қалпына келтіруден тұратын ұзақ әрі жүйелі еңбек болатын.

Төрт ай өткен соң дәрігерлердің өзі бұны «дұрыс таңдалған тактиканың сирек кездесетін, шабыт сыйлайтын дәлелі» деп атады.

Осылайша бір күні №4 ҚКА нейрохирургия бөлімінің ординаторлар бөлмесіне сөзі, жүріс-тұрысы толық қалпына келген – Валентина Дорофеева кіріп келеді.

«Мен осы ауруханаға, өзімді емдеген дәрігерлеріме, барша медицина қызметкеріне шын жүректен ризамын. Мұнда тек хирургтер ғана емес, адамның өмірі сынға түскен сәтте әрқайсы өз рөлін білетін тұтас команда жұмыс істейді», дейді Валентина Михайловна.

Бұл оқиға – миға қатысты ауыр зақымданулар кезінде уақтылы әрі тиімді көрсетілген мамандандырылған медициналық көмектің айқын үлгісі. Пациентті жүргізу үдерісі №4 ҚКА мультидисциплинарлық тобы тарапынан ҚР ДСМ қолданыстағы клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Биыл соңғы 10 айда нейрохирург мамандар №4 қалалық клиникалық аурухананың стационарына инсультпен түскен 794 пациент мен жедел ми қан айналымының бұзылуы диагнозы қойылған пациенттерге шамамен 300 ота жасаған.
АЛМАТЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары