Қазақстан дәрігерлері өзбекстандық науқастарға 17 күрделі ота жасады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. А.Н.Сызғанов атындағы орталықтың тәжірибелі хирургтер өзбекстандық науқастарға 17 күрделі ота жасады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бес мамандандырылған бригадасынан құралған топ Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері аясында тәжірибе алмасу үшін Ташкент қаласына аттанды.
Орталықтың жетекші хирургтары 17 күрделі отаны сәтті өткізіп, өзбек әріптестеріне арналған бірқатар мастер-класс өткізді.
Сондай-ақ Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен В.Вахидов атындағы республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық хирургия орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат тараптардың бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға, мамандармен алмасуға және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.


