Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Алматыда халықаралық абайтанушылар симпозиумы өтті

Алматыда халықаралық абайтанушылар симпозиумы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Абай университетінде «Қайым Мұхамедханов – 110 жыл: Ұлт руханияты, ғылым және абайтану мәселелері» атты халықаралық симпозиум өтті. Симпозиум аясында «Қайым Мұхамедханов атындағы абайтану дәрісханасының» тұсауы салтанатты түрде кесіліп, қатарынан бірнеше кітаптың таныстырылымы болды. Республикалық деңгейдегі бұл жолғы алқалы жиын ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, абайтанушы, текстолог Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасын жаңаша пайымдауға арналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дәрісхананың тұсауын Академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Филология факультетінің деканы Алуа Таңжарықова, профессор Фаузия Шамсияқызы және әдебиеттанушы Балтабай Әбдіғазин кесті. Симпозиумға Қайым Мұхамедхановтың ұлы Дегдар Қайымұлы мен қызы Дина Қайымқызы да арнайы қатысып, әке мұрасына көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова өз сөзінде Қайым Мұхамедхановтың бар ғұмырын алаштану мен абайтануға арнағанын атап өтті. «Қуғын-сүргінге ұшыраса да тағдыр сынына мойымаған тұлғаның елге адал қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі» деді ол. Сонымен қатар, Қайым Мұхамедханов атындағы абайтану дәрісханасының ашылуы әдебиеттанушылар мен педагогтарды даярлайтын қара шаңырақ үшін тарихи мұра және Абай құндылықтарын дәріптеуге берік негіз болатынын жеткізді.

Симпозиумда құттықтау сөз сөйлеген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, академик Кенжехан Матыжанов Қайым Мұхамедхановтың ғылыми батылдығы мен абайтанудағы ерекше еңбегіне тоқталды.

– Қайым Мұхамедхановтың жетекшілігімен 30-дан аса диссертация қорғалды. Бүгінде Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Бұл – қазақ әдебиетіндегі бірегей ғылыми мектеп, ұлт мақтанышы. Осындай жанкешті еңбегі үшін ол 1951 жылы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Соған қарамастан, ғұмыр бойы Абай сөзінің түпнұсқасын сақтаумен айналысты, текстологиялық талдау жасап, ғылыми түсініктемелер жазды. Бүгінгі жастар еркін заманда өмір сүріп жатыр. Конституцияның ең басты құндылығы – адамның еркіндігі. Ал осы еркіндікті Қайым Мұхамедханов сынды тұлғалар ғұмыр бойы армандады. Сіздер бақыттысыздар, – деді академик.

Сонымен қатар жиында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Рымғалиұлы және Түркия Республикасы консулдығының білім жөніндегі атташесі, профессор Шүкір Көше құттықтап сөз сөйледі. Олар да Қайым Мұхамедхановтың еңбегін жоғары бағалап, симпозиум жұмысы мен абайтануға арналған дәрісхананың ашылуы қазақ ғылымы мен мәдениеті үшін тарихи қадам екенін айтты.

Халықаралық симпозиум офлайн және онлайн форматта өтіп, онда баяндама жасаған белгілі ғалымдар қазіргі абайтану ғылымы мен Қ.Мұхамедхановты байланыстыра тың идеяларын ортаға салды. Шара барысында Қайым Мұхамедхановтың еңбектері мен ғалымға арналған бірнеше ғылыми басылымның тұсауы кесілді. Кітаптарды Қайым Мұхамедханұлы атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры, ғалымның қызы Дина Қайымқызы университет қорына сыйға тартты. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары