Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Алматыда сақ дәуіріне жататын бірегей алтын әшекей табылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

2026 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі Наурызбай ауданының аумағында орналасқан Қарағайлы қорымындағы ерте темір дәуірінің сақ кезеңіне жататын обада шұғыл археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында бірегей алтын бұйым мен көптеген адам сүйегі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Обаның диаметрі 25-26 метр, биіктігі шамамен 2,5 метр. Қорымды зерттеу нәтижелеріне негізделген алдын ала мерзімдеу бойынша ескерткіш сақ дәуіріне, яғни біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларға жатады. Қорған ежелгі заманда-ақ тоналған. Тонаушылар қазған шұңқырдың көлемі – 3 метр.

Қазба жұмыстары барысында археологтер көптеген адам сүйегін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, обада төрт ересек адам мен үш бала жерленген болуы мүмкін. Алайда жерленген адамдардың нақты саны әзірге анықталған жоқ.

Адам сүйектерінен бөлек, сақ дәуіріне тән қыш ыдыстардың сынықтары табылды. Тонау салдарынан археологиялық жәдігерлердің басым бөлігі ретсіз шашылып қалған.

Табылған олжалардың ішінде ерекше құндысы – аю бейнесінде құйылған шағын алтын мүсінше. Ғалымдардың болжамынша, бұл бұйым баскиімді әшекейлеуге арналған. Алтын әшекейдегі арнайы тесіктер оның баскиімге тігіліп бекітілгенін аңғартады.

Мұндай бұйымдар сақ дәуіріндегі киім үлгілеріне тән. Осыған ұқсас жәдігерлер басқа археологиялық ескерткіштерден де белгілі. Атап айтқанда, «Алтын адамның» баскиімінен арқар бейнесіндегі алтын әшекей табылған. Ал 2014 жылы Көкқайнар қорымынан баскиімнің сәндік элементі болған барыс мүсіншесі анықталған.

«Қарағайлы қорымындағы зерттеу жұмыстары жалғасуда. Жерлеу рәсімінің ерекшеліктерін нақтылау және жерленген адамдардың санын анықтау мақсатында қосымша ғылыми талдаулар жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға антрополог мамандар да тартылады. Бір обадан адам сүйектерінің әдеттен тыс көп табылуы ерекше қызығушылық тудырып отыр. Өйткені мұндай жерлеу орындары Қазақстан аумағында сирек кездеседі. Әдетте осындай көлемдегі обаларға бір немесе екі адам жерленген», – дейді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-нің аға ғылыми қызметкері Марат Мұғалұлы Нұрпейісов.

«Аю бейнесіндегі алтын мүсінше – Қазақстан үшін бірегей жәдігер. Бұған дейін елімізде мұндай олжа кездеспеген. Бұл жаңалық Қара теңіз маңынан Алтайға дейінгі бүкіл Еуразия кеңістігіндегі мәдени байланыс пен ұқсастықты зерттеуге мүмкіндік береді», – дейді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықова.

Археологиялық зерттеулер толық аяқталып, табылған материалдарға қажетті ғылыми өңдеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін аса құнды жәдігерлерді Алматы музейінің экспозициясына енгізіп, көпшілік назарына ұсыну жоспарланып отыр.

2022 жылы Алматы қаласы музейлер бірлестігі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге арнайы лицензия алып, қала аумағында дербес ғылыми-зерттеу қызметін бастады. Сол жылы Алатау ауданының аумағындағы ерте темір дәуіріне жататын обадан біздің заманымызға дейінгі V-II ғасырларға тән сақ жауынгерінің тоналмаған жерлеу орны табылды. Қазба барысында алтынмен безендірілген қылыштың бөліктері, аң стилінде жасалған алтын әшекейлер, күміс бұйымдар мен адам сүйектері анықталды. 2024 жылы Алатау ауданындағы обалардың бірін зерттеу кезінде адам сүйектерінің бөліктері, қоладан жасалған бекіткіш элементтер мен шегелер табылды.

Сонымен қатар «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінің аумағында Италия және Франция мамандарының қатысуымен геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Заманауи ғылыми әдістерді қолдану арқылы археологиялық ескерткіштердің жер астындағы құрылымын зерттеуге мүмкіндік туды.

2025 жылы ерте темір дәуіріне жататын обалардың бірінен ежелгі тонаушылар қазған жерасты жолы анықталды. Осыдан кейін мамандар ескерткіштің құрылымдық ерекшеліктерін, бүліну сипатын және сақталу деңгейін жан-жақты зерттеді.

Осылайша, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің археологиялық қызметі тек қазба жұмыстарын жүргізумен шектелмейді. Ол археологиялық ескерткіштерді кешенді зерттеуге және сақтауға бағытталған заманауи ғылыми әдістерді қолдануды да қамтиды. Бүгінде бірлестік жойылып кету қаупі төніп тұрған археологиялық нысандарды зерттеуді жалғастырып, қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және жаңа ғылыми деректерді ғылыми айналымға енгізуге үлес қосып келеді.

Әрбір археологиялық олжа – өткен тарихымыздың жаңа бір айғағы. Мұндай құнды жәдігерлер қаламыздың тарихын тереңірек танып-білуге және тарихи мұрамызды келер ұрпаққа сақтап жеткізуге мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары