Алматыда жабайы саудаға байланысты 36 млн теңге айыппұл салынды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
— «Жабайы сауда» бойынша күнделікті жұмыс жүргізіліп келеді. Осы жылдың ішінде 5 мыңнан аса әкімшілік хаттама толтырылып, 36 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар заңсыз сауда жасап жүрген адамдар заңды жұмысқа ниет білдірсе, оларды қолдау ретінде қаланың басқа сауда орындарына жеңілдетілген орындар беріледі, — деді ол.
Сонымен қатар Ерлан Омаров әр ауданда заңсыз сауда дүңгіршіктері мен ойын автоматтарын анықтайтын жұмыс топтары құрылғанын атап өтті.
— Жыл басынан бері 1 мыңға жуық заңсыз сауда дүңгіршіктері және сауда-ойын автоматтары анықталды. Оның ішінде 460 дүңгіршек бұзылып, 330 ойын автоматы алынды. 200-ге жуық дүңгіршек бойынша өз еркімен бұзуға ескерту хаттары берілді. Оларды электр желілерін үзу жұмыстары жүріп жатыр, — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін «Барахолка» бойындағы жабайы саудаға бақылау күшейтілгенін жазғанбыз.


