Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Алматыда Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институтында» (ЯФИ) болып, негізгі қондырғылар мен өнді­ріс­тік алаңдардың жұмы­сы­мен танысты.

Институт жаңа буын ядро­лық реакторларын және тер­моядролық қондырғыларға арналған материалдарды сынаумен айналысады, ядролық технологияларды өнеркәсіпте, ғылыми зерттеулерде, медицинада, соның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу үшін өмірлік маңызы бар радиофармпрепараттар өндірісінде қолданады.

Бүгінде ЯФИ базасында 11 базалық эксперименттік қон­дырғы, соның ішінде ССР-Қ зерттеу реакторы, сынақ стенді, радиоактивті қалдықтар мен иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері­нің қоймалары, сондай-ақ зарядталған бөлшектердің 6 үдеткіш кешені жұмыс істейді. ССР-Қ зерттеу реакторы мен Cyclone-30 циклотронының базасында GMP халықаралық стандарты бойынша аккредиттелген еліміздегі жалғыз реакторлық радиофармпрепараттар өндірісі жолға қойылған.

Қазір институт еліміздің медициналық орталықтары үшін үш радиофармпрепарат шығарады, оның ішінде йод-131, молибден-99/технеций-99m бар. Жалпы, институт еліміздің радиофармацевтикалық қажет­тілігінің шамамен 85%-ын қам­тамасыз етіп отыр.

Олжас Бектеновке «ыстық камераларда» белсенділігі жо­ғары радиоактивті материал­дар­мен жұмыс жүргізу барысы көрсетілді. Кешенде бес камера бар, олардың әрқайсы­сы сәулеленген құрылғылар­ды бөлшектеу, кесу, дәнекерлеу, сәулелену көздерін сынау мен радиоизотоптарды қайта өң­деуді қоса алғанда, жеке-жеке кезеңдерге жауап береді. Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев ЯФИ өнімдері жыл сайын 18 мыңнан астам пациентті емдеу мен диаг­ностика үшін қолданылаты­нын атап өтті, ал өнеркәсіптік радиоизотоптар Еуропа, АҚШ, Орталық Азия елдеріне экспортталады. Сондай-ақ институт стра­тегиялық маңызы бар радиоизотоптар өндірісін локализациялау бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырып отыр.

Премьер-министрге өнер­кәсіп­тік изотоптық өнім туралы баяндалды. Институт иондаушы сәулелену көздерінің жалғыз өндірушісі болып отырғанын айта кету керек (кобальт-57, иридий-192, сурьма-124). Кобальт-57 бүгінде Германияға, Францияға, Ресейге экспортталады.

Жұмыс сапары барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ғылымды шоғырландыру аумақ­тарын құру мен дамыту тұжы­рымдамасы туралы баянда­ды. Пилоттық орындардың бірі ретінде Алматы облысындағы ядролық физика институты­ның алаңы белгіленді. Мұнда кадр­лық әлеуетті нығайтуға, ғылыми инфрақұрылымды жаңғыр­туға, әзірлемелерді коммер­ция­ландыруға және жоғары тех­нологиялық өндірістерді іске қосуға бағытталған ғылыми-техно­логиялық парк құру көздел­ген. Нәтижесінде, 400-ден астам ғылыми маманды тарта отырып, патенттік базаны дамыту қарас­тырылып отыр.

Бүгінде Ядролық физика инс­титуты 30-дан астам халықара­лық ұйымдармен, ынтымақтас­тық орнатқан. Институтта 4,5 мың­нан астам маман даярлаған оқу орта­лықтары жұмыс істейді, биыл ядролық криминалистика бойын­ша өңірлік оқу орталығын ашу жоспарланып отыр. Осыған бай­ланысты оқу және тұру жағдай­ларын жасау үшін өткен жыл­ соңында оқуға, жұмыс істеу­ге арналған кеңістіктермен жабдық­талған жатақхана салынды.

Премьер-министр 116 оқушы мен маманға арналған жеті қабат­ты ғимаратты аралады. Жоба­ны жүзеге асыру тұрақ­ты білім беру ортасын қалып­тастыруға, білікті кадрларды тар­туға, сондай-ақ еліміздің ядролық кластері жобаларын жүзеге асыру шеңберінде ғылыми әлеуетті да­мы­туға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Алматыда «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралап көрді. АЭА жо­ғары технологиялық өндіріс­терге және R&D-ге арналған алаң ретінде дамып келеді. Бүгінде оның қатысушыларының саны – 203 компания. Қазірге дейін резиденттер шамамен 399 млрд теңге инвестиция салған, 7,2 мың тұрақты жұмыс орны құры­лып, 1 трлн теңге сомасында өнім өндірілген және қызмет көр­сетілген. Бүгінде АЭА аумағында құны 265 млрд теңге болатын 1000 жұмыс орны бар 24 жоба жүзе­ге асырылып жатыр, соның ішін­де 2025 жылы 355 жұмыс орны құрылған 19 млрд теңгелік 6 жоба іске қосылды.

Алматы қаласы әкімдігінің дерегі бойынша АЭА аумағы іс жүзінде 94% толған, бос учаскелер 7,7 га құрайды, бірақ жұмыс істеу мерзімі 2027 жылдың аяғымен шектеліп отыр, бұл капиталды көп қажет етеді әрі ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруды қиындатады,  инвесторларға да тиімсіз. Осыған байланысты, Премьер-министр АЭА-ның пай­далану мерзімін ұзартуды, оның аумағын кеңейтуді, сондай-ақ жаңа жоғары технологиялық өндірістерді әртараптандыру мен іске қосу жөніндегі міндеттер­ді ескере отырып, рұқсат етіл­ген қызмет түрлерінің тізбесін толық­тыруды тапсырды. Сондай-ақ сапар барысында Үкімет басшысына АЭА аумағында орналасқан  кәсіпорындардың жұмысы туралы баяндалды.

Соңғы жаңалықтар

Тұтынушылардың отандық өнімге сенімі артып келеді – сауалнама

Сауда • Кеше

Алматы зообағында билет бағасы өзгерді

Алматы • Кеше

Алматы әлемде үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді

Туризм • Кеше

Аязға байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Ауа райы • Кеше

Атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланды

Заң • Кеше

Құрдасын өлтірген оқушыға үкім шықты

Қылмыс • Кеше

Шығыста жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

Медицина • Кеше

Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Парламент • Кеше

Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды

«Таза Қазақстан» • Кеше

Қысқы ойын түрлері қарқын алып келеді

Спорт • Кеше

Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды

Әлем • Кеше

Иранның әуе кеңістігі ұшақтар үшін қайта ашылды

Әлем • Кеше

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Технология • Кеше

Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?

Білім • Кеше

МӘМС: 2026 жылы сақтандыру есебінен емделетін аурулар тізімі кеңейтілді

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 07:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see114

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары