Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ана мен сәбиге доула серік

Ана мен сәбиге доула серік

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Доула – жүкті әйелге босану және босанғаннан кейінгі кезеңде эмоционалдық, ақпараттық және кей жағдайларда физикалық қолдау көрсететін маман. Олар диагноз қоймайды, ем қолданбайды. Тек ананың жанында болып, оның психологиялық жайлылығын, сенімділігін және күші жеткілікті болуын қамтамасыз ететін серіктес. Бірақ Қазақстанда доула медициналық маман емес. Сондықтан кейбір мемлекеттік перзентханалар доулаларды кіргізгісі келмейді. Неге?

Доула дегеніміз кім?

Доула дегеніміз – грек тілінен аударғанда «қызмет көрсетуші» дегенді білдіреді. Біздің елде доула қызметі енді ғана дамып келе жатқанымен, жас аналардың қы­зы­ғушылығы жылдан-жылға ар­тып отыр. Жүкті әйелдер саналы босануға дайындалуға талпынады, ал доула осы жолда бағыт-бағдар беретін сенімді серікке айналуда. Ал Еуропада бұл қызметке қыз-келіншектер бұрыннан жүгінеді. Кей мемлекет жүкті келіншектің жанына доула кіргені үшін қар­жысын өздері төлеп береді. Мы­салы, Германия, Нидерланд, Фран­ция, Швеция, Норвегия сияқ­ты елдерде доулалар пери­наталдық қолдаудың бір бөлігі ретінде қабылданады.Ұлыбри­танияда доула институты жақсы дамыған: арнайы қауымдастықтар мамандарды тіркеп, даярлық курс­тарын ұйымдастырады. Ал АҚШ пен Канадада доулаларға сұраныс өте жоғары. Кей штат­тар­да сақтандыру компаниялары босану кезінде доула қатысқан қызметті толық немесе жартылай өтеп береді. Жаңа Зеландия мен Аустралия да доула қолдауын ме­ди­цинамен қатар жүретін қызмет ретінде таниды.

– Кей мемлекеттерде жүкті әйелдің жанында доула болуы жеке таңдау ғана емес, әлеуметтік қолдау жүйесінің бір бөлігіне ай­налып үлгерген. Мысалы, белгілі бір елдерде мемлекет немесе сақ­тандыру қоры доула қызметінің ақысын толық немесе ішінара тө­леп береді. Мұндай тәжірибе босану кезінде медициналық ара­ласулардың азаюына, аналардың өзін қауіпсіз сезінуіне және бо­санудың оң нәтижелеріне ықпал ететіні туралы зерттеулерге сү­йенеді, – дейді доула Алима Керімқұлова. 

Әлемде доулаларды көбіне ар­найы қауымдастықтар, акаде­миялар немесе жеке тәжірибелі мамандар дайындайды. Айталық, Германия, Ұлыбритания, АҚШ сияқты елдерде сертификатталған доула курстары бірнеше айға со­зылады және теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибеге басымдық беріледі. Қазақстанда доула мамандарын даярлайтын Доула қауымдастық қоғамы бар. Мұнда сертификатталған, шетел­дік тәжірибесін жетілдірген ма­ман­дар курс өткізіп, жаңа доула­ларды даярлайды. Оқу соңында әр қатысушыдан емтихан алып, сер­ти­фикат береді. Алима Керім­құлованың айтуынша, доула бо­лашақ аналарға көмек, психоло­гия­лық қолдау көрсететін маман. 

– Мен доулалықты арнайы оқыған, сертификаты бар маман­мын. Доуланың қызметіне әйелді жүктілікке дайындау, жүкті әйел­дің психологиясы мен физиоло­гия­сын түсіндіру кіреді. Біз бо­лашақ ананың барынша қиналмай сәбиін дүниеге әкелуіне көмекте­семіз. Кейде гидромассаж жасап, тыныс алу техникаларын көрсе­теміз. Ана босанғаннан кейін де тамағын беріп, нәрестеге күтім жасаудың алғашқы қадамдарын түсіндіреміз. Менің медицина саласында арнайы білімім бар. Көпбалалы анамын. Осы кәсіпке «аналарға көмектессем» деген адал ниетпен келдім. Сәбидің шыр етіп дүние есігін ашқан сәті, бірінші тыныс алуы, көзқарасы, анасымен қауышқан кезі, ана­сы­ның қуан­ғаны мен алғысы – ма­ған үлкен мо­тивация. Осы уақыт­қа дейін 100-ден астап анаға кө­мек­тестім, – дей­ді доула Алима Керімқұлова. 

Қызмет құны 100 мың теңгеден басталады

Доуланы таңдау – аса жауапты қадам. Болашақ ана шешім қа­былдар алдында оның әлеуметтік желідегі парақшасын, кәсіби дайындығын, сертификаттарын және бұрынғы пациенттердің пі­кірін мұқият қарауы қажет. Боса­натын әйел мен доула арасындағы үйлесім мен өзара сенім – табысты жұмыс пен оң тәжірибенің негізгі кепілі. Көбіне алғашқы кезеңде доуламен екі рет кездесіп, әр кез­де­суде 3 сағатқа созылатын әңгі­мелесу жүргізіледі. Осы кезде ма­ман босану психологиясы мен фи­зиологиясы, ауырсынуды же­ңілдету әдістері, тыныс алу тех­ни­касы сияқты маңызды аспекті­лерді түсіндіреді. Кейін бір­тін­­деп практикалық дайындыққа көшіп, босануға дайындау жал­ғасады. Ең маңыздысы, таңдаған доуламен 34 аптадан кешіктірмей танысу. Бұл уақыт әйел мен ма­ман арасындағы сенімді бай­ла­ныс орнатуға, қа­жетті дайын­дық­ты толық жүргі­зуге және босануға бейімделуге мүмкіндік береді. Доу­ламен дұрыс байланыс орна­тылған жағдайда босану процесі ана үшін қауіпсіз, психологиялық тұрғыдан жайлы болады. Аста­налық Диана Әбді­мәлік доу­ланың қызметіне дән риза. Оның пікірінше, егер доу­ланың ме­дициналық білімі бар болса, қызметіне қорықпай сенім арту керек. 

– Мен алғашқы жүктілігім болғандықтан, еш ойланбастан доуланың қызметіне жүгіндім. Босану процесінде көмектесіп, қолдау көрсеткені үшін 120 мың теңге төледім. Бастапқыда доу­ланың басқалардан еш айырмасы жоқ деп ойлайтынмын. Перзент­ханаға әпкемді бірге алып кіремін деп те шешім қабылдап қой­ған­мын. Бірақ таныстарымның әң­гі­месі мен тәжірибесінен кейін доу­лаларға деген сенімім артты. Доу­ла бірінші келісімшартқа отырғанда толғақ туралы кеңес бе­реді. Бұл процестің қауіпсіз әрі жеңіл өтуі үшін жүкті ананың өз ағзасын түсінуі, тыныс алу техни­касын меңгеруі және толғақ ке­зең­дерінің ерекшелігін білуі аса ма­ңызды. Міне, осының бәрін доула түсіндірді. Әр минут сайын жағ­да­йымды қадағалап, суымды бе­ріп, массажын жасап, жаным­да жүр­ді. Сәби дүниеге келгеннен ке­­­йін де көмегін аямады. Сон­дық­тан доу­ланың қызметіне ри­замын, – дей­ді жас ана Диана Әбдімәлік. 

Елімізде доулалардың санына қатысты статистикалық нақты ақпарат жоқ. Дегенмен әлеу­мет­тік желіде, веб-сайттарда «жеңіл бо­сануға көмектесеміз» деген доу­ла­лардың жарнамасы қаптап тұр. Доула қызметінің құны жүк­тілік кезінде дайындық, босану, босан­ғаннан кейінгі қолдауға байла­ныс­ты 100-250 мың теңге арасында. 

Доулаға арнайы мәртебе керек

Доула қызметіне қызығу­шы­лық өскенімен, мемлекеттік пер­зентханалар оларды ішке кір­гізуге асықпайды. Бірнеше жыл бұрын астаналық перзент­хана доула­лар­ды кіргізбейтінін де ха­барлаған. Бұған әртүрлі фактор әсер етуі мүмкін. Біріншісі – доу­лаларда медициналық мәрте­бенің бол­мауы, санитарлық та­лаптардың қатаңдығы және бө­лімше сыйым­дылығының шек­теулігі. Акушер-дәрігер Ди­нара Богомолованың айтуынша, кейбір доулалар аку­шерлермен сөзге келіп қалатын жағдайлар да кездескен. 

– Доула – медицина маманы емес, бірақ оның кәсібінде әдеп пен сыйластық ерекше маңызды болуы керек. Ол дәрігер мен аку­шер­дің жұмысына араласпай, еш­қандай шешім қабылдамағаны жөн. Доула – босанып жатқан әйел мен медициналық қызметкер арасындағы сенімді көпір, ананың психологиялық жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін серік қана. Ал босануды дәрігер­лер мен акушерлер қадағалайды, – дейді Динара Богомолова.

Оның пікірінше, соңғы жыл­дары акушер-дәрігерлер ақша көп төленетіндіктен, доулалықпен қатар айналысып жүр. Кейбірі перзентханада алатын бір айлы­ғын, бір анаға көмектесіп табады. Қазір емханадағы медицина қыз­меткерлеріне сенім азайып кетті. Сондықтан да кейбір аналар доу­лаларға жүгінеді. Бірақ ауыр жағ­дайдағы анаға перзентханадағы қызметкерлер де доуладан артық болмаса, кем қарамайды. Доула­ның қызметіне де ақшасы барлар ғана жүгінеді. Дегенмен этиканы білмейтін доулалар емханадағы дә­рігерлерге ақыл айтып, жұмы­сына араласады. 

– Доулаға алғаш рет босанатын аналар жиі жүгінеді. Бірақ бұрын да доуласыз босанып жүрді ғой. Доуланың серіктестен еш айыр­масы жоқ. Кезінде әйел адамның жанына әпкесі не жеңгесі көмек көрсетуге келетін. Ал доула пайда болғалы жақынын серіктес еткісі келмейтіндер көп. Егер кесір тілі­гімен, ауыр толғақ болса, доу­ла­ның көмегі керек шығар. Бірақ медицина қызметкерлері тұрғанда доуланы бірге ертудің қажеті жоқ. ХХІ ғасырда аналар психоло­гия­лық түрде босануға дайындалуы керек. Бұл процестен қорқудың еш қажеті жоқ. Қазіргі жастар бо­санғаннан кейін психологиялық күйзеліске тез түсіп кетеді, – дейді акушер-дәрігер. 

Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде нақты доулалар санына қатысты статистикалық ақпарат жоқ. Доула – босануды жеңілде­тетін ғана емес, ана мен баланың психологиялық амандығына ық­пал ететін мәдени қызмет. Әлем­дік тәжірибе көрсеткендей, мұн­дай қолдау босану мәдениетін жа­ңа деңгейге көтереді. Сондық­тан болашақта Қазақстанда доу­лалардың мәртебесі беки түсуі, даяр­лық курстары мен серти­фи­каттау талаптары жүйеленуі, тіпті кей әлеуметтік топтарға арналған қолдау бағдарламалары енгізілуі керек.

Көктем ҚАРҚЫН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 07:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары