Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

Маң дала, маңғаз мекен

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дүниежүзі мемлекеттеріне бірлік формуласымен үлгі болып отырған Қазақстан халқы Ассамблесының 30 жылдық есепті мерзімге арналған мерейлі жылы да өз мәресіне жетті.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

ҚХА-ның белсенді құрылымдық бөлімшесінің бірі – Аналар кеңесі, мерейлі жыл аясында республика көлемінде
4 357 іс-шара өткізді. Атап айтқанда, 560 дөңгелек үстел, 1 140 қоғамдық қабылдау мен кездесу, 793 мәдени-көпшілік жиын, 248 семинар-тренинг, 447 отырыс, 590 қайырымдылық акциясы, 275 конкурс және 304 шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Бір жағынан бұл көрсеткіш – қоғамдағы келісім мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған жыл бойына атқар­ған ауқымды әрі жүйелі еңбек.

Отбасындағы ауызбіршілік, толерант­тылық, мәдени қарым-қатынас пен жауапты шешім қабылдау мәдениетін қа­лып­тастыру – ең алдымен, ата-ананың, соның ішінде ананың тікелей міндеті. Осы бағытта биыл 15–16 мамыр күндері Ақтау қаласында ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы халықаралық деңгейде «Ана. Қоғам. Болашақ» тақырыбымен өтті. Форумға Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен арнайы өкілдер қатысты. Жиында қонақтар Аналар кеңесінің тәжірибесімен танысып, өзара ынтымақтастық орнатты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы, «Ел анасы», «Аялы алақан» қоғамдық атақтары, сондай-ақ қазіргі өзекті бес әлеуметтік қатерге қарсы бағытталған «Салауатты сана» бастамасы шетелдік әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Делегаттар мұны өз мемлекеттерінде қолдануға дайын екенін жеткізді.

Ассамблеяның 30 жылдық мерей­тойының түйіні ретінде 18–19 қараша күндері Анкара қаласында, ТЮРКСОЙ алаңында «Түркі әлемінің аналары» халықаралық ұйымын құру туралы бас­тама көтеріліп, талқыланды. Мемлекет басшысы «Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау. Түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет», деген еді. Ал осы рухани сабақтастықты үзбей, ұрпақтың басын біріктіру – аналардың негізгі мақсаты.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда түр­кі елдері ара­сындағы терең тамыр­лас­тық пен өзара ауыз­біршілігін нығайтуда ана­­лардың қо­ғамдық миссиясы арта түсті. Сондық­тан «Түркі әлемінің анала­ры» халықаралық ұйымын құру, тілі бір, діні бір ұлттардың мәдениетін аналар арқылы, олардың образы арқылы дәріп­­теу ауыз­біршілікке негіз болады деп сене­мін.

Аналар кеңесінің маңызды бағыт­тары­ның бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осы тақырыпта 19–20 маусымда Қонаев қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы Аналар кеңесінің рөлі» атты республикалық кеңейтілген отырыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Зорлық-зомбылықсыз өңір» жобасы іске қосылып, бірқатар нақты ұсыныс қабылданды.

Айта кететін жайт, балалар мен жас­өспірімдердің құқықтарын қорғау, олар­дың қауіпсіз және сапалы өсуіне қо­лайлы жағдай жасау, отбасы құндылық­­та­рын нығайту және аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту бойынша облыс әкімдері Аналар кеңесінің әлеуетін пайдаланып, ұсыныстарымызды тыңдап, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріп отыр. Осының барлығы – Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету тапсырмасына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан атқарылып жатқан істер.

Сонымен қатар нашақорлық, лудомания сынды әлеуметтік қауіптерге қарсы кешенді жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Мәселен, 18–20 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында ҚХА Аналар кеңесінің «Нашақорлық – тұрақтылыққа қатер (тұлғаға, қоғамға, мемлекетке)» тақырыбында республикалық семинары өтті. Оған прокуратураның, ішкі істер, денсаулық, оқу-ағарту министрліктерінің және көтеріліп отырған мәселеге мүдделі мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында Қарағанды облысы Жастар ресурстық орталығының жанынан Нашақорлыққа қарсы жұмыс фронт-офисі ашылды. Республикалық семинар қорытындысында Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекпаевтың шешімімен «2026–2029 жылдарға арналған нашақорлыққа қарсы іс-қимыл» жол картасы әзірленді. Ауыз толтырып айтар тағы бір дүние – Аналар кеңестерінің мүшелері ІІМ барлық деңгейдегі нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс топтарына мүшелікке енгізілді.

Білім беру ұйымдарында әлеуметтік театрлар, «Мобильді театр» жобалары аясындағы жасөспірімдерге арналған қойылымдар «Қауіпсіздік сағаты» форматындағы кездесулер арқылы балалар мен ата-аналардың бірлескен талқылауы жүргізіледі. Кездесулер барысында ІІМ нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Наркотесттен өз еркімен өту» жобасын түсіндіру, тәуелділіктен арылған адамдарды шақыру жақсы нәтиже беріп отыр.

Аналар кеңесі Оқу-ағарту министр­лігінің Тәрбие жұмысы департа­ментімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына орай дайындалған «Қазақстан балалары» атты тұжырымдамасын, «Балаларды репродуктивтік денсаулық туралы ақ­парат­тандыру (жыныстық жетілу, аурулардың алдын алу, коммуникативтік дағдыларды дамыту және жеке шекараларды құрметтеу, өмірлік дағдыларды қалыптастыру тәсілдеріне негізделген, жасқа бейімделген, ғылыми негізделген білім беру бағдарламасын әзірлеу ве­домств­о­ара­лық сараптама тобы) әзір­леу­де жұмыс топтарында белсенді жұмыс атқарып келеді. Ашып айтсақ, «Ата-аналар академиясы» диалог алаңы, «Мектепке дейінгі білім беруде инклюзивтілікті дамыту» сессиясы, «Қазақстандағы әрбір бала үшін тең мүмкіндік» семинары, «Адал азамат – ұлт келбеті» дөңгелек үстелі секілді іс-шараларына белсенді атсалысамыз. Мысалы, 15 тамызда өткен «Балалар арасындағы лудоманияның алдын алу және бақылау» семинары нәтижесінде бейінді ведомствоға төмендегідей ұсыныс бердік:

1) Халықаралық тәжірибені ескере отырып, цифрлық қауіпсіздік және ойынға тәуелділіктің профилактикасы бойынша модульдерді мектеп бағдарламаларына енгізу;

2) Лудоманияны ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша мектеп психологтері мен әлеуметтік педагогтерді қайта даярлауды ұйымдастыру;

3) Құмар ойындарға бейім балаларды анықтау бойынша тесттер әзірлеу;

4) Құмар ойындарға бейім балалардың ата-аналары үшін құмар ойындардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5) Салауатты мүдделерді қалыптастыру үшін жағдай жасау, балалар мен жасөс­пірімдерде тәуелділіксіз қуаныш әкелетін хоббиларды дамыту: спорт, өнер, еріктілік, үстел ойындары; құмар ойындарға балама ретінде мектеп клубтарын, үйірмелер мен секцияларды қолдау;

6) Кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту;

7) Психологтермен және ҮЕҰ-мен бір­ле­сіп ата-аналармен тұрақты ақпарат­тық кездесулер тәжірибесін енгізу.

Мектеп жүйесіне байланысты тағы бір өзекті мәселе – буллинг. Бұл ретте Аналар кеңесі медиаторлар ретінде қатысады. Мысал келтірсек, астаналық мектептің 3-сынып оқушысы қызына бір топ қатарласы тұрақты түрде буллинг жасап отырған. Кейін жәбірленуші қыздың анасы полицияға, прокуратураға арыз жазған. Біздің араласуымыздың арқасында жәбірленуші баланың анасы Бас прокуратураға жазылған арыздан бас тартып, ата-аналар балаларымен бірге киноға, т.б. мәдени орындарға баруға өзара татуласуға келісті. Араға уақыт салып, жәбірленуші қыздың анасынан алғыс алдық. Осы секілді кейстер республика бойынша жетерлік.

Аналар кеңесі әуелден билік пен қоғамның, бала мен ата-ананың арасындағы «алтын көпір» қызметін атқарып келеді. Мемлекет тұрақтылығының негізі – бақытты отбасы. Демек сол отбасын сақтауда ананың рөлі айрықша. Дана халқымыз «Бір ананы тәрбиелеп шығу, бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген аталы сөзді мұра етуі де бекер емес. Осы бағытта Ассамблеяның тағы бір игі ісі – «Ана үйі» жүйесін қолдау.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жа­нын­дағы этномәдени орталықтардың, Аналар кеңесінің қатысуымен «Ана үйі» тұрғындарына кең ауқымды қайырым­дылық, тәрбиелік және мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мұндағы мақсат – қиын жағдайға тап болған аналар мен балаларға моральдық әрі материалдық қолдау көр­сету, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, отба­сылық құндылықтарды нығайту. Адас­қан­дарды табыстыру, қателескендерді жөнге салу, әлеуметтендіру мәселелеріне бағытталған «Айналайын» жобасы қиын жағдайға түскен аналарға «Отбасы ағашы» арқылы әр бала өз шежіресін, ата дәстүрін (қай этнос өкілі болса да) білуі қажет екенін, бала өміріндегі ананың жауапкершілігін түсіндіреді. Ең бастысы – бүгінгі нәрестеге адал азамат қағидатына сай тәрбие сіңіру.

Бұл бағытта Аналар кеңесі 2022 жылдан бері ІІМ Ұлттық ұлан әскери құры­лым­дарымен тығыз байланыста жұ­мыс атқарады. Биыл 11–12 тамыз күндері Петропавл қаласындағы Жоғары әскери академия базасында Ұлттық ұланға қарасты 44 әскери бөлім басшыларының саяси жұмыс бойынша орынбасарларына біліктілік арттыру курстарын өткізіп, жалпы Ассамблеяның мақсаты мен қызметі туралы, сонымен қатар суицид, ойынқұмарлық, нашақорлық мәселелері жөнінен тренинг өткізілді. Қазіргі таңда бұл жұмыс Қорғаныс министрілігімен бірлесе жалғасып жатыр.

Аналар кеңесінің мүшелері осы жылы алғашқы рет ҚХА-ның «Шаңырақ» ка­фед­ралар қауымдастығының ұйымдас­тыруымен «Ана – ұлттың ұйыс­тырушысы» тақырыбында толерант­ты­лық­ты тәрбие­леу­дегі аналардың рөліне арналған білік­тілікті арттыру семинарын өткізді. Бұл іс-шара ерікті ретінде белсенді жұмыс істеп жүрген аналарға тол­ғандырған сауалдарына жауап алуға мүмкіндік берді.

Бұған қоса өңірлерде – Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының аудан, ауылдық округтеріне дейін Ана­лар кеңесінің жұмысы жүйеленген. Нәтижелері де қуантарлық. Оның ішінде Атырау облысының Құрманғазы мен Махамбет ауданы, Ақмола облысының Целиноград ауданы, Алматы облысының Кеген ауданы, Жетісу облысының Алакөл ауданы, Павлодар облысының Павлодар ауданының жұмысын үлгі етуге болады.

Сондай-ақ құрылымда республикалық этномәдени бірлестіктердің жанынан құрылған 15 Аналар кеңесі – «Наири» армян мәдени орталықтарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Дустлик» «Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан ұйғыр­ла­рының республикалық мәдени орталығы», «Вайнах» Қазақстан чешендері мен ингуштары Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан күрдтерінің «БАРБАНГ» РҚБ, «Қазақстан татарлары мен башқұрттар конгресі» ЗТБ, «Дүнген республикалық этномәдени орталығы» РҚБ, «Родни кут» Беларусь орталықтары қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан қырғыздар Қауымдастығы» ЗТБ, «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ, «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан украиндарының радасы» ЗТБ, «Жетісу казактарының одағы» РҚБ, «Мицва Қауымдастығы» ЗТБ, «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ бар. Барлығымызға ортақ міндет – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Адал азамат» қағидатын әр отандасымызға тереңінен сіңіру, осы бағытта өскелең ұрпақты тәрбиелеп, саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосу.

Нәзипа ШАНАИ,

ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зеленский америкалық жоспардың 20 тармағы туралы айтып берді

24 Желтоқсан 2025 15:49see107

ҰҚК абоненттер туралы ақпарат жинауға арналған жабдықтарға қойылатын талаптарды жаңартты

24 Желтоқсан 2025 22:19see106

2036 жылға қарай Роскосмос айда электр станциясын салуды жоспарлап отыр

25 Желтоқсан 2025 02:32see106

Кәмелетке толмаған қызды зорлап, артынша өлтірген: айыпталушы өмір бойына түрмеге тоғытылды

24 Желтоқсан 2025 22:20see105

Қос бағытты қамтыған Phygytal спорт

25 Желтоқсан 2025 02:41see105

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

25 Желтоқсан 2025 15:48see105

ҚазМұнайГаз компаниясының адам капиталын дамытудағы үлесі

24 Желтоқсан 2025 14:44see105

Әкім Индербор халқының алдында қалай есеп берді

24 Желтоқсан 2025 18:33see105

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see105

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының шаруалары мал ұрлығының ашылмайтынына шағымданды

24 Желтоқсан 2025 15:21see105

Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өспейтінін мәлімдеді

24 Желтоқсан 2025 04:05see105

2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады

24 Желтоқсан 2025 14:46see104

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see104

Әлемнің экс бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

24 Желтоқсан 2025 04:05see104

Ешкімді әуреге салмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын : танымал ақын Асанәлі Әшімов туралы айтты

25 Желтоқсан 2025 02:35see104

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

25 Желтоқсан 2025 14:13see104

Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25 Желтоқсан 2025 02:42see104

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

25 Желтоқсан 2025 14:11see104

Маңғыстауда ауыз су тапшылығы жоқ

24 Желтоқсан 2025 05:16see103

Маң дала, маңғаз мекен

25 Желтоқсан 2025 14:20see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары