Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

“Апатқа бірнеше минут қалғанда үлгерді“ Непалдағы мектеп директоры 900 баланы құтқарып қалды

“Апатқа бірнеше минут қалғанда үлгерді“ Непалдағы мектеп директоры 900 баланы құтқарып қалды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Непалдағы мектеп директоры Раджендра Давади жойқын су тасқыны ғимаратты қиратпас бұрын оқушыларды эвакуациялап үлгерді. Оның айтуынша, сол сәтте мектепте болған барлық бала қауіпсіз биік жерге шығарылды, деп хабарлайды Tengri Life.

Эвакуация қалай өтті?

"Трибхуван Тришули" орта мектебінің 47 жастағы директоры Раджендра Давади болған оқиға туралы Republic World басылымының YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Давадидің сөзінше, сәрсенбі таңғы сағат 9:20 шамасында оған досы қоңырау шалып, мұздықтың құлауы салдарынан көрші ауылды су тасқыны шайып кеткенін хабарлаған.

Бастапқыда директор жағдайды мектепке төнген тікелей қауіп деп санамаған. Үш қабатты бетон ғимарат өзен деңгейінен шамамен 60 метр биіктікте орналасқан еді. Алайда көп ұзамай қызметкерлердің бірі су жылдам көтеріліп жатқанын жеткізді.

"Мен балаларды үйлеріне қайтарғым келді. Сол сәтте есепші жүгіріп келіп: "Төменнен су көтеріліп жатыр!" - деді. Бәрі қас-қағым сәтте басталды. Осыдан кейін бірден сабақ үстінде отырған мұғалім хабарласты: "Су тақап қалды, біз кетіп жатырмыз. Сізге де тезірек қашқан дұрыс болар", - дейді ол.

Осыдан кейін директор оқушыларды дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ол мектеп қоңырауын соғып, мұғалімдерден балаларды сыныптардан шығаруды сұрады. Сондай-ақ Давади мектеп автобустарының жүргізушілеріне кері бұрылып, мектепке жақындамауды бұйырды.

Оқушылар биік төбеге көтерілді. Кейбірі үлкен бодхи ағашының астын паналады.

Директордың айтуынша, ол уақытта мектепте тек жоғары сынып оқушылары болған. Бастауыш сыныптар басқа ауысымда оқитындықтан, ғимараттан кетіп үлгерген еді.

"Ол сәтте ғимаратта тек жоғары сынып оқушылары қалған еді - бастауыш сыныптар басқа ауысымда оқиды, олар кетіп қалған. Сондықтан балаларды эвакуациялау оңайырақ болды, олар жылдам жүгірді. Егер бұл жағдай күндізгі сағат екі-үште, сабақта кішкентай балалар болғанда болса, жағдай өте қиын болар еді. Бірақ жоғары сыныптағылар биікке шығып үлгерді, мен де олармен бірге болдым", - деп толықтырды директор.

Директормен бірге балаларды құтқаруға кімдер қалды?

Эвакуацияға 20-дан астам мұғалім қатысты. Дегенмен, кейбір қызметкерлер қауіпке байланысты мектептен кетіп қалған.

Давадидің айтуынша, оқытушылардың бірі Сантош Паудель өзі болған үйге су тасқыны соққаннан кейін жоғалып кеткен. Ғимарат қирап қалған, ал мұғалім әлі табылған жоқ.

Мектептің тағы бір қызметкері хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.

"Қасымда 20-дан астам мұғалім қалды. Әрине, кейбірі қорыққаннан қашып кетті - оларды түсінуге болады. Өкінішке қарай, бір әріптесіміз, оқытушы Сантош Паудель жоғалып кетті. Су тасқыны ол болған үйді тікелей соқты. Ғимарат жоқ, ал Сантошты әлі таппадық. Тағы бір қызметкеріміз де жоғалды. Бірақ мен ең соңынан шықтым және нақты білемін: мектептің ішінде ешкім қалған жоқ", - деді ол.

Қираған мектептің тағдыры не болмақ?

Жергілікті тұрғындар Давадиді батыр санап отыр, бірақ өзі тек міндетін орындағанын айтып, қарапайымдылық танытты.

Раджендра бұл мектепте 23 жыл жұмыс істеген, ал былтыр директоры болды. Кезінде ол өзі де осы мектепте оқыған.

Қазір лай басқан үйінділерге қарап отырып, директор мектепті қалпына келтіргісі келетінін және көмек сұрап билік пен халықаралық ұйымдарға жүгінгенін айтты.

Оның сөзінше, қазіргі басты міндет - балаларға білім алу мүмкіндігін қайтару.

Непалдағы су тасқыны туралы не белгілі?

Еске сала кетейік, 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында ауқымды су тасқыны болды. Судың, лайдың және үйінділердің қуатты ағыны Бхотекоши және Тришули өзендері аңғарларындағы елдімекендерге жетіп, үйлерді, жолдар мен көпірлерді қиратты. Апат салдарынан жүздеген адам қаза тауып, тағы жүздегені хабар-ошарсыз кетті.

Бұған дейін Қазақстан СІМ Непалда жоғалғандар арасында 3 отандасымыз бар екенін хабарлаған болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, олардың кейбірі Непалдан Қытайға шекара асқан туристік топтың құрамында болған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 20:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see138

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see138

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see135

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see132

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see128

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see127

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see127

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see127

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see126

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see126

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see126

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see126

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see125

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see124

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see123

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see123

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары