Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Аптаның кинопремьералары: детективтен хоррорға дейін жаңа фильмдер көрермен назарына ұсынылды

Аптаның кинопремьералары: детективтен хоррорға дейін жаңа фильмдер көрермен назарына ұсынылды

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ОЙЫН 6.6⭐

Қырғызстанда түсірілген детектив-триллердің ұзақтығы – 1 сағат 32 минутқа созылады. Фильмнің режиссері – Айбек Бектемиров.

Қалада қоғамға зиян келтірген адамдарды нысанаға алатын ерекше маньяк пайда болады.

Оның құрбандарының қатарында алаяқтар, жемқорлар, есірткі таратушылар, педофилдер және басқа да қылмыскерлер бар. Күрделі әрі жұмбақ істі тергеуге детектив Қалыс кіріседі. Ол кісі өлімдерінің артында жатқан шындықты ашып, құрбандар мен қылмыскер арасындағы байланысты анықтауы керек.

ПРИМАТ 8.0⭐

АҚШ-тық хоррор фильмнің ұзақтығы – 1 сағат 29 минут. Режиссері – Йоханнес Робертс.
Люси достарымен бірге Гавайиде тұратын әкесі Адам мен қарындасы Эринге және олардың үйде асырап отырған шимпанзесі Бенге қонаққа келеді. Адам жанкүйерлерімен кездесуге кеткенде, Люси үйде кеш ұйымдастырады. Алайда достары Беннің басқа бір жануардан құтырма ауруын жұқтырғанын білмейді. Кеш басталған сәттен-ақ приматтың мінезі өзгере бастайды, бейқам демалыс қорқынышты тіршілік үшін күреске айналады.

МЕЙІРІМДІ ДӘРІГЕР (Добрый доктор) 5.5⭐

Фильм ресейлік режиссер Никита Грамматиковтың туындысы. Ұзақтығы – шамамен 1 сағат 30 минут.

Мінезі ауыр, адамдармен көп араласпайтын дәрігер Олег Семенович Мандрыгин мен қарапайым жас курьер Диманың жолы күтпеген сәтте қиылысады. Самокатпен келе жатып дәрігерге соғылған Дима оның орнына шақыртуларға баруға мәжбүр. Осылайша өзін нағыз дәрігердей көрсетуге тырысқан жас жігіт күлкілі әрі тосын жағдайларға тап болады.

ҚЫЗМЕТШІ ҚЫЗ (Горничная) 8.8⭐

АҚШ-та түсірілген триллер-драманың ұзақтығы – 2 сағат 11 минут. Ал режиссері – Пол Фиг.
Милли өмірін жаңа парақтан бастауды армандап, Винчестерлер әулетінің сән-салтанаты жарасқан зәулім үйіне қызметші болып орналасады. Алайда жабық есіктер мен қатаң ережелердің артында сұмдық құпия жасырынған. Милли шындыққа жақындаған сайын, өзінің де өткен өміріндегі жасырын сырлары ашыла бастайды. Фильм көрерменді қатты толғандырып, кернеулі атмосферасын соңына дейін сақтайды.

СИНИСТЕР. АЛҒАШҚЫ ҚАРҒЫС (Синистер. Первое проклятие) 5.9⭐

Кезекті АҚШ-тық туынды бойыңызды үрейге бөлейді. Уилл Кэнонның хоррор жанрындағы фильмі 1 сағат 27 минутқа созылады.

Наоми балалық шағы өткен үйіне қайта оралғанда, марқұм әкесінің жазбасын табады. Онда зұлымдықтың қайта оралғаны туралы ескерту бар. Қалада балалар жоғалып, Наомидің ұлының мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Жергілікті аңызға сәйкес, балалардың жандарын бір тылсым күш ұрлап әкетеді. Ұлын құтқару үшін Наоми бұл зұлымдықтың қайдан шыққанын анықтауға тырысады.

ПРОСТОКВАШИНО 4.3⭐

Ресейлік отбасылық шытырман оқиғаның ұзақтығы – 1 сағат 45 минут. Режиссері – Сарик Андреасян.

Жануарларды жақсы көретін Дядя Фёдор есімді бала ата-анасының тыйымына қарамастан, мысық Матроскин мен адал ит Шарикті ертіп, Простоквашино ауылына кетеді. Алда оларды қызықты әрі көңілді шытырман оқиғалар күтіп тұр. Мультфильм отбасымен бірге уақыт өткізгісі келетін көрерменге арналған.

ЖАЛҒАН САНТА (Не тот Санта) 4.5⭐

Бұл АҚШ-та түсірілген мелодрама. Фильмнің ұзақтығы 1 сағат 35 минутқа созылады. Режиссері – Росс Каган Маркс.

Санта-Клаус өзінің немере ағасы Колтоннан көмек сұрайды. Ол Нью-Мексикодағы шағын қалаға барып, мерекелік көңіл күйді қайта жандандыруы керек. Сол жерде ол ұлы Зак үшін мерекені ерекше еткісі келетін Наталимен танысады. Ортақ мақсат оларды бір-біріне жақындата түседі. Фильм мереке атмосферасын сезінгісі келетін көрермен үшін таптырмас таңдау.

Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары