Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ақ хакерлер мен ЖИ инженерлері: Энергетика саласында жаңа мамандықтар пайда болады

Ақ хакерлер мен ЖИ инженерлері: Энергетика саласында жаңа мамандықтар пайда болады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Энергетика министрлігінің алаңында электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Орталық Азия Электр энергетикалық корпорациясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Kazakhmys Energy» ЖШС сияқты жетекші электр энергетикасы және жылу энергетикасы компанияларының сарапшылары қатысты.

Сонымен қатар «KAZENERGY» қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Talap» және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері атсалысты.

Фото: Энергетика министрлігі

Бұдан бөлек, іс-шараға «Электр энергетикасы және жылу энергетикасы» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің, жоғары оқу орындарының республикалық оқу-әдістемелік кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәсіптік біліктілік жүйесінің өкілдері қатысты.

Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында биыл «Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» кәсіптік стандартын әзірлеу жоспарланған.

Осы стандарт шеңберінде келесі жаңа мамандықтар қарастырылған:

• Зияткерлік (ақылды) желілерді жобалаушы;

• Энергия жүйелеріне (Smart Grid) ЖИ-ді әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер;

• Энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігі жөніндегі маман.

Фото: Энергетика министрлігі

— Бұл мамандықтар Қазақстанның Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы негізінде қалыптастырылған. Олар заманауи білім беру бағдарламаларын жасауға және саланың цифрлық трансформация талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлауға бағытталған. «Ақылды» желілерді (Smart Grid) дамыту — алдағы 5–10 жылдағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл мамандардан энергетика саласындағы терең білімді ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді де талап етеді. Себебі болашақта диспетчерлік функциялар ішінара зияткерлік басқару жүйелеріне беріледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2025 жылы салада энергетикалық жүйелерді басқару мен мониторингтеудің тиімділігін арттыруға, зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталған «Смарт-менеджер» жаңа мамандығының карточкасы әзірленген болатын. Қазақстанның электр және жылу энергетикасы цифрландыру, автоматтандыру және зияткерлік шешімдерді енгізу сияқты жаһандық трендтерді ескере отырып дамып келеді.

Фото: Энергетика министрлігі

Сондай-ақ Жұмыс тобы саланың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, Салалық біліктілік шеңберін өзектендірді. Жаңарту аясында саланың функционалдық картасы қайта қаралды, кәсіптік біліктілік картасы өзектендіріліп, кадрларға деген қажеттілікке талдау жүргізілді. Бұл жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау жүйесімен үйлестіруді қамтамасыз етті.

Бұдан бұрын жылу-электр орталықтарын хакерлік шабуылдардан қорғау үшін Киберқауіпсіздік орталығы құрылатынын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары