Ақмола облысында кәсіпкерлерге 60 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкес енгізілген кепілдік сома кәсіпкерлер өз міндеттемелерін тиісінше орындағаннан кейін дереу қайтарылуға жатады.
— Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалуына қарамастан, үш жылдан астам уақыт бойы орындалған шарт бойынша кепілдік соманы қайтармаған. Олардың жалпы сомасы 60 млн теңгеден асты, — делінген хабарламада.
Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Заң бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетелік Павлодарлық дәрігерлерге прокуратураның араласуымен 15 млн теңге жалақы қайтарылған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 16:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















