Ақмола облысында мамонт қалдықтары табылды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бастапқы талдау нәтижесіне сәйкес, табылған қалдықтар шамамен 40-50 жастағы ересек мамонтқа тиесілі, ол шамамен 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген.
Бұл таптырмас олжаны агрохолдинг қызметкерлері Әділет Омаров пен Әлжан Рақышев тауып, бірден ҚР Ұлттық музейінің мамандарына хабар берген. Қазіргі таңда экспонат мұражайдың ғылыми зертханасында, арнайы температуралық және ылғалдық режимде сақталып тұр.
Ғалымдардың пікірінше, осы маңнан мамонттың тұтас қаңқасы табылуы да мүмкін.
«Келесі маусымда ауқымды археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Егер болжам расталса — бұл Қазақстан аумағындағы мұз дәуірі фаунасын зерттеудегі үлкен жаңалық болмақ», — делінген Ұлттық музейдің Facebook парақшасында жарияланған хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында да мамонттардың, акулалар мен көне кесірткелердің қалдықтары табылғаны хабарланған.


