Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ақмолада ашылған ақылды ферма

Ақмолада ашылған ақылды ферма

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Елорданың іргесіне жағалай орналасқан Ақмола облысының шалғай ауылдарында да тіршіліктің келбеті түбегейлі өзгеріп, заманауи агротехнологияның жаңа белесі ашылып келе жатқанын атап өткен жөн. Соңғы жылдары аймақта цифрландыруды тек қалалық инфрақұрылымның еншісі санамай, ауыл еңбегінің де автоматты құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылуы жаңаша сипатқа енген. Мәселен, бүгінде Ақкөл ауданындағы Еңбек ауылы – осы өзгерістің айқын көрінісі. Бұл жерде жұмыстың бір бөлігін енді роботтар атқарып отыр. Жаңалыққа құлағы түрік елдің назарын аударған «ақылды ферма» – ауылдағы технологиялық серпілістің нағыз символы болды десек, артық айтпаспыз...

Цифрландыру – ауылдың да еншісі

Еңбек ауылындағы «Еңбек» серіктесті­гі­нің базасында іске қосылған бұл тауарлы-сүт фермасы – өңірдегі ең заманауи ке­шен­нің бірі. Мұнда сиыр сауу процесі толықтай ав­­томаттандырылған. Күні кеше ғана ете­­гінен сүттің табы кетпейтін сауыншы әйел­дердің тә­жірибесіне тәуелді болып кел­ген тірлік ен­дігі кезекте роботтың дәл­дігіне сенеді.

Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Саят Ахметжанов бұл жобаның тек эко­но­микалық емес, әлеуметтік маңызының да ерекше еке­нін атап өтті.

– Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Ақыл­ды фер­ма цифрландыру тек қалаларға ғана тән емес екенін дәлелдеп отыр. Еңбек ауы­­­­лында «екі қолға бір күрек» таппай жүр­ген жандарға жаңа жұмыс орындары ашыл­ды. Инфра­құры­лымы дамып келеді. Ең бас­тысы, жас­тар ауылда да заманауи тех­­­­ни­к­а­мен жұмыс істей алатынын көріп, ауыл ең­бегіне қызығу­шы­лығы артып отыр, – дейді Саят Ахмет­жанов.

Шынында да, бұл ферма – ауылдық жер­де жаңа технологияны игерудің мүмкін еке­­нін дәлелдеген тың тәжірибе. Қол ең­бе­гі азайып, уақыт үнемделеді, адамға тү­се­тін физикалық ауыртпалық біртіндеп ке­ми бермек.

Робот-сауыншының ақылына татитын қабілет

Ең соңғы заманауи цифрлық техно­ло­гия­­ларды қолға алған ферманың жүрегі – ро­бот-сауыншылар. Олар 3D-камера­лар­мен, жоғары дәлдікті датчиктермен жаб­дық­талыпты. Жүйе жануардың қашан сауу­ға дайын екенін өзі анықтап, бар үр­дісті еш қателіксіз жүзеге асырады. Атап айт­қанда, сиырдың орналасуын дәл анық­тап, желінге арнайы массаж жасап дайын­дай­ды. Одан кейін сүтті мұқият, толықтай сауып алады. Сонымен қатар әр процесті нақ­ты тіркеп, ферма басқару жүйесіне он­лайн жібереді.

Робот-сауыншылар шаршамайды, қа­те­леспейді. Жоғары жүктемеден күйзеліске түс­пейді. Жұмысты тәулік бойы үздіксіз жұ­мыс істей береді. Кешен басшысы Сағ­жан Рақышевтың айтуынша, бұрынғы ауыр тірліктің бәрі енді еш қиындықсыз іс­ке асырылатын болған. Бұл адамдардың тек іс жүзінде бақылау ғана жүргізуге мүм­кіндік берген оң бастама болған. 

– Бұрын бәрін түгелдей қолмен жа­сай­тынбыз. Енді роботтар негізгі жұмыстың бә­рін өздері атқарады. Біз тек процесті қа­дағалап, жануарлардың жайлылығына көңіл бөлеміз. Қорада климат-бақылау, жел­деткіш, автоматты перделер орна­тыл­ған. Үнемі қолайлы микроклимат сақ­тала­ды, – дейді Сағжан Рақышев.

300 бас – 6 тонна сүт

Фермада 300 бас ірі қараға арналған жағ­дай жасалған. Тәулігіне мұнда алты тон­наға дейін сүт өндіріледі. Мұндай тұ­рақ­­тылық автоматтандырылған басқару жүйе­сінің арқасында болыпты.

Сапа бақылауы нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Әр сиырдың денсаулығы, өнім­­­ділігі, сүт құрамы – барлығы бір ақ­парат­тық платформадан бақыланады. Шаруа­шылықтың цифрлық экожүйесі тал­дау жүргізіп, жұмыс жоспарын да өзекті ақпаратқа қарап түзетеді. Бұл – әлемдік деңгейдегі фермалардың тәжірибесіне сай келетін жүйе екені сөзсіз.

«Еңбек» серіктестігі тек мал шаруа­шы­лығымен шектеліп қалмаған. 2013 жылдан бері мұнда органикалық егіншілік жүйелі түрде дамып келеді. 4 мың гектардан астам сер­тификатталған егіс алқабында эколо­гия­лық таза бидай өсіріледі. Еуропа елде­рі­не экспортталатын бұл өнімнің сұранысы да аса жоғары. Яғни, Еңбек ауылы – тех­нология мен табиғилықтың үйлесімін таба біл­ген бірегей өндірістік ортаға айналғанын атап өткен жөн.

Дегенмен робот бар болғанымен, адам­ның көмегінсіз тағы болмайды. Кей­біреу­лер технология көбейсе, адам еңбегі қажет бол­май қалар деп топшылайды. Бірақ Ең­бек ауы­лындағы жағдай мүлде керісінше пі­­кір қалыптастырған. Кешенде 80-нен ас­­там адам қызу еңбек етеді. Олардың бәрі – өз ісінің мамандары. Және бұл тек жұмыс орны емес, тұтас ауылдың қоғамдастығы. Қыз­меткерлердің басым бөлігі осы шаруа­шылықта тұрады. Басшылық олардың тұрмыстық жағдайын жақсартып, жыл сайын жаңа үйлер салып, барынша әлеу­меттік қолдау көрсеткен. Сағжан Рақышев бұл орайда адамдардың болашаққа сенім­ділігі ауыл өмірінің гүлденуіне тікелей ық­­пал етпек.

– Адам болашаққа сенімді болуы ке­рек. Сонда ғана ауыл дамиды. Жастар ауыл­­ға тұ­рақтай бастайды. Роботтар жұ­мыс­­тың ауыр бөлігін атқарса, адам өз ақы­лын, бі­лі­гін қажет ететін салада еңбек ете­ді. Бұл – ауылдың болашағына деген стра­тегиялық көз­қарас, – дейді ол. 

Ақкөлдің «ақылды сауыншысы» – Ас­та­­наның азық-түлік белдеуіндегі тұрақ­ты­лық­қа үлес қосып жатқан маңызды аса іргелі жоба. Бірақ оның маңызы мұнымен шек­телмейді. Бұл ферма алдағы уақытта ауыл­да да заманауи технология қолдануға бо­латынын айғақтап, жастардың ауылға де­ген көзқарасын түбегейлі өзгерткен. 

Жалпы, Ақмола облысы биыл да елдің басты астықты аймағы ретіндегі мәртебесін рас­тап отыр. Өңірде аграрлық саланы жаң­ғырту және шаруаларды қолдау бойынша ау­қымды жұмыс жүргізілуде. Облыс аг­ро­өнеркәсіптік кешенге жасанды интеллект енгізу арқылы жаңа кезеңге қадам басқан. 

Бүгінде аймақта 49 «ақылды» ферма бар іске қосылып, жалпы көлемі 3 миллион гек­тардан астам жер цифрландырылған, бұл – облыстың барлық алқаптарының жар­тысынан көбі. Қазірдің өзінде өңірде цифр­лық технологиялардың көмегімен өнім­ділік болжамының дәлдігі 90% дең­гейіне жетіп, тыңайтқыш шығыны 20–25 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік алған. Сонымен қатар жерсеріктер арқылы тү­сіріл­ген суреттер арқылы ауру ошақтарын дәл табу мүмкіндігі пайда болған. 

Ақмола облысындағы Еңбек ауылы – өңірдің инновациялық бағыттағы қарқы­нын көрсететін бір ғана мысал. «Ақылды ферма» – ауылда роботтандыру мен авто­мат­тандырудың мүмкін екенін дәлелдеді. Ал ай­мақ деңгейіндегі жасанды интеллект жо­балары – тұтас агросаланы жаңа сапа­лық деңгейге көтеретін стратегиялық қа­дам бол­мақ. Робот-сауыншы мен жасанды ин­тел­лек­тке негізделген басқа да цифрлық тех­­нологиялар жай ғана техника емес, олар – ауыл еңбегінің жаңа мәдениеті, болашаққа деген сенімі мен кіндік қаны тамған ауы­лы­на қайта оралатын жастардың жаңа мүм­кіндіктеріне айналатыны анық. Осын­дай жаңашылдықтар еліміздің барлық өңіріне тараса, тұтас қазақ ауылдары да технологиялық серпілістің жаңа дәуіріне аяқ басары сөзсіз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 06:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары