Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Ақмолада өрттен бес баланы құтқарған әке мен ұл марапатқа ұсынылды

Ақмолада өрттен бес баланы құтқарған әке мен ұл марапатқа ұсынылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылының тұрғыны Ерлан Тоқсанбаев пен оның ұлы Мирастың өртке оранған үйден бес бірдей баланы құтқарып қалғаны туралы жазған болатынбыз. Батыл азамат жанып жатқан үйден  шығып үлгерген екі баланың артынан қалып қойған үш бірдей баланы да алып шыққан еді. Қайсарлық пен адамдықтың нағыз үлгісін көрсеткен әке мен баланың ерлігі бүгінде бүкіл өңірге өнеге болып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Естеріңізге сала кетсек, оқиға жуырда Үлгі ауылындағы жеке тұрғын үйде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде үй ішінде бес бала болған. Ал олардың анасы – көпбалалы жалғызбасты әйел сол сәтте жұмыста болған.

– Екі бала өз күшімен сыртқа шығып үлгерген. Алайда қалған үшеуін жалын мен қою түтін ішінен үйден сыртқа шыға алмай қалған. Сол кезде көмекке ауыл тұрғындары Ерлан мен Мирас Тоқсанбаевтар жүгіріп жеткен. Олар ойланбастан терезені сындырып, балаларды түтінге толы бөлмеден сыртқа алып шықты. Бұдан бөлек, Ерлан Тоқсанбаев үйді жарықтан ажыратып, екі газ баллонын далаға шығарып үлгерді. Батыл азамат үлкен жарылыстың алдын алды, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Дегенмен үйде төрт газ баллоны бар болып шықты. Соның біреуі жарылып, үйге айтарлықтай зақым келген. Қалған баллонды оқиға орнына жеткен құтқарушылар дер кезінде сыртқа алып шыққан. Өрт толықтай сөндіріліп, зардап шеккендер болмады.

Біржан сал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Денис Шелкоплясовтың айтуынша, өрттің шығуына себеп – қазандықтағы су айдайтын насостағы қысқа тұйықталуы себеп болған. Электр сымдары арқылы тараған жалын ағаш қабырғалар мен төбені тұтастай шарпып кеткен. Ал негізгі залалды жарылған газ баллоны келтірген.

Қазіргі таңда ерлік көрсеткен әке мен ұлды мемлекеттік наградаға ұсынып отыр.

Айта кетейік, Мирас Тоқсанбаев – азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің 4-курс студенті. Болашақта кәсіби құтқарушы болуды армандайтын жас жігіт. Ерлан мен Мирастың батылдығы мен жанқиярлығы ел ішінде ізгілік пен бірліктің өлшемін тағы бір мәрте айқындап берді.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:277
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары