Ақмоладағы ат клубында ауыр оқиға: жігіт сал болып қалды, ал бойжеткеннің иығы сынды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақмола облысындағы ат спорты клубында болған екі ауыр оқиға қоғамның назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алғашқы жағдайда 20 жастағы Дінмұхамед аттан құлап, мойын омыртқасы мен жұлыннан ауыр жарақат алып, толық сал болып қалған. Туыстары клуб қызметкерлері жедел жәрдемді уақытында шақырмағанын, алғашқы көмектің талапқа сай көрсетілмегенін айтады. Сондай-ақ олар клуб басшылығының ешқандай қолдау көрсетпегенін айтып, оқиғаға құқықтық баға беруді талап етуде.
Көп ұзамай осы клубта тағы бір оқиға тіркелді. Атпен серуендеу кезінде бойжеткен ер-тоқымның тайып кетуінен құлап, иығын сындырған. Оның айтуынша, атты кәмелетке толмаған бала берген, ал қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Зардап шегуші клуб уәде еткен көмекті полицияға жүгінгеннен кейін тоқтатқанын мәлімдеді.
Қазір екі оқиғаға қатысты тиісті тексеру мен тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 14:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















