Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

АҚШ тағы иммигранттарға тықыр таянды

АҚШ тағы иммигранттарға тықыр таянды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Дональд Трамп иммигранттарға қайта шүйлікті. «Үшінші әлем» елдерінен келетін босқындардың АҚШ аумағына кіруіне біржола тыйым салмақ. Миллиондаған азаматты заңды мәртебесінен айырып, депортациялауды талап етіп отыр. Ал Ауғанстан азаматтары тіпті «қара тізімге» енді десе болады.

Трамп әкімшілігі босқын мәртебесін алуға ұмтылған ауғанстандықтардың өтінімдерін қарауды тоқтатты. Онсыз да жағдайы мәз емес тұрғындарда қазір қорқыныш пен үрей басым. Дональд Трамптың мұндай шешім қабылдауына не себеп? Иммигранттар тағы несімен жақпай қалды?

Иә, АҚШ президенті әу бастан қатаң көші-қон саясатын ұстанатыны белгілі. Онсыз да иммигранттарды аса жақтыра бермейтін Дональд Трамп бұл жолы қоныс аударушылармен күреске шындап кіріскен тәрізді.

Иммигранттарға тықыр таянды    

Ақ үй басшысының қатқыл мәлімдемесіне таяуда АҚШ-та болған қылмыс себеп. 29 жастағы жігіт тапа-тал түсте Ұлттық ұланның екі сарбазына оқ атқан. Оның біреуі көз жұмды. Екіншісі ауыр халде. Оқыс оқиға басқа емес, ел астанасы Вашингтонның қақ ортасында, Ақ үйге жақын маңда болған. Күдікті – Ауғанстан азаматы. Трамптың сабыры таусылды ма, әйтеуір осыдан кейін барлық иммигрантқа шүйлікті. АҚШ босқын мәртебесін сұраған ауған азаматтарының өтінімдерін қарастыруды тоқтатты.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Бұл шабуыл нағыз қатігез, лаңкестік әрекет болды. Күллі мемлекетке қарсы жасалған қылмыс. Бұл іске барған адамды ең қатаң жаза күтіп тұр. Заң мен тәртіпті бұзатын адамдардың мұндай әрекеттеріне шыдап отырмаймыз. Байден кезінде Ауғанстаннан келгендерді қайтадан тексерістен өткізу қажет. Елімізді жақсы көрмейтін шетелдік азаматтардың бізге керегі жоқ. Оларды ел аумағынан шығару үшін барлық қажетті шараны қолданамыз.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген осы. Трамп иммигранттардың көбеюі батыс өркениетіне қауіп төндіріп, бюджетке салмақ түсіреді деп есептейді. Елдегі қылмыс санының артып, тұрғын үй тапшылығына әкелетінін айтады. Сондай-ақ «кедей мемлекеттерден көшіп келетін азаматтар халық арасында әлеуметтік қиындықтар тудырады», – дейді. Яғни байлар мен кедейлер арасы алшақтайды. Әлеуметтік жүйелердің қызмет ету тиімділігі мен сапасы төмендейді. Президенттің бұл пікіріне сарапшылардың жауабы көп күттірмеді.

Лейла Айюб, көші-қон мәселелері жөніндегі адвокат:

- Біз бұл шешімге аң-таңбыз. Президент Трамптың аузынан шыққан сөздер не саясатта, не заңда жазылмаған. Биліктегілер мұндай шараны бір адамның әрекетіне бола қабылдап жатқаны ұжымдық жазалаумен пара-пар. Олар бұл оқиғаны көші-қон саласындағы шектеулерді одан әрі күшейту үшін пайдаланып отыр. Ақылға сыймайтын дүние.

 

Трамп Байденнің көші-қон саясатына қарсы      

2021 жылы бұрынғы президент Джо Байден Ауғанстаннан қарулы күштерді шығару туралы шешім қабылдады. Осыдан соң АҚШ-пен серіктес болғаны үшін қудалауға ұшыраған Ауғанстан азаматтарына арналған бағдарлама әзірленді. Сөйтіп, кейінгі 4 жылда 200 мыңға жуық ауғанстандық босқын АҚШ-қа қоныс аударды. Вашингтонда сарбаздарға оқ атқан күдікті де дәл осы бағдарлама арқылы мұхит асып келген. Қазіргі кезде 265 мың ауғанстандық АҚШ-қа көшу үшін құжаттарын тапсырған. Олардың 180 мыңы арнайы иммиграциялық визаға кезекте тұр. Басым бөлігі әзірге Пәкістан, Қатар, Солтүстік Македонияны паналап жүр. АҚШ-тың босқындарға қатысты өтінімдерді қарастырмай қоюы мыңдаған азаматтың арманына балта шауып, соңғы үмітін су сепкендей басты.

Ахмад Самим Наими, босқын:

- Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң Үкіметтің бұрынғы қызметкерлері мен тілшілердің соңына түсті. Мен де тілшімін. Сондықтан Пәкістанға қоныс аударуға мәжбүр болдым. АҚШ-қа визаға тапсырдым. Қазір біз үшін Пәкістанда да қауіпті. Ауғанстанға заңсыз депортациялап жатыр. Жақында Ауғанстанға қайтқан төрт тілші із-түзсіз жоғалып кетті. Мұндай мысалдар көп, сондықтан АҚШ билігі шешімін қайта қарауы керек деп ойлаймын.

Дональд Трамп экс-президент Джо Байден енгізген бағдарламаны қателік деп санап, қатаң сынға алды. Ал сарапшылар: «Трамп әкімшілігінің көші-қон саясаты қауіпсіздікті арттырмайды, мұның пайдасынан гөрі зиян тұстары басым», – дейді.

АҚШ-та иммигранттар саны азайды 

Трамп әкімшілігі сондай-ақ АҚШ-қа қоныс аударған 19 елдің азаматтарына берілген грин-карталарды қайта қарайтынын мәлімдеді.

Тізімде Азия, Африка, Латын Америкасының бірқатар мемлекеті бар. Биыл АҚШ-та иммигранттар саны кейінгі 50 жылда алғаш рет азайғанын байқап отырмыз.

Дональд Трамп екінші рет президенттік қызметіне кіріскен соң алғашқы жарты жылда шетелдік азаматтардың үлесі 1,4 млн адамға қысқарып, шамамен 52 млн-ға жеткен. Бұл жалпы халық санының 15%-і.

Мәселе сонда – АҚШ-та еңбекке қабілетті азаматтар саны артып жатқан жоқ. Елде туу көрсеткіші өте төмен. 15 жылдан кейін ел тарихында тұңғыш рет өлім-жітім туу көрсеткішінен асып түспек. «Сондықтан жұмыс күшін арттырудың бірден-бір жолы – иммигранттарды тарту», – дейді сарапшылар. Өйткені жұмыс күші өспесе, экономиканың жағдайы нашарлайтыны анық. 

Эндрю Сили, көші-қон саясаты институтының президенті:

- Құрама Штаттарға келетін иммигранттар, әдетте, жоғары білімі бар азаматтар. Кедей мемлекет және аз қамтылған иммигранттар арасында ешқандай байланыс жоқ. Сондықтан олардың бәрін қылмыскер деп санау қате. Түптеп келгенде аз қамтылған иммигранттардың орташа америкалыққа қарағанда қылмысқа бару ықтималдылығы төмен.

 Иә, адами капитал – экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші. Ал көші-қон өнімділікті арттырып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ел болып қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан Ақ үй басшысының қызбалықпен қабылдаған шешімі миллиондаған мигранттың тағдырына ғана емес, ел экономикасына да елеулі әсер етуі мүмкін. Дегенмен қадалған жерінен қан алатын мінезімен белгілі саясаткер алған бетінен қайтпайтын тәрізді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Желтоқсан 2025 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары