Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Ақтастағы экологиялық мәселелер: карьерлер мен қоқыс полигондары халыққа қалай әсер етеді?

Ақтастағы экологиялық мәселелер: карьерлер мен қоқыс полигондары халыққа қалай әсер етеді?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында сонау кеңес дәуірінен қалған карьерлер өте көп. Ол кездері бұл құм-қиыршық тас қоспасы кен орны Новоалексеевское деп аталған. Уақыт өте келе оның айналасында Кеңдала, Ақтас, Бәйтерек және Ават ауылдары бой көтерді. Қазір карьерлердің бір бөлігі "рекультивация" сатысына жетсе, қалғандары әлі де жұмыс істеп тұр.

Tengri AI ұсынған жаңалықтың қысқаша мазмұны Бұл ЖИ жазған мәтін

Кеңдала ауылдық округінде (Алматы облысы) Ақтас және Кеңдала ауылдарының жанында Новоалексеевка кен орнының бірқатар карьерлері жұмыс істеп тұр немесе жабылуда; тұрғындар шаңға, шуға және жүк көліктерінің ағынына шағымдануда. Ақтас маңындағы қоқыс шұңқырларында өрт тіркелді: 2026 жылғы 18 шілдеде — «Эко Сервис Групп» ЖШС полигонында (3,5 га, тереңдігі 25 м-ге дейін, 500 шаршы метр аумақ жанды); 21 тамызда — «Al-So COMPANY» ЖШС учаскесінде (1 га, тереңдігі 50 м-ге дейін, 100 шаршы метр аумақ жанды). Кеңдала округінің әкімдігі 03-051-146-458 және 03-051-146-5153 учаскелеріндегі (психиатриялық аурухана шекарасында құм-қиыршық тас қоспасын өндіру және қалдықтарды қабылдау) заңсыз жұмыстар мен нысаналы мақсаттан тыс пайдалану туралы хабарлады, бұл санитарлық және экологиялық нормаларды бұзады және мекеме қоршауына қауіп төндіреді. «Эко Сервис Групп» ЖШС-нің қалдықтарды қайта өңдеу зауыты үшін 7,4 га жері болған (2008), бірақ зауыт салынбаған; қатты тұрмыстық қалдықтар шұңқырға жиналуда, қоқыс тасушы көліктер Дорожников көшесіне қалдықтарды тасуды жалғастыруда. Бірқатар карьерлердің жұмысы тоқтатылды: «Асфальтобетон 1», «Талғар Щебень», «Ақтас-М» ЖШС; жақын жерде «Өзентас» (карьер/бетон зауыты) және «Kaz Sheb» (балласттарды қайта өңдеу) жұмыс істеп жатыр. «Медик-4» саяжай қоғамының тұрғындары иіс пен шуға шағымдануда; әкімдік облыстың бұрынғы әкімі Марат Сұлтанғазиевке және полицияға «экологиялық апат» қаупі мен әлеуметтік шиеленістің артуы туралы ескертіп хат жолдаған. Облыстық кәсіпкерлік басқармасы «Өзентас», «Арсамаков ЖК», «Компания САПА 2004», «Ақтас М» лицензияланған карьерлерінде қоқыс тастау жағдайлары тіркелмегенін алға тартады; рұқсатсыз қоқыс тастау «пайдалы қазбалар карьері болып табылмайтын» учаскеде жүргізілуде.

Карьерлерге жақын тұрудың машақаты көп: шаң, шу, жүк көліктерінің толассыз қозғалысы. Өкінішке қарай, карьер жабылғанымен, мәселе бірден шешіле қоймайды. Әдетте мұндай орындарды қалпына келтіру үшін алдымен ішін қалдықтармен толтырады. Негізінен, құрылыс қалдықтары төгілуге тиіс. Алайда кейде тұрмыстық қоқыс та тасталады.

Биыл Ақтас ауылының тұрғындары қоқыс полигонына айналған карьерлерде бірнеше рет өрт шыққанына куә болды. Мұндай жағдай шілдеде және тамызда тіркелді. Бұл мәселе биыл ғана туындаған жоқ. Тіпті өрттен шыққан түтін мен жағымсыз иістен тұншыққан тұрғындардың наразылығынан кейін оқиға орнына Алматы облысының сол кездегі әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі барған.

Tengrinews.kz редакциясы Ақтас ауылы маңындағы карьерлерді өз көзімен көріп қайтуды ұйғарды, сонымен қатар, жергілікті шенеуніктерге осы жағдайға қатысты сауал жолдады.

Ақтас карьерлері

Ақтас ауылы Кеңдала мен Бәйтерек елді мекендері арасындағы тасжол бойында орналасқан. Ол негізінен саяжай массивтерінен тұрады, олардың саны 30-ға жуық.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ауылдан Үлкен Алматы каналы өтеді. Ал бұл жердегі басты әкімшілік нысан - қарқынды бақылау жасалатын мамандандырылған республикалық психиатриялық аурухана.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Кей тұста Ақтас қай жерде аяқталып, Кеңдала қай жерден басталатынын ажырату қиын. Бірақ бұл жерлердің барлығы Кеңдала ауылдық округіне қарайды.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл аумақтың маңызды ерекшеліктерінің бірі - көптеген карьермен көршілес орналасуы. Кеңдала ауылдық округі әкімі аппаратының біздің сауалымызға берген жауабына сүйенсек, бұл ауданда 5 құм-қиыршық тас карьері орналасқан. Оларды басқаратын компаниялар:

"Эко Сервис Групп" ЖШС, "Асфальтобетон 1" ЖШС, "Өзентас" ЖШС, "Компания Сапа 2004" ЖШС, "Арсамақов И.М." ЖК.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастр картасына сәйкес Ақтастағы ең ірі жер телімі - 57,2 гектар. Ол "Өзентас" ЖШС-ға уақытша, ақылы негізде ұзақ мерзімге пайдалануға берілген. Құжатта жер құм мен қиыршықтас қоспасын өндіруге арналғаны көрсетілген. Алайда жол бойындағы белгіге қарағанда, бұл аумақта бетон зауыты да жұмыс істейді.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Өнеркәсіп кәсіпорнының қоршауы саяжай массивтеріне өте жақын орналасқан. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары ауыр техниканың шуынан көз іле алмайтынын айтады. Сондай-ақ, олар шаң-тозаңға шағымданды.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Анықтама: ЖМБМК кадастрлық картасы мәліметінше, бұл аумаққа тағы екі учаске шектеседі, олардың кадастрлық нөмірлері: 03051146479 және 03051146480. Біріншісі нысаналы мақсаты "зауыт құрылысы үшін" деп көрсетілген "Ақтас М" ЖШС басқаруында. Ал екіншісінің нысаналы мақсаты "карьерге қызмет көрсету үшін" деп белгіленген, алайда оның құқық иеленушісі туралы ақпарат жоқ. Бұл учаскелердің әрқайсының көлемі екі гектардан.

Көше бойымен төмен түссеңіз, карьерге іргелес тағы бірнеше жер учаскесін көруге болады. Алайда ресми карталарда олардың нысаналы мақсаты "өндірістік базаны орналастыру үшін" деп көрсетілген.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл учаскелердің барлығы Ақтас ауылындағы саяжай массивтеріндегі үйлерге жақын орналасқан.  Мұндай көрініс айналаға әсер етіп, көңілді құлазытады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дегенмен бұл өндіріс орындарының ешқайсы жазда болған өрт туралы жаңалықтарда аталған жоқ. Сондықтан төмен қарай - республикалық психиатриялық аурухана мен Үлкен Алматы каналына бет алдық.

Мұнда канал мен психиатриялық клиниканың арасынан өтетін қиыршық тасжолды таптық. Бұл жол бізді келесі бір карьердің жиегіне алып шықты. Бір қызығы, Үлкен Алматы каналы осы тұста үзіліп қалады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алдымыздан таңғаларлық көрініс ашылды. Бұл карьерлер канал мен Дорожников көшесінің (кадастрлық карталарда ол "Приканальная" деп те аталады) арасында орналасқан.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Карьерлердің біріне, шынында да, қоқыс тасталғаны байқалады. Біз барған кезде де ол түтіндеп, бықсып жатты. Біз репортажды 2026 жылы 27 қазанда түсірдік.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дорожников көшесінен карьерге кіретін жол бар екені көрініп тұр. Жүк көліктері қоқысты дәл осы жерден әкеліп төгетін секілді.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сондай-ақ, карьердің түбінде топырақ қазып жатқан ауыр техниканы байқадық.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл жерлер басқарушы заңды тұлғалары мен нысаналы мақсаты әртүрлі алты кадастрлық учаскеге бөлінген. Сәл әріректе өндірістік желіні көруге болады. Учаскелердің бірінде инертті материалдарды өндіру әлі де жалғасып жатыр.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Дорожников көшесіне шықсаңыз, не қалдық төгуге бара жатқан, не қиыршық тас тиеп алған жүк көліктерін көресіз. Көлік қозғалысының жиілігі сонша - кейде жолдан өтудің өзі азап.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алты учаскенің ішіндегі ең шеткісі тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау, сұрыптау және өңдеу полигонын салуға әрі пайдалануға арналған. Бұл жер телімі "Эко Сервис Групп" ЖШС-ға тиесілі. Қоқыс таситын жүк көліктері қалдықтарды дәл осы жерге төгеді. Биыл шілдеде өрт шыққан орын да осы полигон.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сасық иістен, түтін мен шаңнан ең бірінші "Медик-4" саяжай алабының тұрғындары тұншыға бастайды. Ол психиатриялық клиникамен шектесіп, Дорожников көшесіне шығады. Жергілікті тұрғындар жағымсыз иіс пен жүк көліктерінің шуына шағымданды. Мұнда біреулер тұрақты тұрса, кейбіреулері тек саяжай маусымында келеді.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Заңсыз қызмет

Кеңдала ауылдық округі әкімі аппараты бұл аумақта үш учаскеде мәселе бар екенін мәлімдеді. Олардың ішінде кадастрлық нөмірлері 03051146458 және 030511465153 болатын екі учаске психиатриялық клиникамен шектеседі. Біріншісінің нысаналы мақсаты "өндірістік кешен салу" болса, екіншісі "шаруа қожалығын жүргізуге" арналған.

"Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі аумағында кадастрлық нөмірлері 03-051-146-458 және 03-051-146-5153 болатын, белгіленген нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын жер учаскелері орналасқан. 2022 жылдан бастап бұл жер учаскелерінің иелері онда өз бетінше жер қазып, құм-қиыршық тас қоспасын өндіріп жатыр. Жұмыс орнында қалдықтарды қабылдау алаңы да анықталды", - деп мәлімдеді шенеуніктер.

Түтіндеп жатқан қоқыс пен құрылыс техникасын дәл осы учаскелердің бірінен көрген болуымыз мүмкін.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Әкімдік өкілдері қазір пайда болған қазаншұңқыр аумағында тұрмыстық қалдықтар заңсыз қабылданып жатқанын, салдарынан санитария шарттары, экологиялық талаптар бұзылғанын айтты. Шенеуніктердің сөзінше, бұл учаскелерде заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізіліп жатыр және онда жұмыс істейтін азаматтар қоршаған ортаға зиян келтіріп, табыс тауып жүр.

"Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ерекше бақылаудағы республикалық психиатриялық аурухананың дәл іргесінде орналасқан және карьер жұмыстары жақын жүргізілуіне байланысты мекеме қоршауы құлап қалуы мүмкін", - деді әкім аппараты өкілдері.

Өрттер

Әкім аппаратындағылар жазда болған өрттердің мән-жайын айтты. Биыл 18 шілдеде "Эко Сервис Групп" ЖШС-ның қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты. Полигонның жалпы аумағы - 3,5 гектар, тереңдігі 25 метрге жетеді. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жауапқа сүйенсек, "Эко Сервис Групп" ЖШС-ның негізгі қызметі - Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округіндегі полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, қайта өңдеу, соның ішінде өртеу және көму бойынша қызмет көрсету.

"2008 жылы "Эко Сервис Групп" ЖШС-ға Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінде Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылдық округімен шектесетін тас карьерлері маңынан қалдықтарды өңдеу зауытын салу, оған қызмет көрсету үшін 7,4 гектар жер бөлінген. Тексеріс барысында зауыт салынбағаны, ал өңделмеген тұрмыстық қатты қалдықтар қазылған шұңқырға төгіліп жатқаны анықталды", - деп мәлімдеді әкім аппараты өкілдері.

21 тамызда басқа жерде өрт шықты. Ол топырақ пен құрылыс қалдықтарын қабылдауға арналған "Al-So COMPANY" ЖШС-ның жеке меншік карьері аумағында болды. Полигонның жалпы ауданы - бір гектар, ал тереңдігі 50 метрге жетеді. Өрт 100 шаршы метр аумақта болған.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұл учаске Дорожников көшесінің келесі бетінде, "Эко Сервис Групп" ЖШС полигонына қарама-қарсы орналасқан.

Әкімге келген хаттар және экологиялық апат

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері бұл жағдай туралы Алматы облысының бұрынғы әкімі Марат Сұлтанғазиевке және облыстық Полиция департаментінің бастығына хат жолдап, хабардар еткенін айтты. Олар заңға сәйкес шара қабылдап, "әлеуметтік шиеленістің алдын алу" үшін жағдайды реттеуді сұраған. Әкім аппараты қызметкерлері осы хаттарды редакцияның сауалына берген жауабына қоса жолдады.

"Медик-4" саяжай бірлестігінің тұрғындары қоқыстың жағымсыз иісі айналаға тарап, адамдардың денсаулығына кері әсер етіп жатқанына алаңдаулы. Тұрғындар өз чаттарында бұл мәселені талқылап, әкімдікке талап қойып отыр. Құзырлы органдар тиісті шара қабылдамаса, мәселені әлеуметтік желілерде көтеріп, Президент әкімшілігіне жүгінетінін, сондай-ақ, облыстық маңызы бар Үлкен Алматы айналма автожолы мен Талғар - Бәйтерек тасжолын жабатынын мәлімдеген", - деп жазылған Кеңдала ауылдық округі әкімі Алмас Өмірзақовтың облыстық Полиция департаменті бастығы мен Алматы облысының әкіміне жолдаған хаттарында.

Сондай-ақ, онда жазғы маусымда осы полигонда өрт шығу қаупі артатыны айтылған. Ал өрт шыға қалса, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары аумағындағы бірнеше елді мекенде "экологиялық апат болуы мүмкін".

Анықтама: Tengrinews.kz редакциясына Алматы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан да жауап келді. Онда Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында "Өзентас" ЖШС, "Арсамақов И.М." ЖК, "Компания САПА 2004" ЖШС және "Ақтас М" ЖШС жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарт иегерлері екені айтылған. Сондай-ақ, төрт карьердің де аумағында қоқыс төгу дерегі тіркелмегені айтылды. Басқарма тұрмыстық қалдықтар рұқсатсыз төгіліп жатқан жер "кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған карьер емес" екенін мәлімдеді.

Кеңдала маңындағы карьерлер

Кеңдала ауылдық округі аумағында бірнеше карьер бар. Олардың кейбірі Кендала ауылы маңында орналасқан.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Мәселен, жергілікті тұрғындардың мына үйлері карьерлердің бірінің қоршауына жақын тұр. Ал ауыл көшелерінің бірі карьер жиегіне тіреледі.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Қазір осы 7 гектар жер телімінің иесі - "Асфальтобетон 1" ЖШС. Алайда, жергілікті тұрғындардың айтуынша, таяуда ғана карьер жабылып, жақын арада мұнда рекультивация жұмыстары басталмақ.

"Әкім жақында келіп, карьер жабылғанын айтты. Оның орнын толтырып, саябақ жасайды екен. Сіздерге ертерек келу керек еді. Өйткені карьер жұмыс істеп тұрғанда, шаң, шулы болатын. Талай шағымдандық та. Қазір кран барлық жабдықты бөлшектеп жатқаны көрініп тұр. Карьер бұдан былай жұмыс істемейді", - деді учаскесі карьер аумағымен шектесетін жергілікті тұрғындардың бірі.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Өткізу пунктіндегі күзетші бұл ақпаратты растады. Кеңдала ауылдық округі әкімі аппараты бұл карьердің жұмысы ресми түрде тоқтатылғанын мәлімдеді.

"Бүгінде жер қойнауын пайдалану келісімшартының мерзімі аяқталуына байланысты "Талғар Қиыршық тас" ЖШС, "Асфальтобетон 1" ЖШС карьерінің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, уәкілетті органдармен бірлесіп, "Ақтас-М" ЖШС карьерінің жұмысы тоқтатылды", - деп жауап берді олар сауалымызға.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Сонымен қатар, дәл іргеде бұдан кем түспейтін ірі өндіріс жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір мұнда "Kaz Sheb" ЖШС жұмыс істеп тұр. Шенеуніктердің айтуынша, олар "сатып алынған балластарды" қайта өңдеумен айналысады.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Бұған дейін мұнда САМЕХ Almaty ЖШС жұмыс істеген. Алайда бұл компанияның қызметі де тоқтатылды.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Жуырда Tengrinews.kz редакциясы Алматы қаласының шекарасында орналасқан, бірақ әкімшілік тұрғыдан Алматы облысы Қарасай ауданына қарайтын Ақсай карьері жергілікті тұрғындарға қандай қиындық туғызып отырғаны туралы жазған еді. Жазда карьердің бір беткейінде өрт шықты. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары толассыз жүк көліктеріне, шаң мен жағымсыз иіске шағымданды. Кейбірі тіпті үйлері карьерге құлап кетуі мүмкін деп қауіптенді.

Карьердің бір бөлігінде жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аумаққа құрылыс қалдықтары да төгіледі. Алайда жерді қалпына келтіру аяқталған учаскеде тұрғындарға уәде етілген саябақтың орнына бетон зауытын салу жоспарланғаны белгілі болды. Бұл жағдай карьерді жабу барлық мәселені бірден шешпейтінін көрсетеді. Кейде қоқыстың рұқсатсыз төгілуі, шенеуніктердің жоспарды жиі өзгертуі жаңа қиындықтарға ұласады.

Бұл материалда Кеңдала ауылдық округіндегі карьерлерге қатысты жағдайды баяндадық. Алайда Новоалексеев құм-қиыршықтас қоспасы кен орнының аумағы бұл округпен шектелмейді. Оның кейбір карьерлері Еңбекшіқазақ ауданында да орналасқан.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин

Ол жақта да мәселелер болуы мүмкін, бұл туралы алдағы материалдарда баяндаймыз.

Мәтін: Никита Данилин

Дайындаған: Жансая Қадыржанова

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see151

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see147

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see147

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see146

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see145

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see143

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see138

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see137

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see135

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see135

Тоқаев бизнестің үніне құлақ асып, Салық кодексін өзгертуді тапсырды

28 Қазан 2026 12:38see135

Бұл абсурд : Тоқаев көлік жуу орындарында ауыз суды пайдалану туралы

28 Қазан 2026 12:13see134

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see134

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see132

Испанияда екі жүрдек пойыз соқтығысып, 46 адам қаза тапты

28 Қазан 2026 15:22see132

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see132

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see131

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see130

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see129

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары