Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ақтөбе экологтары полигон жанына қоқыс төгу дерегін тексереді

Ақтөбе экологтары полигон жанына қоқыс төгу дерегін тексереді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ақтөбе қаласындағы қоқыс полигоны сенімгерлік басқарудан алынып, коммуналдық кәсіпорынға берілді. Қазір мұнда «Қызмет Ақтөбе» мекемесінің жұмысшылары жүр.
— Қоқыс полигоны сенімгерлік басқаруға берілген жоқ. Сенімгерлік басқаруға алатын инвестор табылғанға дейін жұмысын уақытша «Қызмет Ақтөбе» мекемесі жүргізе тұрады. Бұл шаруашылық жүргізу құқығына ие коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, — деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.
Полигон басшысы Арсен Жоламановтың айтуынша, тек қоқысты қабылдау, оны жаю және таптау, әрбір 10 метр сайын бетін құммен жауып, нығыздау міндеттелді. Қоқыс тасымалдау компаниялары мен жеке кәсіпкерлерден еш кедергісіз қабылданып жатыр.
— Полигонда кезекші өрт сөндіру көлігі бар. Бұл өрт тіркелсе жедел әрекет ету үшін қажет. Қоқыс сағат 8:00–ден 20:00–ге дейін қабылданады. Тәулік бойы жұмыс істейтін коммуналдық мекеме көліктері кіре береді. Мұнда диспетчер құжаттарын тексеріп, салмағын өлшейді. Қоқыс төгетін жерде нұсқаушы жұмыс істейді. Шұңқырға төккен соң оны тегістейміз. Қазіргі кезде 40 компаниямен арада келісімшарт жасалды. Егер жеке адамдар әкелсе тоннасын 1720 теңгеден қабылдаймыз, — деді Арсен Жоламанов. Оның айтуынша, бұған дейін полигонды сенімгерлік басқаруға алған компания мен қоқыс тасымалдаушылар арасындағы даудан соң сыртқа тасымалданған қоқыс жиналып, полигонға қайта төгелген. Алайда тұрмыстық қатты қалдық полигонының оң қапталындағы қоқыс жинау жұмысы толық аяқталмаған. Мұнда ағаштың кесілген бұталарын, қаладағы түрлі қызмет көрсету және сауда орындарының қалдықтарын көруге болады. Сонымен бірге ірі мұнай компаниясының, банктің іс-құжаттары, түрлі келісімшарттар шашылып жатыр. Ақтөбе облысы әкімдігінен шыққан 15 жыл бұрынғы құжат көшірмелерін де анық көруге болады. Полигон маңындағы алаңдағы қалдық таяуда шығарылған және өрт болған аумақта енді-енді көму жұмысы жүргізіліп жатыр. Экологтар тексеру туралы шешімді әлі қабылдамады.
— Экология департаментіне «Neo Plus» ЖШС-не бөлек, сонымен бірге «Қарғалы» жеке кәсіпкерлігі, «АТК Қызмет» ЖШС, «Neo Plus» ЖШС-не қатысты бөлек шағым түсті. Бірінші іс бойынша қазір тексеру жүріп жатыр. Полигон жабылған кезде «Neo Plus» ЖШС- і сол жақта орналасқан сұрыптау кешенінің ішіне төккен қоқысты. Бұл дұрыс емес. Тексеру кезінде оны қайтадан полигонға тасымалдады. Ал екінші шағым үш компанияға қатар берілді. Тексеруге негіз бар ма, жоқ па деген сұрақ қаралып жатыр. Шешім 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Қалдықты кез келген жерге төгуге болмайды. Белгіленген жерге жинайды, белгіленген жерге төгеді. Бұл дегеніміз — полигон, — деді Ақтөбе облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Марат Карибаев.
Айта кетейік, Ақтөбеде қоқыс сұрыпталмайды, өңделмейді. Полигон жанындағы сұрыптау кешені бірнеше жыл бұрын ашылғанымен, жұмысы тоқтап тұр. «Neo Plus» ЖШС-нің иелігіндегі кешенді өзге кәсіпкер алуы мүмкін.
— Қазіргі кезде ішіндегі техниканы жөндеп жатырмыз. Біз қоқыстың бәрін сұрыптаймыз. Енді қоқыс алдымен осында төгіліп, іріктеледі. Арнайы құрылғыда барлығы 20 адам тұрады. Күні-түні жұмыс істеп, қаладан шығып жатқан қоқыстың 60-70 пайызы сұрыптағымыз келеді. Бұл жер азып-тозып кеткен және пайдаға асатын зат болмады, — деді жеке кәсіпкер Сырым Алдабергенов.

Еске салсақ, биыл Ақтөбенің полигонын сенімгерлік басқаруға алған «Таза Әлем 12» ЖШС қоқыс шығарушыларды да, әкімдікті де сотқа бермек. Ол бұған дейін тасымалдаушылардың келісімшартқа отырмағанын, 1 теңге де төлемегенін, бірнеше ай өтсе де өтінішке құлақ аспағанын айтып отыр. 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің хабарлауынша, үш ай сынақ мерзіммен сенімгерлік басқаруға алған компания негізгі талаптарды орындамаған. Оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау үшін қалдықтың бетін топырақпен жабу арқылы пайдалану, қалдықтарды алдын ала сұрыптау үшін үш жылжымалы сұрыптау кешенін, құрылыс қалдықтарына арналған ұсақтағыш құрылғы орнату жұмыстары бар. Сонымен бірге қалалық сенбіліктерде немесе екі айлық кезеңде жиналған қатты тұрмыстық қалдықты тегін орналастыруды және көмуді қамтамасыз ету келісімі жасалған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 06:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары