Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жемісті жеті жыл

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Ақтөбе: экономикалық серпін және жасыл болашақ

Ақтөбе: экономикалық серпін және жасыл болашақ

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Өңірде инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялар тарту жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Құжат аясында жаңа өндіріс орындарын ашу, өңдеу­ші өнеркәсіпті дамыту, экспорт көлемін ұлғайту және заманауи техноло­гияларды енгізу көзделген. Бұл жұмыстар өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2025 жылы құрылған «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалып­тастырып, жаңа өндірістерді іске қосуға жол ашты. Салықтық және әкімшілік жеңіл­діктердің арқасында өңірге тартылатын инвестиция көлемі артып, өнеркәсіп сала­сының дамуына жаңа мүмкіндіктер туындап отыр. Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге сәйкес, былтырғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің эконо­микалық өсімі 103,6%-ды құрап, өнер­кәсіп өнімінің индексі 101,3%-ға жет­кен. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және шетелден қаржы көзін тарту бағытында өңір экономикасына 892 млрд теңге инвес­тиция құйылып, өсім 129%-ды құраған. Сарапшылардың пайымынша, бұл кәсіп­орындардың тұрақты жұмыс істегенінің нәтижесінде өнім көлемінің артқанын көрсетеді.

Алайда экономикалық өсіммен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселесі де өзек­тілігін жоғалтқан жоқ. Өнеркәсіп көл­емі­нің артуы табиғи ортаға түсетін жүктемені күшейтуі мүмкін болғандықтан, өңірде өндірістік даму мен экологиялық қауіпсіз­діктің арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Мұнай және газ өндіру, тау-кен өн­дірісі, ферроқорытпа және металлургия, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру секілді ірі индустриялық өнеркәсіптік негізгі салалардың болуы аймақтың эколо­гиялық ахуалына аса көп көлемде зиянын тигізіп жатқаны жасырын емес. Мәселен, 2023 жылы атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көлемі шамамен 160 мың тоннаны құраған. Дегенмен экология­лық қордаланған мәселелерді шешу мақ­сатында кәсіпорындарда заманауи сүзгі жүйелерін орнату, қалдықтарды қайта өңдеуді дамыту, ауа мен су сапасына тұрақты мониторинг жүргізу және жасыл техноло­гияларды енгізу, көгалдандыру жұмыстарын күшейту жұмыстары қолға алынған. 

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарла­масының маңызы зор. Бағдарлама қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, елді мекен­дердің санитарлық жағдайын көтеруге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ақтөбе облы­сын­да да аталған бастама аясында көгалдандыру, абаттандыру, заңсыз қоқыс орындарын жою және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 

Жақында облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама­сының іске асырылуы, сондай-ақ облыс аудандары мен Ақтөбе қаласындағы сани­тарлық тазалық пен абаттандыру мәселелері қаралды. Жиында өңірдегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарының сапасын арт­тыру, көгалдандыру қарқынын күшейту және елді мекендердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі жауапты мекемелер мен аудан әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыс­тарды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетовтің айтуынша, аймақта экологияны басқарудың неғұрлым технологиялық әрі жүйелі моделіне көшу жұмыстары жалғасуда. Ауаның сапасын бақы­лау мақсатында өңірде төрт автомат­тандырылған бақылау стансасын орнату жоспарланған. Олар Алтын Орда және Есет батыр тұрғын алаптарында, сондай-ақ Шалқар ауданының Біршоғыр ауылында орналастырылады. Бұл стансалар атмосфера­лық ауаның жай-күйін нақты уақыт ре­жим­інде бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының айналасында 15 гектар аумақты қамтитын жасыл белдеу, ал аудан орталықтарының маңында 10 гектардан жасыл аймақтар құры­лады деп жоспарланған. Көгалдандыру жұмыстары 1 қарашаға дейін жалғасады. Облыс бойынша биыл көктемде жалпы саны 46,7 мың көшет отырғызылды.

Исатай Еспағанбетов республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында құрылған @TazaQazBot Telegram-ботының жұмысына да тоқталды. Бұл сервис тұрғындарға заңсыз қоқыс үйін­ділері, абаттандыру мәселелері, аумақ­тардың ластануы және басқа да экологиялық проблемалар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» чат-боты арқылы өңір тұрғындарынан өтініштер тұрақты түрде келіп түседі. Барлық өтінім тұрақты бақылауда болады және әрбір өтініш бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бұл құрал мәселелерге жедел әрекет етуге және халықпен тиімді кері байланыс орна­туға мүмкіндік береді», – дейді И. Еспаған­бетов.

Ал Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қалада көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін айтты. Оның ішінде тротуарлар, аялдамалар, саябақтар мен гүлзарларды механикаландырылған тәсілмен тазалау, ірі көлемді және заңсыз төгілген қоқыстарды шығару жұмыстары бар. Қала әкімінің есебінше, бұл жұмыстарға 88 арнайы техника мен коммуналдық қызметтердің 345 қызметкері тартылған. Қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету 16 учаске бойынша мердігер ұйымдарға бекітілген. Сонымен қатар автомобиль жолдарын жазғы күтіп ұстау жұмыстары 711 көшеде және 54 тұрғын алапта жүргі­зілуде. Тазалық жұмыстарына 200-ден астам қызметкер мен 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Барлық техника GPS-трекерлермен жабдықталған, бұл орындалған жұмыстардың сапасы мен көлемін бақылауға мүмкіндік береді.

– Бұл GPS-бақылау жүйесі арнайы техниканың жұмысын нақты уақыт режим­інде қадағалауға мүмкіндік беріп, атқары­латын жұмыстардың ашықтығы мен сапа­сын арттырады. Сондай-ақ жаңа келісім­шарттар аясында қаланың сани­тарлық жағдайын қамтамасыз ету және жол желісіне қызмет көрсету жұмыстарын 2026 жылдың ортасына дейін жүзеге асыра­тын мердігер ұйымдар анықталды. Олардың міндетіне тазалау, суару, сыпыру, жол жабындарын тегістеу және жол жиектерін күтіп ұстау кіреді, – дейді қала әкімі.

Облыс әкімі Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында барлық мекеме мен кәсіпорын басшыларына санитарлық тазалық жұмыс­тарын күшейтуді, заңсыз қоқыс үйінділерін жоюды жеделдетуді, цифрлық мониторинг құралдарын дамытуды және экологиялық іс-шаралардың тиімділігін арттыруды әрі қарай да жалғастыруды тапсырды. 

«Экологиялық жұмыстар бүгінде зама­науи цифрлық шешімдер мен тұрақты бақылауға негізделуі қажет. Ауаны монитор­ингтеу жүйелерін енгізуді жеделдету, заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын күш­ейту және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарудың ашық есебін қамтамасыз ету керек. Елді мекендерді көгалдандыруға және жоспарланған барлық іс-шараның белгіленген мерзімде орындалуына ерекше назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ тұрғын­дардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін «Таза Қазақстан» чат-ботының мүм­кін­діктерін белсенді пайдалану маңызды. Мемлекет, бизнес және халықтың ортақ жауапкершілігі арқылы ғана өмір сүруге қолайлы әрі таза ортаны қамтамасыз ете аламыз», – деп атап өтті өңір басшысы.

Қорыта айтқанда, экономикалық даму мен экологиялық жауапкершіліктің үйлесімді сабақтастығы Ақтөбенің тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, өңірдің болашақтағы бәсе­келестік артықшылығын нығайта тү­с­е­ді. Бұл бағытта жүзеге асырылып жат­қан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық мониторинг жүйелері мен көгал­дандыру жобалары табиғатты қорғау ісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп отыр. 

Тілек ҚАБЫЛ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see111

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see111

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see110

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see109

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see109

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see109

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see109

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see108

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see108

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see108

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see107

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see106

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see106

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see106

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see105

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see104

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see104

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see103

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see103

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары