Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ақтөбелік ана баласының қолын сындырған жасөспірімнің жазалануын талап етті

Ақтөбелік ана баласының қолын сындырған жасөспірімнің жазалануын талап етті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақжан Кәрім баласын жоғары сынып оқушысы ұрып, тіпті қол сүйегін сындырып жібергені туралы айтты. Оқиға 6 қазан күні мектеп ауласындағы футбол алаңында болған. 5-сынып оқушысы Айсұлтан Кәрім түстен кейін сабақтан шығып, ойнауға барады. Сол кезде 10-сынып оқушысы оларға дереу алаңнан шығуды бұйырады. Алайда балалар ойынды әрі қарай жалғастырып, жоғары сынып оқушысы келген сәтте бірін итеріп, кейін иығы мен аяғынан тебеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK (@aqtobe_sergek)

— Жоғары сыныптың қыздары мен балалары болса ойнап, күліп сол футбол алаңында отырады. Тепкен оқушының қасындағы достары «ана баланы үйіне апар, жедел жәрдем шақыр» деп қоймаған соң менің ұлымды орнынан тұрғызып, сынған қолын одан сайын бұрап, көтеріп, салыстырып көреді. Оны өзі де мойындап отыр. Сөйтіп балам үйге келеді. Жедел жәрдем шақырамыз. Ауруханаға түскенде «қолы сынған» деп айтты. Балама бір емес, бірнеше ота жасалып, қолына медициналық сым салынды. Операция жасалған күннің ертеңіне кінәлі бала мен оның анасы ауруханаға барады. Менің рұқсатымсыз кіріп, кездескен. Оны қалай кіргізіп отыр? № 1 қалалық полиция бөлімінде іс қозғалды. Бірақ қазіргі таңда бұрмаланып жатыр, жылы жапқысы келеді. Мен жоғары билік өкілдерінен, құқық қорғау органынан, білім басқармасынан, денсаулық сақтау басқармасынан ана жүрегіммен өтініп сұраймын. Бұл іс әділ шешімін тапса екен. Кінәлілер өз жазасын алса екен, — деді Ақжан Кәрімова видеоүндеуде.

Kazinform тілшісі ақтөбелік тұрғынмен байланысып, мән-жайды сұрады.

— Оқиға болған күннен соң мені полиция бөліміне шақырды. Бірақ полиция бөліміне жетпей-ақ сынып жетекшісі, ата-анасы, баланың өзі үйге келіп тұр. Кешірім сұрады. Артында ашуға беріліп, мен заң аясында шешілуін сұрадым. Себебі баланың қолындағы сымды 6 айдан кейін алады. Әрі қарай не боларын білмеймін, — деді Ақжан Кәрім.

Фото: Ақжан Кәрім

Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы бойынша іс қозғалды. 

— Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Күдіктінің ата-аналары баланы тиісті деңгейде тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Кәмелетке толмаған мектепішілік профилактикалық есепке қойылып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың бақылауына алынды. Полиция балалардың тәрбиесіне жауапсыз қарау және олардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша шара қолданбау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала травматология бөлімінде ем қабылдады. Ота жасалып, үйіне шығарылған.

— Емдеу орнында күзет қызметі бар. Ата-анасы мен бала пациентпен кездесті деген ақпарат шындыққа жанаспайды, — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде 14 жастағы жасөспірімнің өлімінен соң 6 оқушы сотталды. Үш оқушы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш оқушы жазасын бостандықта жүріп өтейді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 17:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары