Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Арал балық комбинатының тарихы Орынбор Ташкент теміржолынан бастау алады

Арал балық комбинатының тарихы Орынбор Ташкент теміржолынан бастау алады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

1905 жылы Орынбор — Ташкент теміржолының салынуы балық аулау ісіне бетбұрыс болды. Бұл балық кәсіпшілігінің орталығы саналған Арал каласының ірге тебуіне тікелей әсер етті.

— 1921 жылы халқы ашыққан Еділ бойына Арал халқының көмегі, балықшылардың зор азаматтық ерлігі, Ленин жазған хат және соған қатысты атқарылған шаруа тарихтың елеулі оқиғасы екені рас. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары балық кәсіпшілігіне ерекше көңіл бөлінді. 1923 жылы Арал қаласында балық аулау инспекциясы құрылды. 1925 жылы Қазақ автономиялық республикасының халық комиссариаты бүкіл Арал теңізі және Әмудария бойында балық аулау және оны қорғау туралы ереже қабылдады. 1925 жылдың 21 қазанында Қазақ КСР халық шаруашылығы орталық кеңесінің қаулысымен Арал мемлекеттік балық тресі құрылды, — деді Арал қаласындағы Балықшылар музейінің ғылыми қызметкері Тұмар Өмірзаққызы. 

Фото: Аралдағы балықшылар музейі

Түркістан республикасы халық комиссарлар кеңесінің бұйрығымен балық кәсіпшіліктері, кемелер мен құрал-жабдықтар Арал депутаттары кеңесіне берілді.

Ал қазан айында Түркістан өлкесінің балық өнеркәсібі басқармасы құрылды. 

— 1930 жылдары Арал теңізінде 38 балық колхозы болды. 1940 жылдары балық шаруашылықтары оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Қарақалпақ Республикасына 13, ал Солтүстік Аралға Қаратерең, Бөген, Қарашалаң, Шевченко, Қасқақұлан, Қызылбалықшы, Ақшатау, Сталин жолы, Аманөткел, Райым, Шөмішкөл, Бірлестік, Тастүбек, Жамбыл, Ленин, Балықшылар, Жаңажол сияқты 22 колхоз қарады. Бұлардың барлығында 1940-1950 жылдары 8 мың балықшы, 6,5 мың жұмысшы мен қызметкер еңбек етіп, балық аулау техникасы, әдісі әрбір кезеңде жаңарып отырды. Зауыттық училище мен оқу комбинаты балық жүйесіне қажет мамандар дайындады. Жыл сайын матрос, кеме капитаны, механик, шебер, ұста, балық тоңазытушы және сұрыптаушы секілді жүздеген маман оқып шығатын, — дейді Тұмар Өмірзаққызы. 

Фото: Аралдағы балықшылар музейі

Арал балық тресі балықшыларға қажет өнімді Мәскеуден алып тұрды. Трест басшылығының бұйрығымен бұлар әр зауытқа, елді мекендерге жіберіліп тұратын. 

— Кәсіпорын алдына қойылған мақсат-міндеттерді шешу үшін Арал балықшылар тұтыну одағы құрылды. Ол балықшыларды тұтынатын заттармен, тамақ өнімдерін қамтамасыз етіп отырды. Балық тресінің, кейін балық комбинатының құрылуы өндіріске тың серпін әкелді. Арал балық комбинаты жергілікті балықшылардың қарашаңырағына айналды. Алайда нарық экономикасы тұсындағы жекешелендірудің желеуімен Аралдың атын әлемге танытқан атақты кәсіпорын 1990 жылдары жұмысын тоқтатты, — деді музей өкілі. 

Фото: Аралдағы балықшылар музейі

Бұған дейін біз қиын-қыстау заманда Еділ бойы мен оған жақын аумақтағы аштық қысқан жұртқа көмек ретінде Аралдан жөнелтілген балық толы 14 вагонның бірі Арал ауданындағы Балықшылар музейінің ауласында тұрғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 12:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары