Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Ақмола облысында көлік өртенді

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Әріптесіңізден файл алдыңыз ба? Оны ашуға асықпаңыз, себебі міне

Әріптесіңізден файл алдыңыз ба? Оны ашуға асықпаңыз, себебі міне

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандықтарға мессенджер арқылы әріптестерінен, мердігерлерден және бейтаныс адамдардан келетін архивтер мен құжаттарға барынша сақ болу жөнінде кеңес берілді. ІІМ Tengri Life-қа мұндай файлдардың қаупі мен күдікті қосымшаны ашып қойған жағдайда не істеу керек екенін айтты.

"Жүктеп алып едім, жүйені қайта орнатуға тура келді"

Әлеуметтік желі қолданушысы ықтимал схема туралы жазды. Оның айтуынша, оған мердігерден "дизайн-жоба" деген желеумен файл келген. Жазба авторы мұндай қосымшаның астында қауіпті архив жасырылуы мүмкін екенін, ал жіберушінің аккаунты кейін жойылғанын ескертті.

"Алаяқтықтың жаңа түрі! Мердігерлер сізге дизайн-жоба ретінде файл жіберуі мүмкін. Шын мәнінде, бұл файл - архив. Кеше, Құдай сақтап, ештеңе жүктеп үлгермедім, артынша жіберушінің аккаунты жойылды. Сақ болыңыз, алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн өткен сайын күрделеніп барады", - деп атап өтті жазба авторы.

Скриншот: Threads

Бұл жазба 70 мыңнан астам қаралым жинады. Пікір қалдырушылар осыған ұқсас жағдайларға тап болғандарын жазған.

"Иә, мен де осындай жағдайға тап болдым! Жұмысбасты болып жүріп, байқамай жүктеп алыппын - ақыры жүйені толығымен өшіріп, қайта орнатуға тура келді. Ішінде деректерді ұрлайтын троян вирусы болып шықты", "Маған да дәл осылай жеткізушіден "өзара есеп айырысу актісі" келді: файлдың атауы жұмыс құжаттамасымен бірдей еді. Абырой болғанда, жіберілген хабарламаның қаралым санына дер кезінде назар аударып, ештеңе ашпадым", "Архивке кез келген нәрсені: вирус, бұзушы бағдарламалар, фишинг бұғаттаушыларды салып жіберуге болады. Бейтаныс контактілерден ештеңе жүктемей, әсіресе архивті ашпаған жөн", - деп жазды қолданушылар.

ІІМ не дейді?

Біз Ішкі істер министрлігіне сауал жолдадық. Мекеме өкілдері әлеуметтік желілерде сипатталған бұл сценарий алдаудың кең таралған тәсілдерінің бірі екенін растады.

"Киберқылмыстарды жасаудың бір жолы - мессенджерлер, әлеуметтік желілер және электрондық пошта арқылы түрлі құжат, архив, сурет және өзге де электрондық файлдар түрінде зиянды бағдарламалық жасақтаманы тарату", - деп атап өтті ІІМ.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар өздерін әріптес, мердігер немесе таныс ретінде көрсетіп, құжат немесе жоба түрінде файлдар жіберуі мүмкін. Архив ішінде көбіне вирустар жасырылады, олар іске қосылғаннан кейін қаскөйлерге құрылғыға, аккаунттарға және жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ал қолды болған деректер алаяқтарға сіздің аккаунтыңыз бен ақшаңызды пайдалануға жол ашады.

"Алынған мәліметтер кейін алаяқтық әрекеттер жасау үшін, соның ішінде зардап шегушінің атынан хабарламалар тарату, оның аккаунттарына кіру және ақшалай қаражатты иемдену үшін қолданылуы мүмкін", - деп хабарлады ІІМ.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін ІІМ қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды ұсынады:

бейтаныс немесе күмәнді адамдардан келген күдікті файлдар мен архивтерді ашпаңыз; байланыс нөмірлерін қайта тексеріңіз. Егер "жоба" немесе "құжат" салынған файл танысыңыздан немесе әріптесіңізден келсе, басқа мессенджер арқылы қайта сұраңыз немесе қоңырау шалыңыз; ашылған архивтегі белгісіз бағдарламалар мен .exe кеңейтілімі бар файлдарды іске қоспаңыз; құрылғыны қорғаңыз. Антивирусты қолданыңыз, смартфон мен компьютердегі операциялық жүйені уақытылы жаңартып отырыңыз, сондай-ақ барлық аккаунтта екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

Егер қауіпті файлды ашып қойсаңыз, не істеу керек?

дереу құрылғыдағы интернетті өшіріңіз (Wi-Fi, мобильді деректер); жүйені антивирус көмегімен сканерлеңіз; барлық аккаунттың, әлеуметтік желілер мен банктік қосымшалардың құпиясөздерін ауыстырыңыз, бірақ мұны басқа, қауіпсіз құрылғы арқылы орындаңыз.

Сонымен қатар ведомство қазақстандықтарды қырағы болуға, ешкімге SMS-код пен құпиясөздерді бермеуге, ал күдікті қоңырау немесе ақшаның негізсіз алынуы жағдайында дереу банкке және полицияға хабарласуға шақырды.

Айта кетейік, жақында Алматы полицейлері интернет арқылы танысудың қаупі туралы ескерткен болатын. Қалалық ПД мәліметінше, желіде танысқан адамдармен кездесуден кейін азаматтарды тонаудың жаңа деректері тіркелген.

Тағы оқыңыз: Премьер Бектенов алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2026 15:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see133

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see130

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see129

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see128

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see127

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see127

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see127

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see118

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see118

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see115

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see115

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see113

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see113

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see112

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see112

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see112

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see111

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see111

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see111

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары