Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Астананың айналма жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өрт басталды

Тұрғын үй кешені сапасыз салынған ба: мұның себебі неде және оны шешу жолы бар ма?

Тұрғын үй кешені сапасыз салынған ба: мұның себебі неде және оны шешу жолы бар ма?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Tengrinews.kz редакциясының Астана мен басқа да қалалардағы түрлі тұрғын үй кешендері туралы репортаж түсіріп жүргеніне бір жылдан асты. Олардағы мәселе әртүрлі: қабырғалардың қисықтығы мен өрт қауіпсіздігі жүйесінің жоқтығынан бастап, ортақ үй аумағын басып алуға дейін кездеседі.

Поделиться

Tengrinews.kz редакциясының Астана мен басқа да қалалардағы түрлі тұрғын үй кешендері туралы репортаж түсіріп жүргеніне бір жылдан асты. Олардағы мәселе әртүрлі: қабырғалардың қисықтығы мен өрт қауіпсіздігі жүйесінің жоқтығынан бастап, ортақ үй аумағын басып алуға дейін кездеседі.

Осы бір жыл ішінде тек елордада емес, бүкіл Қазақстан бойынша құрылыс саласында қордаланған мәселелердің бір парасын ғана көре алдық. Енді ТҮК-тер неге көп жағдайда көптеген кемшілікке қарамастан пайдалануға берілетінін түсінуге тырысып, бұған кім жауапты екенін талдап, сондай-ақ осы көпжылдық мәселенің жолдарын іздеп көреміз.

ТҮК-терде қандай мәселелер болады?

Алдымен статистикаға үңілсек: бүгінде еліміздегі құрылыс қарқыны қандай? Бейінді министрлік мәліметінше, 2022 жылдан 2025 жылға дейін бүкіл Қазақстан бойынша 46,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Егер 2022 жылы тоғыз миллион шаршы метрден сәл ғана асатын үй берілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13,5 миллионға жетеді.

Ең көп құрылыс үш қалада жүріп жатыр:

бірінші орында - Астана, одан кейін Алматы, содан соң - Шымкент.

Осы орайда қисынды сұрақ туындайды: мұның бәрін бақылап үлгеруге кімнің қауқары жетеді?

Дәл осы жерде біз күтпеген жаңалық ашуымыз мүмкін.

Мемлекет көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау процесіне қатыспайды.

10 жыл бұрын мемлекеттік қабылдау комиссиясы жойылды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңға тиісті түзетулер күшіне енді. Бұл "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара" ретінде енгізілді, бұл туралы ресми түрде 2014 жылы жарияланған болатын.

Мәселе мынада: бұрын комиссия көптеген мемлекеттік органнан тұратын, ал құрылыс салушыға 19-ға жуық қол жинау қажет болатын. Ол үшін бұл айларға, тіпті жылдарға созылатын қиын процесс еді. Ал 2016 жылдан бастап тіпті Төтенше жағдайлар министрлігі де тұрғын үйлерді пайдалануға беру кезінде тексермейтін болды.

Бірақ, айта кетейік, жақын арада Құрылыс кодексі күшіне енеді де, ТЖМ қайтадан қабылдау процесіне қатыса бастайды. Қазіргі уақытта бұл іспен тек құрылыс салушының өзі жалдайтын техникалық және авторлық қадағалау мамандары айналысады.

"Техникалық және авторлық қадағалау мамандары жауапкершілік арқалауы тиіс, - дейді ТҮК сарапшысы Павел Шульгин. - Қазір оларда ешқандай жауапкершілік жоқ. Олар қабылдап алған үй құлап немесе опырылса не болады? Негізінде, қол қойғандарды тіпті 20 жылдан кейін де тауып, соттау керек. Теориялық тұрғыда бұл солай жұмыс істеуі тиіс. Іс жүзінде бұлай болуы екіталай".

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының болуы барлық мәселелерден қорғады деп айтудан аулақпыз. Ол кезде де қиындықтар жетіп артылатын.

Бұған "Гранд Алатау" немесе "Гранд Астана Элит" тұрғын үй кешендері мысал бола алады. Екеуі де мемлекеттік қабылдау әлі жұмыс істеп тұрған кезде пайдалануға берілген. Бірақ екі ТҮК-те де басынан бастап, мысалы, өрт сөндіру жүйесі жұмыс істемейді. Соған қарамастан, қағаз бетінде ТЖ қызметінің қолдары қойылған.

Тағы бір мысал - Қарағандыдағы  2012 жылы құлап қалған "Бесоба" тұрғын үй кешені. Бұл үй де мемлекеттік комиссия бар кезде өткізілген. Ол кезде кінәлілер жазасын алғанымен, кейін рақымшылыққа ілікті.

Опырылып құлаған "Бесоба" ТҮК. Фото: © Александр Ермоленок, 2012 жыл

Жалпы, сапасыз құрылыс туралы құрғақ сөз айтпау үшін, тұрғын үйді қабылдаумен айналысатын компанияға жүгінуді жөн көрдік. Бұл арнайы оқытылған адамдар - олар сіз жаңадан сатып алған немесе сатып алғалы жатқан пәтерге барады. Өз білімдері мен арнайы құралдардың көмегімен барлық кемшілікті, әсіресе жасырын ақауларды анықтайды. Содан кейін құрылыс салушының кепілдік бөліміне өткізуге болатын құжат дайындап береді.

"Барлық ақау қайталанып отырады, - дейді осындай компаниялардың бірінің инженері Мұрагер Сейілбеков. - Мысалы, терезелердің айналасынан жел соғуы. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені қысқы уақытта суық, ылғал мен көгеруге себеп болады. Кіреберіс есіктердің зақымдануы, еденнің тегіс болмауы, қабырғалардың қисықтығы, терезелердегі сызаттар мен сынықтар. Әрбір қабылдаудан кейін құрылыс салушылар кем дегенде бір терезені ауыстырып береді".

Елордадағы "комфорт" ТҮК-тердің біріндегі құрылыс сапасы. Редакция мұрағатынан алынған фото

Сондай-ақ инженерден пәтер қабылдау кезіндегі ең ерекше ақау туралы айтып беруін сұрадық.

"Бір жағдайда біз қабырғадағы газоблоктарды жай ғана қолмен алып көрдік, өйткені желім мен газоблоктың өзі сапасыз болды, - деп еске алады Сейілбеков. - Ал бұл сыртқы қабырға болатын, яғни оның арғы жағында жылуоқшаулағыш пен қасбет тұр. Пәтер иесі бұл пәтерден бірден бас тартты. Айта кетейін, бұл жетекші құрылыс салушылардың бірі және бизнес-кластағы үй болатын. Құны - шаршы метріне 700 мың теңгеден басталады. Осы ТҮК-те біздің қабылдауымыздан кейін төрт пәтер иесі пәтерден бас тартты".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Мұрагер Сейілбеков

"Leveleven" ЖШС инженері

Құрылыс салушының әрлеуінен кейінгі қабырғалардағы тесіктер. Фотоны Мұрагер Сейілбеков ұсынды

Бірақ бұл тек пәтерлерге қатысты. Ал үйдің немесе тұтас тұрғын үй кешенінің (ТҮК) қандай күйде өткізілетінін тұрғындар тек МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) құрып, ортақ мүліктің әрбір бұрышын өздері зерттей бастағанда ғана біледі. Міне, осы кезде көптеген қызықты жайттардың беті ашылады.

Бұл туралы Астанадағы МИБ төрағаларының көбімен тығыз араласып, әріптес болып жүрген Шульгин айтып берді.

"Есімде қалған ең сорақы жағдай - Астанадағы ТҮК-тердің бірінде паркингтегі тіреуіш бағаналар ауада ілініп тұрды. Ерте ме, кеш пе, бұл үй құлайды. Онда адамдардың тұрып жатқанына алты жыл болды, нысан пайдалануға берілген. Үй барлық бағанаға тіреліп тұрған жоқ, олар жай муляж сияқты қойылған. Көбінде паркинг пен шатырдан су ағу, алғашқы жылдың өзінде қасбеттердің құлауы, қабырғалардың дымдануы жиі кездеседі. Енді тұрғындарға ең болмаса бетонның дұрыс құйылғанына дұға ету ғана қалады, өйткені бұл - негізгі конструкция. Меншік иелерінің шаршы метрді қаншаға сатып алғаны маңызды емес. "Бизнес", "комфорт" және "эконом" санаттары бірдей деңгейде салынады".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Павел Шульгин

"Территория Права" астаналық қоғамдық бақылау тобының жетекшісі

Айта кету керек, құрылыс салушылар өз тұрғын үйлеріне қатысты "бизнес", "премиум" және тағы басқа ұғымдарды жиі маркетинг мақсатына қолданады. Заң жүзінде мұндай категориялар мүлдем жоқ. Сондықтан құрылыс компаниялары көбіне тұрғын үйдің бір класын жарнамалап, іс жүзінде басқасын салады. Біз бұны жеке сараптамалық материалда егжей-тегжейлі талдаған болатынбыз:

 "Бизнес" санатынан деп алған үй "эконом" болып шықса, құрылыс компаниясын жауапқа тартуға бола ма?

ТҮК қандай болып салынуы керек екенін түсінуге көмектесетін негізгі құжаттардың бірі - жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ). Павел Шульгиннің айтуынша, заңға сәйкес құрылыс салушы бұл құжаттың көшірмесін үйді басқару органына, мысалы, МИБ-ке беруі тиіс (бірлестік құрылған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде). Бірақ көбіне ол бұлай істемейді. Оның себебі мынада:

"Жобалау-сметалық құжаттама - бұл "Кощей Бессмертный" туралы ертегідегідей: жұмыртқаның ішінде ине, ал инеде - ажал, - деп бейнелі түрде түсіндіреді Павел Шульгин. - Өйткені ЖСҚ білікті мамандардың (үйдің жай-күйін түсінетін тұрғындардың - ред. еск.) қолына түссе, бірден тексеріс басталады. ЖСҚ-да мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған италиялық лифт орнатылуы керек деп көрсетілуі мүмкін, ал іс жүзінде арзаны қойылады. Қасбеті қымбат материалдан деп көрсетіліп, іс жүзінде арзан әрі сапасыз болып шығады. Егер осының бәрі үшін соттасып, өтемақы талап етсе немесе ЖСҚ-да көрсетілгендей түзетуді талап етсе, құрылыс салушылардың жағдайы мүшкіл болады. Құрылыс салушы үнемдеген дүниенің бәрі оның қалтасында қалады".

Неге сапасыз салынады?

Бұл мақаланың басты сұрағы: неге құрылыс салушылар мұндай сапасыз құрылысқа жол береді?

Барлығы бірдей солай істейді деп айтпаймыз. Бірақ сапасыз құрылыс өте жиі кездеседі. Сарапшылардың сөзінен аңғарсақ, мұндай жағдайлар тіпті бизнес-класс санатындағы ТҮК-терде, оның ішінде танымал әрі ірі құрылыс компанияларында да болып тұрады. Әрине, кейбір кемшілік тұрғындардың шағымынан кейін кепілдік міндеттемелер аясында түзетіледі. Бірақ кейде ақауларды түзетуге соталды шағымдар немесе сот арқылы қолжеткізуге тура келеді.

Мұрагер Сейілбековтің пікірінше, себептердің бірі - білікті жұмыс күшінің тапшылығы. Оның айтуынша, тіпті жұмысшылардың біліктілігін арттыруға қойылатын талаптар да жоқ. 

"Көбісі үйді қабылдап алатын техникалық және авторлық қадағалау органдарын тәуелсіз ұйымдар деп ойлайды. Бірақ оларды құрылыс салушының өзі жалдайды. Соған сәйкес, мердігердің алатын ақысы да құжаттарға қаншалықты тез қол қойылатынына байланысты", - деп түсіндіреді қабылдау жөніндегі инженер.

Ал Павел Шульгиннің пайымдауы бойынша, сапасыз құрылыс мәселесі кешенді сипатқа ие:

Оның айтуынша, басты себептердің бірі - құрылыс жылдамдығының тым жоғары болуы. Ол үй сегіз айда біткен жағдайда сапа туралы айту мүмкін емес деп есептейді. Ал ақаулар тек пайдалану кезінде анықталады және онымен меншік иелері бетпе-бет келеді. Екінші себеп ретінде сарапшы бақылаудың жекелеген процедураларының формалды сипатын атайды. Шульгиннің сөзінше, үйлерді авторлық және техникалық қадағалауды жүргізетін жеке тұлғалар тексереді, бірақ бұл көбіне тек қағаз жүзінде қалады.

"Тағы бір себеп - жауапкершіліктің нақты болмауы, - деп жалғастырды ол. - Құрылыс салушыға ешқандай жаза қолданылмайды. Соның ішінде құрылыс салушы бермейтін жобалау-сметалық құжаттамаға тоқталайық. Егер меншік иелері сотқа бермесе, ол үшін оған ешқандай жаза жоқ. Үйдің сыртқы инженерлік желілерін құрылыс салушы жылдап қала теңгеріміне өткізбеуі мүмкін, бұл үшін де жаза қарастырылмаған. Сондай-ақ сапа бөлімі кез келген құрылыс салушыда бола бермейді. Әрбір құрылыс компаниясы қандай да бір кемшіліктерді түзету үшін құрылысты тоқтатуға тәуекел ете алмайды".

Біз "неге?" деген сұрақты құрылыс салушылардың өздеріне де қоюды жөн көрдік. Барлығынан бірдей сұрау қиын болғандықтан, құрылысқа қатысы бар екі мыңнан аса заңды тұлғаны біріктіретін "Қазақстан құрылысшылар одағы" бейінді ұйымына жүгіндік.

Нәтижесінде мынадай жауап алдық:

"Сапа мәселесі ешқашан жүз пайыз шешілмейді. Бұл - белгілі бір жағдайларға байланысты 100 пайыз қолжеткізу мүмкін емес сипаттама. Өкінішке қарай, бүкіл әлемде солай. Астана ғана емес, жалпы Қазақстан қазіргі уақытта 2008 жылмен салыстырғанда екі жарым есе көп құрылыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Қазіргі құрылыс көлемі еліміз үшін бұрын-соңды болмаған деңгейде".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Вячеслав Лазарев

Қазақстан құрылысшылар одағы елордалық филиалының директоры

Бірақ жалпы алғанда, Лазаревтің пікірінше, соңғы жылдары құрылыс сапасы артқан. Сондай-ақ ол мынадай тепе-теңдікті алға тартады: құрылыс көлемі өскендіктен, сапасыз нысандардың саны да артып отыр.

"Мен сапасыз құрылыс себептерінің үш құраушысын бөліп көрсетер едім, - деп жалғастырды ол. - Біріншіден, нысандардың 60 пайыздан астамы үлестік құрылыс туралы заңды айналып өтіп салынады. Яғни, техникалық қадағалау мен инжинирингтік компаниялар тарапынан фискалдық бақылау төмен. Екіншіден, мемлекеттік нысандардың, яғни мемлекеттік тұрғын үйлердің құрылысы көбіне сапасыз болды. Мемлекеттік құрылыс бар жерде - бұл бүкіл әлемде солай - құрылыс сапасы сұрақ тудырады. Бірнеше жылдан бері мемлекеттің өзі салмай, дайын баспана сатып алып жатқанына қуаныштымыз. Үшінші аспект - кадр даярлау. Құрылыс көлемі 2,5 есе артты, ал мұншама маманды қайдан табуға болады?"

Тұрғын үй кешендерінің сапасыз құрылысы мәселесін қалай шешуге болады?

Бұл жағдайдан шығудың жолы бар ма? Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының сапасын жақсартуға не көмектесе алады? Біз бұл сұрақтарды сарапшыларға да қойдық.

Қазақстан құрылысшылар одағы елордалық филиалы директорының пікірінше, алдымен кадр даярлау мәселесін шешу қажет.

Ол ірі құрылыс компанияларының бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын, жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып, студенттерге екінші курстан бастап тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп отырғанын айтады. 

"Топ-менеджерлерді де оқыту керек. "Балық басынан шіриді" демекші. Бірнеше санат бар десек болады. Біріншісі - Кеңес үкіметі кезінде жұмыс істегендер. Олар өте жақсы салады, бірақ девелопментте (құрылысқа бизнес ретінде қарау - ред. екс.) ештеңе түсінбейді, себебі оны оқымаған. Екіншісі - маркетологтар. Олар өздерін сынап көргісі келді, бірақ құрылыс жүргізуді аса жетік білмейді. Үшіншілері бірінші және екінші санатты ұштастырады. Тиімділікті арттыру керек - бұл қалыпты процесс. Сонымен қатар, отандық тауар өндірісі қажет. Көп нәрсе материалдардың сапасына байланысты", - деп есептейді Лазарев. 

Павел Шульгин құрылыс салушылар үшін жауапкершілікті, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажет деп санайды:

"Бүгінде біздегі құрылыс салушылардың бетімен кеткені соншалық, қай жағынан алсаң да еркінсіп алған. Қандай да бір ЖШС-ларды лицензиясынан айырғаннан ештеңе өзгермейді, құрылыс салушыларда олар өте көп. Олар барлық айналма жолдарды біліп алған. Жауапкершілік бұлыңғыр. Іс тіпті меншік иелері - біз өзіміз кейбір мәселелерді шешуге тырысатын деңгейге жетті. Бәрін көріп отырған мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да емес. Меншік иелері заңгер де, техникалық қадағалаушы да болуға мәжбүр, тіпті үй пайдалануға берілгеннен кейін оның құрылысын өздері аяғына дейін жеткізеді. Қазір соттар МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) мен құрылыс салушылар арасындағы істерге толып кеткен". 

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі өз күшіне енуі тиіс. Жоспар бойынша, ол осы шығарылымда айтқан әлсіз тұстардың бір бөлігін реттеуі керек. Бірақ мынаны түсіну маңызды: жаңа кодекс құрылыс сапасы мәселесін автоматты түрде шешпейді.

Кез келген заң ол шынымен орындалғанда, техникалық және авторлық қадағалау тек қол қоюмен шектелмей, құрылыс салушылар нақты жауапкершілік арқалағанда және тұрғындардың өз үйінің құжаттарына қолжетімділігі болғанда ғана жұмыс істейді.

Авторлары: Иван Сухоруков, Роман Павлов

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

тұрғын үй Құрылыс сапа

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 10:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see116

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see116

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see115

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see115

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

08 Шілде 2026 22:14see115

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see114

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see113

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see112

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

08 Шілде 2026 16:46see111

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

08 Шілде 2026 17:28see111

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

08 Шілде 2026 16:48see111

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

08 Шілде 2026 17:23see111

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see110

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

08 Шілде 2026 14:16see110

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see109

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

08 Шілде 2026 22:41see108

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see107

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see107

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see105

Астананың айналма жолында екі жүк көлігі соқтығысып, өрт басталды

08 Шілде 2026 17:52see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары