Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әскери медицина қорғаныс саламаттылығының негізі

Әскери медицина қорғаныс саламаттылығының негізі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әскер сапындағы әрбір сарбаз үшін мықты да мінсіз денсаулық – Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал да талапқа сай атқарудың алғышарты. Күнделікті жаттығу, қатаң тәртіп, ауа райының құбылмалы жағдайлары, физикалық жүктемелер мен тактикалық тапсырмалар жоғары дене дайындығы мен темірдей төзімді талап етеді. Сондықтан денсаулықты күту, дұрыс тамақтану мен тұрақты медициналық бақылау – әскери өмірдің ажырамас бөлігі.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Мың рет естігеннен бір рет көрген артық» деген сөз бар. Бүгінгі қазақ армия­­сы сапында сарбаздар саулығы мен өмірі қалай қорғалған? Қарулы күштері­міз­ге қарас­­ты меди­­циналық мекемелер жұ­­мы­­сы жол­ға қойылған ба? Тиісті құ­рал-жабдықпен қамтамасыз етілген бе? Са­лаға қатысты қойылатын сұрақ көп. Қор­ғаныс ми­нистрлігінің баспасөз қыз­меті осы сұрақ­тың бәріне іс жүзінде көр­сету арқы­лы жауап беру мақсатымен БАҚ өкіл­дері үшін елі­міздің оңтүстігіндегі әскери гар­ни­­зон­дарға арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.

Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласын қамтыған екі күндік сапарды Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров өзі бастап барды. Астанадан әскери ұшақпен жеткен журналистер алдымен Талдықорғанның әскери госпиталімен таныстық. 1972 жылы салынған бұл мекемеде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне, мерзімді әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерл­е­ріне медициналық қызмет көрсеті­леді екен. Атауы «әскери госпиталь» болғанымен, атқаратын жұмысы кәдуілгі аурухана мен емханалардың қызметімен бір­дей. Мұнда әскери білім орда­ла­рымен қатар, азаматтық оқу орындарын бітірген білікті дәрі­гер мамандар еңбек етіп жатыр.

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіровтің айтуын­ша, елімізде Қарулы күш­терге қарасты 16 әскери меди­ци­налық мекеме, оған қоса тәулік бойы көмек көрсететін 130-дан аса тактикалық медициналық бөлім­ше бар. Онда 2 300-ден аса маман – қызметте.

«Біз еліміздің жоғары және арнайы оқу орындарын бітір­ген дәрігер мамандармен бірге, Ақтөбедегі Қарулы күштер­дің әскери институтында да меди­циналық кадр дайындаймыз. Оған қоса қазір Ресей, Қы­тай, Түр­кия елдерінде 200-ден аса офицеріміз бен курсанттары­мыз медицина мамандығы бойынша білім алып жатыр», деді генерал-лейтенант.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрінің тікелей тапсырмасымен мерзімді әскери қызметке келген жас сарбаздарға ең алдымен 10 сағаттық медициналық оқу өткізілетін болған. Өйткені әрбір жауынгер кез келген жағдайда өзіне және жанындағы жолдас­тарына алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек. Соны­мен қатар оқу-жаттығу бастал­ғанда сарбаздарға тағы да 36 сағат медициналық дайындық сабақ­тары оқытылады.

«Армия қатарындағы жауын­герлеріміздің денсаулығын сақтау мен нығайту – министрлік алдында тұрған басты міндеттің бірі. Осыған орай біз барлық қаладағы әскери госпитальдарымызды күрде­лі және ағымдағы жөн­деуден өткізіп жатырмыз. Астана мен Алматыдағы мекемелер толық күрделі жөндеуден өтті. Биыл барлық мекемеге 600-ден аса заманауи құрал-жабдық сатып алынды», деді Қ.Әбубәкіров.

Талдықорған қаласынан тік­ұшақ­пен көкке көтерілген біз одан әрі Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі әскери лазаретке табан тіредік. Хирургия мен терапия бөлімдерінен тұратын бұл мекеме 50 төсектік орынға шақталған. Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери-медицина саласын жаңа деңгейге көтеру барысы бұл жерден де анық байқалады.

«Биыл лазаретке жаңа емдеу және диагностикалау жабдық­тары сатып алынды. Дәрі-дәрмек­пен толық қамтамасыз етілген. Өздеріңіз білетіндей, Сарыөзекте еліміздегі үлкен әскери гарни­зонның бірі орналасқан. Сондық­тан мұндағы дәрігерлер әскерилер мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ МӘМС арқылы елді мекен тұрғындарына да көмек көрсетеді», дейді ҚК Бас әскери медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайылов.

Жалпы, сапар барысында біз Қарулы күштерге қарасты әскери медициналық мекеме­лер өз ішінде 4 деңгейге бөлі­не­тінін білдік. Ең жоғарғы дең­гейдегі мекемелер – Астана мен Алматыдағы бас әскери госпитальдар. Екінші деңгейде – облыс орталықтарындағы ме­ди­ци­налық мекемелер. Оның бірі – біз қызметімен танысқан Талдықорғандағы госпиталь. Сарыөзектегі әскери лазарет екі және одан көп әскери бөлімдерге қызмет көрсететін үшінші деңгейдегі мекемелер санатына жатады екен. Ал төртінші деңгейде – бір әскери бөлімге қарайтын тактикалық медициналық роталар.

Сарыөзектен әрі Қо­на­ев ­қаласына келіп, Десант­тық-шабуылдау әскер­леріне қарасты 32363 әскери бөліммен танысу барысында осы төртінші буынға жататын медициналық рота жұмысына да көз жүгірттік. Мекеме аумағына кірген сәтте геренал-лейтенант Қ.Әбубәкіров өзінің ең алғаш осы жерде лейтенант формасын киіп, әскери қызмет жолы басталғанын еске алды. Иә, бұл – расымен еліміздегі тарихы терең, жетістігі толайым байырғы әскери бөлімнің бірі. 90-жылдары тәжік-ауған шекарасын күзетуге, 2003 жылы Иракқа, одан кейін Ливанға барған бітімгершілік күштеріміз осы бөлім жауынгерлерінен жасақ­талып, аттанған.

Баспасөз турының бірінші күні Алматы қаласындағы бас әскери госпиталь жұмысымен танысумен аяқталды. Бұл мекеменің тарихы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады. Жоғары білікті дәрігерлер әскери қызметшілер мен МӘМС аясында өзге де тұр­ғын­дарға ғана емес, сондай-ақ шекараның сыртындағы елдерге де көмек қажет кезде қол ұшын созып оты­рады екен. Мәсе­лен, 2021 жылы Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жары­лыс болғанда алғаш болып жәр­демге жеткендердің бірі осы гос­пи­тальдың дәрігерлер тобы еді.

Біз бұл жерде бір айрықша оқиғаның куәсі болдық. Гос­питаль жанында тек еліміз­де емес, Орталық Азия мен ТМД аймағындағы жалғыз Симу­ляциялық орталық жұмыс істей­ді екен. 2024 жылы Қазақстан мен Жапонияның қорғаныс ведомстволары арасында медицина саласына қатысты үш­жылдық ынтымақтастық жос­­пары құрылыпты. Қарулы күш­­­тер бас әскери госпиталінің хирур­гі, медициналық қызмет подполковнигі Әбдуәлі Пал­тушевтің айтуынша, жоспардың алғашқы кезеңі аясында жыл басында біздің дәрігерлер То­кионың Өзін-өзі қорғау күш­теріне қарасты орталық госпи­таль­ға барып, адам кеуде қуы­­сы­ның гибридті симуля­торын дайындау технологиясын игеріп қайтқан. Нақтырақ айт­қанда, адам бейнесіндегі мани­кеннің ішіне жануардың, яғни шошқаның ішкі органдары салынып жасалады. «Бұл шұғыл ота жасауға машықтану үшін керек. Мәселен, әскери қызметші майдан даласында немесе басқа жерде жарақат алған жағдайда қансырауын тоқтатып, өміріне төніп тұрған қауіптің алдын алып, эвакуациялауға дайындайды», дейді Ә.Палтушев.

Екі ел арасындағы ынтымақ­тастық жоспарының екінші кезеңі аясында жапондық дәрігерлер біздің хирургтеріміздің аталған технологияны қаншалықты игергені мен әскери медицина саласына енгізгенін тексеруге келіпті. Біз Токио орталық госпиталінің бастығы Макото Нишикавамен де бірауыз тілде­сіп, ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыс жайында пікір алдық.

«Отандық дәрігерлер гибридті симулятор дайындауды жақсы меңгеріпті. Кеше жұмысын тек­серіп, 90 деген жоғары баға қой­дық. Біз өзімізбен бірге аяқтың симуляторын да ала келдік. Енді соны да дайындау технологиясын үйретпекпіз», деді ол.

Ә.Палтушевтің айтуынша, Жапониямен арадағы ынтымақ­тастықтың үшінші кезеңінде қазақ дәрігерлері адам басының симуля­торын жасауды да меңге­ріп, бұл технологияны әскери-далалық медицинаға енгізбекші. Осы орайда біз кеуде қуысын дайындауда неліктен шошқаның ішкі органдары қолданылғанын сұрағанымызда, жануарлар іші­нен шошқаның органдары адам­дікіне ең қатты ұқсайтынын айтты. Расында, мұндай ұқсастық бар екенін бұрын да естігенбіз, алайда бұл жолы білікті хирургтің өз аузынан естіп-біліп қайран қалдық.

Баспасөз турының екінші күні елордалық журналистер Жамбыл облысының Отар стансасында орын тепкен атышулы әскери бөлімнің медициналық мекемесінің, сондай-ақ монша мен кір жуу комбинатының жұмысымен де танысты.

Жалпы, бұл сапар Қорғаныс министрлігіне қарасты медици­налық госпитальдар мен лаза­рет­тердің жұмысы жолға қойыл­­­ғанын, заман талабына сай дамып жатқанын, кез келген уақытта дәрігерлік көмек көрсетуге сақадай сай екенін көрсетті. Министрдің орынбасары Қ.Әбубәкіровтің айтуынша, медицина ғимараттарын жөндеу мен жаңа құрал-жабдық алу жұмысы мұнымен бітпейді. Алдағы жылдары отандық әскери медицина деңгейін әлемдік деңгейге – жеткізу міндеті тұр.

АСТАНА – ТАЛДЫҚОРҒАН – САРЫӨЗЕК – ҚОНАЕВ – АЛМАТЫ – ОТАР – АСТАНА 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары