Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Астанада 336 млрд теңгеге 140 өндіріс іске асып, өңдеу өнеркәсібі жаңа қарқын алды

Астанада 336 млрд теңгеге 140 өндіріс іске асып, өңдеу өнеркәсібі жаңа қарқын алды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Елордада индустриялық инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасып, өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Мемлекеттік саясат нәтижесінде 2024 жылы сектор өсімі 10%-дан асып, өндіріс көлемі 2,5 трлн теңгеге жетті. 2025 жылы жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы есебінен өсімнің 7% деңгейінде сақталуы күтіледі.

Фото: Kazinform

— Соңғы үш жылда еңбек өнімділігі екі есеге артып, технология арқылы 37 жоба салынып, 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген. Кәсіпорын жанынан ашылған оқыту алаңында даярланған 40 адамның 63%-ы жұмысқа орналасқан, — деді қауіпсіздік инженері Индира Тохмолдина.

Индустриялық парк аумағында медициналық бұйымдар мен көпсалалы өндірістер де дамып келеді. Кешен басшысы Мурат Четиннің айтуынша, кәсіпорын айына 500 медициналық кереует шығаруға қауқарлы, ал процестердің басым бөлігі роботтандырылған жүйелер арқылы автоматтандырылған.

Фото: Kazinform

— Бұрын шетелден әкелінетін медициналық газ жүйелерінің кейбір бөліктері енді Қазақстанда дайындалады. Тәулігіне жүздеген бөлшек шығаратын автоматтандырылған хромдау жүйесі іске қосылған, — деп толықтырды өндірісті жоспарлау менеджері Салтанат Испир.

Фото: Kazinform

Құрылыс материалдары өндірісі де қарқын алып жатыр. Инженер Дмитрий Лебедев өндірістік желінің қуаты бір ауысымда 3,5–4 мың шаршы метр өнім шығаруға жететінін, ал жылдық көлемнің 1,8 млн шаршы метрге дейін ұлғайғанын айтады. Жабдықтар заманауи технологиялармен жабдықталып, металл бетінің адгезиясын күшейтетін арнайы жүйелер енгізілген. Шикізаттың барлығы — отандық өндірушілерден алынатын металл, минералды вата және екікомпонентті желім.

Бұдан бөлек, елордада индустриялық инфрақұрылымды кеңейту мақсатында № 2 индустриялық парктің құрылысы басталғаны хабарланды.

Жаңа алаңда 500 млрд теңгеден асатын 100-ден астам жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында Логистикалық парк қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көлік-логистикалық орталықтарды салуға қызығушылық танытқан отандық және шетелдік инвесторлар пулы құрылды.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, елорда экономикасына тартылатын инвестиция көлемі де артып келетінін атап өтті. 2024 жылдың тоғыз айында Астана инвестиция тарту бойынша елде көш бастап, 1,7 трлн теңге тартты, бұл өткен жылға қарағанда 37% өсімді көрсетеді. Оның ішінде 1,1 трлн теңге — жеке инвестициялар, бұл көрсеткіш 22%-ға артқан. Инвестиция ағыны жылжымайтын мүлік, көлік, өнеркәсіп, қаржы, білім беру және сақтандыру салаларына бағытталған. Ұлттық жобалар пулындағы 127 жоба жалпы 2,2 трлн теңгені құрайды.

Фото: Kazinform

— Астанада екі экономикалық аймақ бар. Біріншісі — «Астана Жаңа қала», екіншісі — «Астана Технополис». Әрқайсысының өндірістік және әлеуметтік бағыттары айқын. Бірінші аумақта ірі зауыттар шоғырланған. Жобалардың басым бөлігі ТМД елдеріне экспортқа көзделді. Елордада инвестор тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Басты назар инвестициялық жағдайды жақсартуға және жобаларды толық сүйемелдеуге бағытталған, — деді индустриялық аймақтарды әкімшілендіру департаментінің директоры Алмат Әлімбай.

Бұдан бұрын Қазақстан экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған «Инвестицияға тапсырыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске қосқанын жазғанбыз.

Кәмилә Мүлік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 02:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары