Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Астанада ЖРВИ мен тұмаудың көбеюіне байланысты санитариялық шектеулер күшейтілді

Астанада ЖРВИ мен тұмаудың көбеюіне байланысты санитариялық шектеулер күшейтілді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың өсуіне байланысты санитариялық індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада сырқаттанушылық қалай өсіп жатыр?

Құжатта көрсетілгендей, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Астана қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың артқаны байқалады.

Соңғы, 45-аптада қалада 23 002 ЖРВИ жағдайы тіркелген. 44-ші аптамен (2025 жылғы 30 қазан – 5 қараша) салыстырғанда сырқаттанушылық 1,5 есе артқан (ол кезде 14 994 жағдай болған).

14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60% құрайды – 14 018 жағдай.

Мектеп оқушылары жалпы сырқаттанғандардың 25%-ын (5 752 жағдай) құрап отыр, өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,1 есеге өскен. Әсіресе 1-4 сыныптарда сырқаттанушылық жоғары – 30% және одан да көп.

Лабораториялық мониторинг барысында ЖРВИ мен тұмаумен ауыратын пациенттерден алынған 285 сынама зерттелген. Соның 116 сынамасы оң нәтиже көрсеткен, барлығы да A(H3N2) тұмау вирусы. Бұдан бөлек, 6 жағдайда COVID-19 анықталған.

14 жасқа дейінгі балалар арасында A(H3N2) тұмауы 26 жағдайды немесе 22%-ды құрайды.

Қаулыда Астана қаласының аудан әкімдері, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, білім беру ұйымдарының басшылары, ұлттық сараптама орталығының қалалық филиалы, қалалық жедел жәрдем станциясы және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына нақты міндеттер жүктелген.

Жалпы міндеттер

Аудан әкімдері, денсаулық сақтау және білім беру органдары, сондай-ақ зертханалық қызметтер:

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025-2026 жылдардың эпидмаусымына арналған ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша санитариялық-індетке қарсы және профилактикалық іс-шаралар туралы қаулысының толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Емханалар мен амбулаторияларға қатысты талаптар

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысына амбулаториялық-емханалық ұйымдарда мына шараларды қамтамасыз ету тапсырылған:

үйге шақыртуларға қосымша жағдай жасау (автокөлік, жанар-жағармай, тіркеу бөлімінің кезекшілігі); медициналық персонал мен пациенттер үшін маска режимін сақтау; емханада науқастардың ұзақ уақыт жиналуын болдырмау, қосымша қабылдау кабинеттерін ашу; кіреберістер мен аумақта сүзгі-кабинеттердің (фильтр-кабинеттердің) жұмысын қамтамасыз ету; ЖРВИ, тұмау және асқыну белгілері бар адамдарды арнайы бөлмелерге оқшаулау, қажет болса, зерттеу үшін жағынды алу және амбулаториялық немесе стационарлық емге жіберу; жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалардың үйге шақыртуларын бірінші кезекте орындау, күнделікті патронаж және қажетті жағдайда дер кезінде госпитализациялау; тұмауға күдігі бар, ауыр және орташа ауыр жағдайы бар науқастарға қосымша телефон желілері арқылы консультациялық көмек көрсету және госпитализациялау; медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын 08:00-20:00 аралығына дейін ұзарту, демалыс және мереке күндері – 08:00-18:00; ЖРВИ, тұмау және пневмонияны емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттардың жеткілікті қорын қамтамасыз ету; қызметкерлерді бір реттік маскалармен (әр 3 сағат сайын ауыстыру) қамтамасыз ету; адамдар көп жерлерде ауаны зарарсыздандыру құрылғыларын пайдалану;
санитарлық тораптарды сұйық сабын, бір реттік қағаз сүлгілер, педальды қоқыс жәшіктерімен жабдықтау; үй-жайлардағы температура +18°С-тан төмен болмауы тиіс; ЖРВИ белгілері бар пациенттерге онлайн кеңес беру; емханаларда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша көрнекі ақпарат (стенд, парақша, бейнематериалдар) орналастыруды күшейту.

Ауруханалар, перзентханалар және стационарлар

Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен босандыру ұйымдары:

қажет болған жағдайда соматикалық бөлімшелердегі төсектерді инфекциялық төсектерге қайта бейіндеу; ауруханаға келушілер – пациенттердің туыстары мен бөгде адамдардың кіруін уақытша тоқтату; медициналық персонал мен науқастар арасында маска режимін сақтау; ЖРВИ және тұмаумен ауыратын пациенттерге қызмет көрсететін медицина қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен (маска, халат, қолғап) қамтамасыз ету; ЖРВИ, тұмау және пневмонияны емдеуге арналған препараттар, дезинфекциялау құралдарының қорын толықтыру; аурухана ішіндегі температуралық режимді сақтау: жалпы бөлімшелерде +18°С-тен төмен емес, перзентхана блогында +22°С-тен төмен емес; палаталарды күніне кемінде үш рет желдету; ауа зарарсыздандыру құрылғыларын пайдалану; персонал мен пациенттер арасында ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдарды анықтауды ұйымдастыру, науқастарды жеке палаталарға немесе блоктарға оқшаулау.

Қалалық жедел жәрдемге қатысты тапсырмалар

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына:

үйге шақыртуларды қамтамасыз ету үшін қосымша автокөлік, жанар-жағармай, тіркеушілердің ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын жеті күнтізбелік күнге дейін беру; ЖРВИ және тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету, қажет болған жағдайда оларды госпитализациялау; жеңіл және қайталанған жағдайлар бойынша онлайн кеңес беру тапсырылған.

Мектептер мен балабақшалар: қашықтан оқу және таңғы сүзгі

Астана қаласының Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасымен және МСАК ұйымдарымен бірлесіп, барлық білім беру ұйымдарында мына шараларды қамтамасыз етуі тиіс:

2025 жылғы 20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін: бір сыныпта оқушылардың 30% және одан көбі ЖРВИ-мен ауырса, ол сыныпты қашықтан оқыту форматына ауыстыру; бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптың 20-30%-ында ЖРВИ жағдайы тіркелсе, он күнтізбелік күн бойы кабинет жүйесін тоқтату және сыныпқа жаңа балаларды қабылдамау; әр ауысым алдында таңғы сүзгі жүргізу – жөтел, қызу, басқа да ЖРВИ белгілері бар балалар мен педагогтарды сабаққа жібермеу; балалар үйлері, интернаттар, приюттар мен жасөспірімдерге арналған орталықтарда күнделікті сүзгіні (сауалнама, тексеру, қажет болғанда термометрия) ұйымдастыру; балалардың, жасөспірімдер мен қызметкерлердің күнделікті қатысу мониторингін жүргізу, себептерін анықтау және ауру жағдайлары туралы медицина ұйымдарына хабарлау; ЖРВИ және тұмау белгілері байқалған балаларды ата-аналары келгенге дейін оқшаулағышта ұстау, қажет болса жылдам түрде ауруханаға жеткізу; медициналық пункттер мен оқшаулағыштарды термометр, шпатель, бір рет қолданылатын маска, тұмауға қарсы препараттармен жабдықтау; үй-жайларда +18°С +22°С аралығында температуралық режимді сақтау; кабинеттерде ылғалды жинау мен желдету режимін күшейту, үзіліс уақытын 10 минуттан 15 минутқа дейін ұзарту; дәретханаларды сұйық сабын, бір реттік сүлгілермен қамтамасыз ету; оқушылармен жеке гигиена және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын, тақырыптық диктанттар өткізуді ұйымдастыру; бұқаралық мәдени, мерекелік және спорттық іс-шараларды уақытша тоқтату.

Халықпен ақпараттық жұмыс

Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарайшық және Сарыарқа аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары:

халық арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі; бақылаудағы объектілерде аудио және бейнематериалдарды көрсетуі; дәрістер өткізу және әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыруы тиіс.

Қаулыда эпидемияға қарсы іс-шаралар Астанада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін жалғасатыны көрсетілген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары