Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Астанадан ұшатын жолаушыларға өзгерістер туралы ескертілді

Астанадан ұшатын жолаушыларға өзгерістер туралы ескертілді

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астана әуежайы жолаушыларға жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы ескертіп, ұшу алдындағы тексерістен өту кезінде кідіріс болдырмау үшін сапарға алдын ала дайындалуды сұрады, деп хабарлайды Tengri Travel.

Әуе айлағы баспасөз қызметі мәліметінше, бүгіннен бастап аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Тексерістен өтер кезде өзге жолаушыларды көп күттірмеу үшін қол жүгін және багажды үйден шықпас бұрын алдын ала тексеріп, тыйым салынған заттар тізімімен танысып алуды сұраймыз. Сіздің алдын ала дайындығыңыз сапарыңыздың тыныш әрі жайлы басталуына көмектеседі", - деді әуежай өкілдері.

Еске сала кетейік, әуежайдың ұшу-қону жолағында 2026 жылдың 15 сәуірі мен 31 мамыры аралығында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

"Осы кезеңге сәйкес келетін рейстердің барлығы алдын ала қайта жоспарланып, ертерек немесе кешірек уақытқа ауыстырылды. Осыған байланысты сапарыңызды жоспарлау барысында рейс уақытына қатысты ақпаратты алдын ала нақтылап алуларыңызды сұраймыз", - деді баспасөз қызметі.

Тіркеу және тексеру аймақтарында кептеліс болмауы үшін әуе айлағы әуежайға алдын ала келуді ұсынады:

ішкі рейстер бойынша ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын; халықаралық рейстер бойынша ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын.

Баспасөз қызметі терминал мен жолаушыларға қызмет көрсету аймақтары штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын айтты.

Әуежай өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстар ұшу қауіпсіздігі мәселелерімен және инфрақұрылымды жаңартумен байланысты деп түсіндірді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы қарашада Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын басқарған Terminals Holding (БАӘ) жобадан шығуға дайындалып жатқаны белгілі болған. Астана әкімдігі келіссөздерге қарамастан, әуежай бұрынғы режимде жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Былтыр 31 қазанда әуежайда 1 қыркүйектен бастап (5-7 қыркүйек аралығын қоспағанда) жүргізілген ұшу-қону жолағын жөндеудің жоспарлы кезеңі аяқталды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл уақытта ұшу мен қону сағат 10:00-ге дейін және 18:00-ден кейін орындалды, бірақ рейстер тоқтатылмады. Әуежай мәліметтеріне сәйкес, жүргізілген жұмыстар "аэродром инфрақұрылымын сенімдірек етіп, ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірді".

Бұл ретте әуежай 2026 жылы жөндеу шараларының келесі кезеңі жоспарланғанын хабарлады. Жұмыс жоспарына ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелері, магистральды рулеж жолы мен перрон инфрақұрылымы енгізілген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 11:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары