Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Астананың масасы мазаны алып барады: Зиянкестерді улау қазан айына дейін жалғасады

Астананың масасы мазаны алып барады: Зиянкестерді улау қазан айына дейін жалғасады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Ашық дереккөз

Әлем жылдан жылға жылынып келеді. Сәйкесінше, әлемдегі ең суық астаналардың қатарында үшінші орынды иеленетін Астана қаласы да уақыт өткен сайын жылып барады. Күн жылынғаннан бастап қалада маса көбейіп кетеді. Саябақтар мен аллеяларда жайма-шуақ қыдыру мүмкін емес. Қала тұрғындарына терезені ашу мұңға айналған.

«Кешке үй ысып кетеді. Сол уақытта терезе ашайын десең, маса қаптап тұрады. Аяқтары ерекше ұзын, ұшырсаң денеңде қозғалмай тұрады. Кешкі серуенге ұзын жеңді киім киіп шығамыз. Соның өзінде киімнің сыртынан шағады», дейді қала тұрғыны Эльмира Тілеуова.

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді

Расында елорданың қансорғыштары қадалған жерінен қан алмай қоймайтын ерекше үлкен болып келеді. Мамандардың айтуынша, жәндіктерді улау олардың дернәсіл кезінде басталады. Жалпы қалада көлдердің көп болуынан маса да азаймай отыр. Оның бір аналығы 300 мыңға дейін дернәсіл шығарады. Олардың барлығы бір жазда жетіліп кетпесе де, ылғалды жерде бірнеше жылға дейін сақталады. Сондай-ақ қалада жарықтың көп болуы да маса мен шыбын-шіркейдің азаймауына себеп болып отыр.

Елордада масаны улау жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталған. Зиянды қанаттыларға қарсы Ресей мен Қытай елінің препараттары қолданылған. Өткен жылдары үндістандық дәрі де себілген. Алайда қансорғыштарды азайтуға бұл препараттың әлі келмеген.

«Энтомологиялық мониторинг сәуір айында басталды. Мамандар су қоймаларын, оның жалпы көлемін зерттей бастады. Ал біздің тарапымыздан өңдеу жұмыстарының алғашқы кезеңі 20 сәуір-8 мамыр аралығында жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстары кезінде 120 адам жұмыс істеді. Олар қаладағы саябақтар, аллеялар, су қоймалары мен тұрғын үй алабтарында улау жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар түнде, яғни 23:00-ден кейін жүзеге асырылады. Себебі күндіз және кешкі уақытта халық серуендеп жүреді», дейді «Столичная дезинфекция» ЖШС-нің атқарушы директоры.  

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толық жою мүмкін емес. Дегенмен, маса, сона, шіркей секілді қансорғыштарға қарсы өңдеу жұмыстары жылдағыдай сәуірден, қазан айына дейін жалғасады. Дезинсекция жұмыстарына 120 маман, арнайы бүрку техникалары мен термогенераторлар жұмылдырылған.

«Маусым барысында барлығы 6 кезең жоспарланған. Негізгі мақсат − масалардың санын 90%-ға дейін азайту. Қансорғыш жәндіктердің санын анықтау және азайту жұмыстары ғылыми топ пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының ұсыныстарына сәйкес жалғасып жатыр», дейді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Азат Тұрапбаев.

Масасы жоқ мемлекет

Биыл бірінші кезеңде 13 мың гектар аумақ өңделді. Ал 13–20 мамыр күндері су айдындарында маса дернәсілдерінің бар-жоғына мониторинг жүргізілген. Екінші кезең 22 мамырда қаланың орталық бөлігінен басталды. Жұмыстар түнгі уақытта − сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін, әр кезеңде 20 күн бойы жүргізіледі.

Күн жылынғалы еліміздің барлық аумағында жәндіктерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, масалары ерекше үлкен деп айтылатын Атырау қаласында да улау жұмыстары басталған. Мұнда зиянкестерге қарсы залалсыздандыру шараларына дрон пайдаланылады. Бұл аппараттар адам жете алмайтын су қоймаларын улайтын болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Мамыр 2026 12:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары