Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды

Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конститутциялық реформа жөніндегі комиссияның он бірінші отырысында келіп түс­кен ұсыныстар негізінде жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгі­зіліп, бірнеше бабы нақтыланды. Сондай-ақ Ата заңның күшіне ену тәртібі талқыланды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Құрылтайды таратуға болмайды

Конституцияға енгізілген қосым­ша нормаларды Конституциялық сот төраға­сының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.

«Конституция жобасының 8-бабында меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады делінген. Олар – мемлекеттік және жекеменшік. Көптеген ұсыныста бұл нор­маның барлық меншік нысандарын қам­ты­май­тыны айтылған. Осылайша, атал­ған баптың 1-тармағы «Қазақстан Рес­пуб­­л­и­­ка­сында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қор­ға­лады» деп жазылды», деп түсіндірді спикер.

Ал жобаның 14-бабының 2-тар­ма­ғын­да адам құқықтары мен бос­тан­дық­тары әр адамға тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олар­дан ешкiм айыра алмайды деп көрсетілген. Көптеген азамат пен маман бұл норманы күшейтуді ұсынып, «адам құқықтары мен бос­тандықтары Қазақстан Республикасы заңнамасының мазмұны мен қолданы­луын айқын­дайды» деп қосуды сұра­ған. Нәтиже­сінде, тармақ «Адам құ­қық­тары мен бостандықтары әр адам­ға тумысынан тиесілі, олар абсо­лютті және олардан ешкiм айыра ал­майды, Қазақстан Республикасы­ның қол­даныстағы құқығының мазмұ­ны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп жазылатын болды.

«Аталған баптың 5-тармағы да нақтыланды. Өзгерген редакция бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру басқа тұлғаның құқықтарын бұзбауға және бостандықтарын шектемеуге тиiс, конституциялық құрылыс негіздеріне, қоғамдық тәртіпке, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адами болмысына нұқсан келтiрмеуге тиiс», деді Б.Нұрмұханов.

Бұдан бөлек, Құрылтайды тарату тетігін неғұрлым икемді әрі ымы­ра­ға келуді көздейтіндей ету туралы ұсы­­ныс­т­ар да ескерілді. Осыған байла­нысты «таратады» деген тұжырым «та­ра­туға құқылы» деген нұсқамен ауыстырылды.

«Жалпыхалықтық талқылау үшін жарияланған Конституция жоба­сын­­да бұл өкілеттіктер императивті түрде бекітілген. Енді Республика Пре­зи­дентінің аталған өкілеттіктерін диспо­зитивті формада тұжырымдап, құқық ретінде бекіту ұсынылады. Тиісті өзге­ріс­тер 46-баптың 2), 4) және 8) тар­мақ­шаларына, 57-баптың 1-тармағына және 62-баптың 1 және 2-тармақтарына енгізілді», деп түсіндірді комиссия мүшесі.

Сонымен қатар көрсетілген конс­ти­туциялық нормаларда Құрыл­тайды таратуға шектеулер қойыла­ды. Төтен­ше немесе соғыс жағдайы кезінде, Прези­дент өкілеттігінің кейінгі алты айында, алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабында белгіленген жағдайда Құрылтайды таратуға болмайды. 

Баспанадан сот шешімінсіз шығара алмайды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ата заңда сот шеші­мінсіз азаматтарды тұрғын үй құ­қығынан айыруға ғана емес, сондай-ақ баспанадан сот шешімінсіз шығаруға да жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынды. Оның айтуынша, тұрғын үй базалық құндылық ретінде Адам құқықтарының жалпыға бір­дей декларациясында, сондай-ақ эко­номикалық, әлеуметтік және мә­дени құқықтар туралы пактіде бекі­тілген. Сондықтан оны тек мүліктік санат ретінде қарастыру – үлкен қателік.

«Біреулер бұл қолданыстағы заң­дарда онсыз да бар деп айтуы мүм­кін. Бірақ бұл қағиданы негізгі құқық­тық құжатта бекіту оның заңды тұрақ­тылығын қамтамасыз етеді», деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ Бала құқықтары жөнін­дегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қор­ғау бөлігінде конституциялық кепіл­діктерді күшейту қажет екенін айтты.

«БҰҰ Бала құқықтары туралы Кон­венциясында әрбір баланың физикалық, зияткерлік, рухани, адам­гершілік және әлеуметтік дамуы­на жеткілікті өмір сүру деңгейіне құқығы бекітілген. Бұл – қауіпсіз әрі тұрақты баспананың бо­луын көздейді. Бала үшін тұрғын үй – оның әл-ауқаты мен мүдделерін қор­ғау­дың негізгі факторларының бірі», деді ол.

Д.Зәкиева қызметі барысында түрлі қайғылы тұрмыстық ахуалдар салдарынан балалардың жалғыз бас­панасынан айырылу қаупіне тап болатын жағдайларға бірнеше рет кезіккенін айтты.

«Балалардың өзінің жалғыз асыраушысы – анасынан айырылатын жағдайды мысалға келтірейін. Анасы көзі тірісінде баспанаға алынған ипо­текалық несиенің едәуір бөлігін өтеген. Соған қарамастан, бұрын төленіп қойған қаражат қайтарылмайтын жағдайда балалардың жалғыз бас­панасынан айырылу қаупі туындады. Біздің өтінішіміздің нәтижесінде банк қалған қарызды кешіру туралы шешім қабылдады. Алайда мұндай оқиғалар, өкінішке қарай, өте көп», деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Осыған байланысты адам өмірін­дегі маңызды және баланың ең қажетті мүдделерін сот тарапынан ескеру­сіз қал­дырып, тұрғын үй­ден айыра­тын жағ­дайларға жол бермей­тін кепіл­діктерді бекіту қажет.

Мәжіліс депутаты Снежанна Има­шева Ата заңның тәртібі мен күшіне ену мерзімдерін біржақты етіп анықтау қажет екенін атап өтті.

«Жобада оның ережелері нақты қай сәттен бастап күшіне енетінін бекіту керек. Республикалық рефе­рен­думның нәтижелері ресми жа­рияланған күннен бастап па, әлде нақты белгіленген өзге күннен бастап па? Сондай-ақ өтпелі кезеңдегі қазіргі мемлекеттік билік органдарының мәртебесі туралы мәселені де реттеу керек», деді ол.

Атап айтқанда, қазіргі Парламент өз өкілеттігін қай сәтке дейін жүзеге асыратынын анықтау қажет, Құрылтай сайлауы қандай мерзімде және қандай тәртіппен өткізілетінін де нақтылаған жөн. С.Имашева өтпелі ережелерде Конституциялық сот, Орталық сай­лау комиссиясы мен Жоғары ауди­тор­лық палатаның жаңа құрамын қалып­тастыру тетіктерін, бұған қоса негізгі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау тәртібі де регламенттеуді талап ететінін айтты.

«Аталған ережелерді бекіту құқық­тық айқындылықты, мемлекеттік инс­ти­­туттардың жұмыс істеуін бол­жау­ды және өтпелі кезеңдегі әрбір орган­ның өкілеттіктерінің шегін нақты белгіленуін қамтамасыз етеді», деп қорытындылады депутат. 

Жоба референдумға шығаруға дайын

Ал Алматы облысы мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Жаңа Конс­ти­туцияның жобасы бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Алматы облысы – халық тығыз қоныстанған, цифрлық сервистер белсенді іске қосылған өңірлердің бірі. Сондықтан ұлттық экономиканың өсу драйверіне айналуға тиіс «Alatau City» жобасы дәл осы өңірде қолға алынып жатыр.

«Бүгінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі қалыптасқан ұғымдар шең­бері­нен шығып, цифрлық технология­лар деңгейіне дейін көтерілгенін көріп отырмыз. Цифрлық техноло­гия қоғамның барлық саласына араласып, күнделікті адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ал жаңа Конституция жобасында аза­маттардың цифрлық сала­да­ғы құ­қығын қорғау міндеті қарас­тырыл­ғаны бүгінгі күн талабы екені даусыз», деді ол.

Өз сөзінде спикер азаматтардың өзара хат-хабар алмасу қауіпсіздігі, электрон­дық коммуникация, дербес де­­­­ректердің қорғалуы сынды мәсе­ле­лер­дің қамтылуы жеке өмір құпия­сы­ның кепілдігін нығайтып, цифрлық сервистерге деген сенімді күшейтетінін жеткізді.

«Олардың конституциялық дең­гей­де бекітілуі цифрлық қауіпсіздік сала­сындағы заңнаманы әрі қарай дамыту тәжірибесіне берік негіз бола алады. Ұсынылып отырған өзге­рістер азаматтар үшін нақты мәсе­лелерден көрініс табуы қара­пайым азаматтардың күнде­лікті өмір­де алаңсыз болып, қоғамның мем­лекеттік институттарға деген сенімін күшейтуге әсер етеді», деді мәслихат төрағасы.

Сөз соңында комиссия мүшесі Консти­туция жобасы жеткілікті пысық­талғанын және оны бүкіл­халықтық референдумға шығаруға болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды

Білім • Бүгін, 23:42

Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды

Елорда • Бүгін, 00:06

Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Кеше

Мұқағали мұрасы дәріптелді

Әдебиет • Кеше

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады

Президент • Кеше

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Президент • Кеше

«Таза Қазақстан»: Абай университетінің студенттері Іле-Алатау паркімен экологиялық жобаларды іске асырады

«Таза Қазақстан» • Кеше

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Күрес • Кеше

Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Олимпиада • Кеше

Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты

Оқиға • Кеше

Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?

Олимпиада • Кеше

Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті

Аймақтар • Кеше

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

Қоғам • Кеше

1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады

Әскер • Кеше

Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see115

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see115

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see115

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see114

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see114

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see113

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see113

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see113

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see111

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see110

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see110

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see109

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see109

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see109

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see108

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see108

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see108

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары