Атырау қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, ол ішкі істер органдарынан теріс негіздер бойынша қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Бұл шешімдер Ішкі істер министрі жүргізіп отырған заңдылықты қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзғаны үшін, лауазымына қарамастан, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған қағидатты саясат аясында қабылданды, — дем мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, күдікке ілінген Бақтыбек Исаев басқарма бастығы қызметіне 2024 жылдың 27 мамырында тағайындалған.
Бұған дейін ІІМ тексерісінен кейін Атыраудағы полиция департаментінде бірнеше басшы қызметінен кеткенін жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 22:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















