Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Атырауда оқушылар жаппай ауырып жатыр, ата аналар қашықтан оқытуды сұрайды

Атырауда оқушылар жаппай ауырып жатыр, ата аналар қашықтан оқытуды сұрайды

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Көрнекі сурет

«Ақ Жайық» редакциясына жарияланған материалдан кейін көп ата-ана хабарласып, жағдайдың күн сайын нашарлап бара жатқанын айтты. Кей сыныптарда оқушыларды саусақпен санап алатындай деңгейге жеткен.

Соған қарамастан мектептер әлі де қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, ал уақытша онлайн оқытуға көшіру мүмкіндігі қарастырылмай отыр.

Ата-аналардың айтуынша, балалар топ-топ болып ауыра бастаған. Кейбірі сыныптағы жағдай толық тұрақтамай жатып қайта сабаққа келеді. Күн сайын жаңа жағдайлар тіркеліп жатқанына қарамастан, ресми ақпарат жоқ.

Бір ана; «Бүгін баламның сыныбында бірнеше-ақ оқушы келді. Мұғалімдер де ауырып жатыр, бірақ сабақ тоқтаған жоқ. Неліктен ең болмаса кейбір сыныптарды уақытша онлайнға ауыстырмайды?» - дейді.

Әлеуметтік желідегі пікірлердің бірінде басқа ата-ана былай деп жазған:

«Қазір онлайн оқу – жай қолайлылық үшін емес. Балалар қатты ауырып жатыр, температура бірнеше сағаттың ішінде қырық градусқа дейін көтеріліп кетеді. Дәрігер шақыру қиын, емханаларда бірнеше күн бұрын кезекке жазылады. Осындай жағдайда тұрақты сабақ болуы мүмкін емес. Қазір денсаулық бәрінен маңызды».

Кейбір ата-аналар мектептерге де, білім басқармасына да жүгінген. Бірақ жауап бір: «қашықтан оқытуға негіз жоқ». Адамдар нақты қандай жағдайда онлайн форматқа көшуге болатынын түсінбей отыр.

Қазіргі таңда жағдай туралы ресми деректер жарияланбаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме бермеді. Білім басқармасы санитарлық қызметтің жалпы ұсыныстарымен шектеліп отыр. Маска тағу режимі тек кейбір мектептерде ғана енгізілген, мұндай шаралардың бірізді болмауы да сауал туғызады.

Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай көрініс байқалады. Қазіргі таңда 7 облыстағы 132 мектепте 1469 сынып онлайн форматқа көшірілген. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова оқушылардың 20 пайызынан астамы ауырған жағдайда кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылатынын, ал 30 пайызы ауырса – сынып онлайн форматқа ауыстырылатынын еске салды.

Жағдайды одан әрі күрделендіріп тұрған тағы бір мәселе — дәрі-дәрмек тапшылығы. Маусымдық вирустық инфекцияларға тағайындалатын осельтамивир негізіндегі препараттар дәріханаларда жоқтың қасы. Дәріхана қызметкерлері бұл дәрілерге сұраныс күрт артқанын және жеткізілім көлемі шектеулі екенін растап отыр.

«Ақ Жайық» редакциясы қазіргі жағдайға байланысты тиісті мекемелерден ресми түсініктеме күтуде.

Елена СҮНДЕТОВА

Бүгін, 17:34

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 19:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары