Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Ауыл әкімдері жаңа бастамалар ұсынды

Ауыл әкімдері жаңа бастамалар ұсынды

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Облыс басшылығы мен ауылдық округ әкімдері арасындағы диалог мазмұнды әрі нақты сипатқа ие болуда. Бүгінде ауыл әкімдері мәселелерді ғана емес, оларды шешудің тиянақты ұсыныстарын, есептері мен нақты тетіктерін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.

Осы бағыттағы жүйелі жұмысқа Қонаев қаласында жүзеге асқан «Әкімдер мектебі» жобасы елеулі үлес қосты. Жоба ауыл әкімдеріне заманауи басқару құралдарын меңгеруге мүмкіндік беріп, пікір алмасудың және тиімді шешімдер іздеудің алаңына айналды. Соның нәтижесінде мұндай кездесулердің сапасы едәуір артты.

Облыстық әкімдікте өңірдің тоғыз ауданының ауылдық округ әкімдері бас қосты. Олар – округтердің дамуына жауапты, тікелей дауыс беру арқылы сайланған басшылар.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев: «Ауыл – өңір экономикасының негізі. Мәселені облысқа жеткізбей, жергілікті жерде шешу маңызды. Егер ұсыныс ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталған болса, біз оны қолдауға дайынбыз», – дегенді атап өтті.

Кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін күшейту қажеттілігі айтылды. Оның ішінде әкімдердің сайлауалды бағдарламаларын орындау бойынша халық алдында тұрақты есеп беру практикасын заңмен бекіту ұсынылды. Бюджет мәселелері де кеңінен талқыланды. Ауыл әкімдеріне көлік иелері туралы ақпаратқа қол жеткізу, жылжымайтын мүлікті нарықтық құн бойынша бағалау және жеке табыс салығын жұмыс орны бойынша төлеу қағидатын енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл ауыл бюджеттерінің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу инфрақұрылымының дамуы — бизнес өсімінің маңызды шарты. Әкімдер шағын цехтар, сою пункттері мен қоймаларды өңірлік стандарттардың міндетті элементі ретінде енгізуді де қаперге алды.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру кезінде кепіл мәселесінің өзекті болып отырғаны айтылды. Қатысушылар «Даму» қоры арқылы кепілдік беру және тауарлық несие жүйесін енгізу бастамаларын қолдады. Сондай-ақ ауылдар мен кооперативтердің мамандануын нақты есепке алу қажеттілігі көтерілді.

Әкімдік аппараттары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру және жаңа KPI әзірлеу мәселелері талқыланды. Бәсекеге қабілетті жалақы мен нақты көрсеткіштердің болмауы кадрларды тартуды қиындататыны атап өтілді. Осыған байланысты округтердің жеке даму бағдарламаларын жасап, әкімдіктердің нақты мүмкіндіктеріне сай KPI белгілеу ұсынылды.

Пікірталас барысында жайылым тапшылығы, жер учаскелеріне қатысты ақпараттың қолжетімсіздігі, ауылдық аппараттарда мамандардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер көтерілді. Жер және ветеринария мамандарының штаттық бірліктерін енгізу, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына арналған үлгілік жобаларды әзірлеу ұсынылды.

Цифрландыру саласындағы кедергілер де айтылды. Мемлекеттік деректер базаларына қол жеткізудің шектеулілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізуді қиындатады және шалғай ауылдарда жедел жәрдем шақыруы мен кезбелік жануарларды ұстау жұмыстарының үйлесімділігіне әсер етеді.

Барлық ұсыныстар жүйеленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Алдағы уақытта ауыл әкімдері Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін республикалық диалог алаңында өз бастамаларын таныстырады.

«Бүгінде ауыл басшылары кездесулерге шағыммен емес, идеямен келеді. Бұл – олардың кәсіби өсуінің және нәтижеге бағытталған жұмыстың көрсеткіші. Біздің міндет – осы қарқынға қолдау көрсетіп, тиімді жұмыс істеуге қажетті құралдармен қамтамасыз ету», – деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Дауталиев.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 00:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары