Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Ауыл балаларына қамқорлық: депутаттың демеушілігімен жаңа ойын алаңы ашылды

Ауыл балаларына қамқорлық: депутаттың демеушілігімен жаңа ойын алаңы ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар әрдайым ел игілігі жолындағы істердің басы-қасында жүр.

Соның жарқын дәлелі ретінде партия Саяси кеңесінің мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты Фарида Жүнісованың демеушілігімен Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округінде құны 10 миллион теңге тұратын балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүлдіршіндерге жасалған бұл тарту – ауылдың игілігі мен болашағына салынған берік негіз. Салтанатты ашылу рәсіміне ауыл тұрғындары және аманаттықтармен бірге Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев пен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Ашылу рәсімі кезінде сөз сөйлеген Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев облыстық мәслихат депутаты Фарида Жүнісованың ел алдындағы уәдесін орындап, ауыл балаларына қуаныш сыйлағанын ерекше атап өтті.

– Демеушілік көрсеткен облыстық мәслихаттың депутаты Фарида Жүнісова ауыл тұрғындарымен кездесуде «Туған жерге туыңды тік» қағидатын негізге алып, ойын алаңын сыйға тартуға уәде берген еді. Бүгін сол сөз орындалып, ауыл бүлдіршіндері үшін үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Бұл бастама өзге кәсіпкерлер үшін де үлгі болары сөзсіз. Қазіргі таңда аудан бойынша 26 ойын алаңы бар, олардың жағдайы әртүрлі. Ал осындай заманауи үлгідегі алаңшалар әлі де аз. Қазірдің өзінде Көктал және Үлгілі ауылдарында да демеушілер есебінен жаңа ойын алаңдары салынуда. Бұл аудан бюджетіне түсетін жүктемені азайтып, ауылдарға нақты қолдау көрсетудің тиімді жолы. Осы игі істі жүзеге асырған демеушімізге ауыл тұрғындары мен аудан басшылығының атынан алғыс білдіремін, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, Фарида Жүнісова – облыстық мәслихат депутаты ғана емес, елімізге танымал «Әулие Ата Феникс» ЖШС-ның басшысы ретінде де қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып келеді. Ол Мырзатай ауылында жаңа ойын алаңшасының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ауылдағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға қолдау көрсету – әрбір кәсіпкердің азаматтық борышы екенін атап өтті.

– Бұл ойын алаңын біздің тарапымыздан ауыл тұрғындарына жасалған тарту деп қабылдаңыздар. Мемлекет басшысы мен «AMANAT» партиясы ауыл-аймақтардың өркендеуіне ерекше назар аударып отыр. Осы орайда, барлық кәсіпкерлерді ауылдың дамуына үлес қосуға шақырамын. Ортақ күш-жігердің нәтижесінде ғана ауыл келбеті жаңарып, балаларға қолайлы орта қалыптасады, – деді депутат.

Мұнан кейін Мырзатай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Әлімбаев сөз алып, халық қалаулысының тартуына ауыл тұрғындары атынан алғысын білдіріп, бұл игі іс ауыл балалары үшін үлкен қуаныш және маңызды оқиға екенін атап өтті.

Бұл игі іс – халық қалаулысының тек заң шығарушы ретінде емес, қоғамға жанашыр азамат ретінде де үлкен жауапкершілікпен қарап отырғанының айғағы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 17:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары