Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Ауыл мен қала мектебі бірдей болады: Жаңа министр қандай өзгеріс жасамақ?

Ауыл мен қала мектебі бірдей болады: Жаңа министр қандай өзгеріс жасамақ?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жамбыл облысына барған жұмыс сапарында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық ұжымдармен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фотолар: Оқу-ағарту министрлігі

Әсіресе, білім сапасын арттыру, шағын жинақты мектептерде оқу процесін ұйымдастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәрбие беру, ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығы, білім беру жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр өз жұмысын Жамбыл, Байзақ аудандарындағы Тоғызтарау, Шоқай, Сарыкемер ауылдарында орналасқан білім беру ұйымдарынан бастады. Білім беру жүйесін жетілдіру, білім сапасын арттыру, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға басымдық берген Ж.Сүлейменова әр мектепте педагогикалық ұжымдармен кездесіп, сабақтарға қатысты, оқушылармен сабақ үлгерімдері, білім мен ғылымға қызығушылықтары туралы сұқбаттасты.

«Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен педагогтер мен білім алушылар үшін жайлы әрі сапалы білім беру ортасын құру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жастардың білім мен ғылымға құштар, еңбекқор және ұлттың рухани мұрасын сақтайтын, әлемдік білім бәсекесіне қабілетті Адал азамат болып қалыптасуына білім беру жүйесінің әрбір қызметкері жауапты. Біздің міндет – ауылда да, қалада да бірдей мектеп инфрақұрылымын құра отырып, балалар үшін білімнің жоғары сапасы мен озық білім технологияларын қолжетімді ету», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сапар аясында министр ең алдымен Тоғызтарау ауылындағы Т.Тоқтаров атындағы орта мектепке барды. Мұнда 100-ге жуық оқушы білім алады, көрші ауылдардан қатынап оқитын балалар да бар. Бұл осы аймақтағы шағын жинақты мектептердің бірі. Жамбыл облысында 149 шағын жинақты мектеп бар.

Келесі білім беру нысаны – Шоқай ауылындағы екі жыл бұрын қолданысқа берілген заманауи №3 мектепте 187 бала оқиды. Мектеп заманауи лингафондық, робототехника, еңбекке баулу сыныптарымен жабдықталған. Ал аудандық Өнер мектебінде балалар шығармашылық, техникалық және ғылыми бағытта түрлі робототехника, биотехнология, 3D модельдеу, бейнелеу өнері және музыка үйірмелерінде қосымша білім алып жүр.

Министр Сарыкемер ауылында өткен жылы қолданысқа берілген 600 орындық «Келешек мектебінде» болды. Шағын ауылдағы заманауи мектепте балалар үшін нақты ғылым саласындағы 3 зертхана, ерте жастан еңбекке бейімдейтін 2 шеберхана, сондай-ақ, компьютерлік кабинет пен коворкинг аймақтары, оқу залдары қолжетімді.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова Тараз қаласындағы Оқушылар сарайын аралады. Мұнда балаларға қосымша білім беру бағытында 85 шығармашылық, зияткерлік, ғылыми-техникалық, спорттық үйірмелер жұмыс жасайды. Бір күнде 2500 балаға дейін орталықта дәрістермен, жаттығулармен қамтылады.

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында министр балалардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 13:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары