Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Абыройы асқақтаған аудан

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Автотұраққа да арнайы ереже қажет

Автотұраққа да арнайы ереже қажет

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Қайрат Акенов, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев, палата қызметкерлері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Жиында Шымкент қаласы әкімдігінің «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдас­тыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасы, сонымен қатар Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Хартиясы мәселесі талқыланды. Қаулы жобасы жөнінде Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әзілхан Жарымбетов баян­дады.

– Кәсіпкерлер палатасына қарауға «Ақылы көлік тұрақтарын ұйымдас­тыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімі қаулысының жобасы келіп түсті. Тәртіпке сәйкес жобаны кәсіпкерлерге таратып, таныс­тырдық. Осыған байланысты бизнес қауымдастықтан көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Бүгінгі басқосудың мақсаты – сол сауалдарды талқылау, – деді Ә.Жарымбетов.

Жиын барысында қаулы жобасын әзірлеушілер құжатты көпшілікке түсіндіріп өтті. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ш.Сүттібаевтің айтуынша, Шымкент, Астана, Алматы қалаларына ерекше мәртебе берілген. Соған орай мегаполистерде қоғамдық қатынастар арнайы ережемен жүйеленген. Дегенмен Шымкентте ақылы автотұрақты заңмен реттеу әлі шешімін таппай келеді. Маманның мәлімдеуінше, Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы республикалық маңызы бар мегаполиске айналған Шымкенттің арнайы мәртебесіне байланысты бас­тама көтеріп, көптеген заңнамаға өзгерістер енгізілді. Заңдарға кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заңнама ішінде сәулет-құрылыс, өзін-өзі басқару, басқа да көптеген салаларға қатысты ережелерге түзетулер мен өзгерістер енген. Алайда ақылы автотұрақ ережесін бекіту үшін Жер туралы кодекстің 109-бабына да қосымша түзетулер қажет екен.

Ш.Сүттібаевтің айтуынша, осы мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласы әкімі орынбасарының атынан Әділет министрлігіне ережені түсіндіріп беру жөнінде арнайы хат жолданды. Министрлік Жер туралы кодекс ақылы автотұрақ ережесін қабылдауға ешқандай кедергі келтірмейді десе, қаулы негізінде тәртібі бекітіледі. Жағдай керісінше болса, Жер туралы кодекске де тиісті өзгертулер қажет. Онсыз ақылы автотұрақ ұйымдастырудың алгоритмі бекітілмейді. Маманның сөзінше, мегаполисте барлық қызмет белгілі тәртіппен іске асады. Өйткені ол мемлекеттік басқарудың қағидасы болып есептеледі. Сол секілді автотұрақ мәселесінде де белгілі ереже керек. Әзірге Шымкентте ол жоқ. Рас, комму­налдық автотұрақтар баршылық. Бірақ олардың қызметі белгілі бір заңға сүйенбеген. Бұл мәселе Алматы, Астана қалаларында баяғыда реттеліп қойған. Ендігі кезекте мегаполис есебінде Шым­кентте де ол нақты бір жолға қойы­луға тиіс.

Басқарма өкілі баяндап өткендей, автотұрақ жайы бүгінде қаланың күн тәртібінде өткір тұр. Өйткені шаһарда көлік көбейген, оларды қоятын тұрақ аз. Аталған жайтқа қала әкімдігінің көңіл бөлуінің бірден-бір себебі де осы. Жоғарыда айтқанымыздай, жергілікті билік автотұрақ мәселесін түбегейлі қолға алайын десе әлі тиісті ережесі болмай отыр. Қажетті ережесі бекітілген уақытта автотұрақтарды көбейту, олардың басқару ісін дұрыстау жағы бір ізге түседі. Маманның пікірінше, тіпті автотұрақ құрылыс салуға байланысты араға инвесторлар да тартылуы мүмкін. Осы күнде автотұрақ салып, мемлекетпен табысты 50/50%-бен тең бөлісу жөнінде әкімдікке ұсыныспен шыққан инвесторлар да бар көрінеді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бастамасымен шаһардың бірнеше аумағында коммуналдық автотұрақтар ашылып, халық игілігін көріп отыр. Ат шаптырым аумақты алып жатқан бұл паркингтерге жүргізушілер көліктерін тегін қоя алады. Ондай паркингтер Абай саябағы маңында, қалалық сот жанында, Ордабасы алаңы аумағында орналасқан. Дегенмен жылдан-жылға саны артып келе жатқан көліктердің автотұраққа сұранысын қамтамасыз етуде мұндай коммуналдық паркингтер аздық етеді. Келешекте Шымкент паркинг мәселесінің оңтайлы жолын тауып келе жатқан Алматы, Астана қалаларының тәжірибесін басшылыққа алуы мүмкін. Одан бөлек, Шымкент қанша дегенмен мегаполис болғандықтан алдағы уақытта шаһарда екі-үш қабатты авто­тұрақ орындары пайда болуы да ғажап емес. Сонымен қатар мына нәрсені айта кеткен жөн, жаңа ереже автотұрақтардың ақылы, ақысыз болатынын қарастырмайды, ол жерде паркингті басқарудың тетіктері мен механизмдері жазылады. Сондықтан коммуналдық автотұрақтар жоғалып кетеді деген қауіп болмауы керек.

– Биылғы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республи­калық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Заңды іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Премьер-министрдің өкімі шықты. Осы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына ақылы тұрақтарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту құзыреттілігі берілген. Осы негіздерге сүйене отырып, басқарма қаулы жобасын әзірледі. Жобаны дайындау барысында Астана, Алматы қалаларындағы жұмыс істеп тұрған жобалар қарас­тырылды. Мұндағы басты мақсат – жалпы көлік тұрақтары жобасының құқықтық негізін қалыптастыру, – деді Ш.Сүттібаев.

Отырыс соңында кеңестің резолюциясы қабылданды. Онда кәсіпкерлер палатасына күн тәртібіндегі қаулы жобасына қатысты кәсіпкерлердің талап-тілектері, ұсыныстары назарға алынсын, қаулы жобасына талдау жасалып, ескертулерімен сараптамалық қорытынды берілсін, сондай-ақ келіп түскен мәселелер, ұсыныстар мен ескер­тулер ескеріліп, қаулы жобасына сараптамалық қорытынды жасал­сын деген талап-өтініштер қарас­тырылды. Сонымен қатар Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хартиясын да тиісті деңгейде назарға алу мәселесі ұсынылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see116

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see113

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see113

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see111

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see111

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see109

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see108

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары