Азаматтар 1 наурыздан кешікпей салық режимінің қай түрін қолданатынын хабарлауы тиіс
24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ел азаматтарына асыққан абзал.
Биыл 1 наурыздан қалмай салық режимінің қай түрін қолданатынын саралап, құзырлы органдарды хабардар ету керек. Әйтпесе кеш болады. Ендеше рет-ретімен түсіндірейік. ((1КЕСТЕ)) Оңайлатылған декларация негізінде төлеушілер белгіленген мерзімде үлгермесе жалпыға бірдей салық салу тәртібіне ауыстырылады. Сондықтан тіркелу тетіктерін экранда көрсетіп отырмыз. Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесіне өтесіз немесе мобильді қосымшалар арқылы да хабарлама қалдыру қолайлы. ((2КЕСТЕ)) Ал өзін өзі жұмыспен қамтығандар қапы қалмай, ережені орындаса жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарылады. Бұл санатқа «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы түбіртек берілген күні өтеді. ((3КЕСТЕ)) Арнаулы салық режимінің үшіншісі шаруа және фермер қожалықтарына ұсынылады. Аталған тәртіпке көшу 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Хабарлама тапсыру талап етілмейді.
Оңайлатылған декларация:
САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ КАБИНЕТІ «ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ» – «ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚ САЛУ РЕЖИМІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА»
«E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША: «ҚЫЗМЕТ» – «ЖК САЛЫҚ САЛУ РЕЖИМІН ӨЗГЕРТУ»
ҚАҒАЗ НҰСҚА БОЙЫНША МКБ АРҚЫЛЫ
KASPI BANK ҚОСЫМША: «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР» – «ЖК РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН САЛЫҚ РЕЖИМІН ӨЗГЕРТУ»
ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР:
«E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА АЛҒАШҚЫ ТҮБІРТЕК БЕРІЛГЕННЕН БАСТАП
ШАРУА ЖӘНЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ:
САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ
ХАБАРЛАМА ТАПСЫРУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 16:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















