Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

Электробустар ел игілігіне

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

Астанадағы еңбек нарығы: неге жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің талабы екі бөлек?

Құрылтай депутаттығына Әділет партиясы кандидаттарының партиялық тізімі жарияланды

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

ҰҚТ мен күрес және кадрларды даярлау Қазақстан ІІМ ФТБ мен ынтымақтастықты кеңейтеді

Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?

Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Семей теміржол вокзалында болған бұл оқиға бір қарағанда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ тұтас бір пойызды 13 минутқа кідіртудің артында техникалық іркіліс емес, адами фактор жатқаны талайдың таңдайын қақтырып қана қойған жоқ, бір сәт ойға қалдырғаны рас, деп жазады Egemen.kz.

Жуырда облыс орталығынан 270 шақырымдай қашықта жатқан Көкпекті ауданынан бір топ мектеп оқушысы ұстаздарымен бірге Семейге жолға шығады. Оқушылардың ойға алып шыққан мақсаты – ел жүрегі Астана төрінде өтетін «Alem Tech Fest–2026» Азия чемпионатына қатысу еді. Робототехника саласында бақ сынайтын жас өнертапқыштар үшін бұл – жай сапар емес, арманға бастар асқақ жол-тұғын. Алайда қыстың қиғылығы мен қиырлығы көп күре жол жолаушыларды діттеген жерге дәл уақытында жеткермей дінкелеткен көрінеді. Сөйтіп ақпанның ақ түтек бораны жоспарды өзгертіп жіберді. Ауа райының құбылуына қарай жолдар жабылды. Жолаушылар Өскемен арқылы айналма бағытпен жүруге мәжбүр болды. Уақыт тығыз. Пойыз кестесі ешкімге тәуелді емес. Қолдарында – 28 билет. Бірақ 10-15 минут кешігу қаупі туындаған.

Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды

Осы сәтте ұстаздар ақылдаса келіп, тосын шешім шығарады. Вокзалдың анықтама бөліміне хабарласқан олар жағдайды айтып, мән-жайды түсіндіреді. Жолаушылардың келіп-кету кестесін жеті өлшеп, бір кесетін вокзал басшылығы тығырыққа тіреледі. Ақыры Семей вокзалы бастығының өкілі Зәмзагүл Кәрімова бөлімше кезекшісімен сөйлесіп, жолаушыларды күту мүмкіндігін қарастырады. Вокзал қызметкерлері тәуекелге барып, пойызды тоқтатып, балаларды күттіруге тура келеді. Осылайша №37 «Семей – Маңғыстау» пойызының тізгін қаңтарып қойғанына 10 минут асады. Бөгеліп тұған отарбаның өзі де, жайғасып абыр-сабыры басылған жүргіншілер де аң-таң. Механикалық қозғалысқа әбден бейім функтуал жүргіншілердің қыңқыл-сыңқылы көбейіп, кейбір кезде жолаушылар: «япыр-ау мынауың суықсырап, от алмай тұр ма, неге қозғалмайды, түге» деп байбалам бастала бергенде, 13 минут болған пойыздың күтіп тұрғанына. Осы кезде қызыл танау болған шүпірлеген оқушылар да перронға жетіп үлгерді.

8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды

Қарлы боранды жарып жеткен оқушыларды 15-вагон алдында Зәмзагүл Кәрімова мен вокзал кезекшісі Құндыз Жантемірова ханым қарсы алды. Сол сәтте перрондағы салқын ауада бір ерекше жылылық сезілді дейді қуанған ұстаздар. Тіпті кейбір көңілшек ұстаздар қуаныш пен адами жылылыққа еріксіз жылып та алған көрінеді. Өйткені кейде жолға үлгеру – тек логистика ғана емес, ол да бір жеңіс секілді сезілетіні бар ғой. Ал шалғай ауылдан шыққан балалардың шаттығында шек жоқ. Купелеріне көңілді жайғасқан.

Әрине, мұндай шешім арнайы хаттамамен рәсімделеді. Теміржол тәртібі қатаң. Десек те тәртіптің өзегінде адами жағдайы тұруы заңдылық. Темір де, терсек те адам игілі үшін. Бұл жолы солай болды да. Енді осындай жағдайда үлкен додаға атанған оқушылардың иығындағы жауапкершілік салмағы арта түсті. Бірақ олар шынымен де ел сенімін ақтап, өңір жұртшылығын қуанышқа бөледі.

Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Астанаға жеткен жас робототехниктер Азия чемпионатында жүлделі орын алып оралды. Жеңіс қуанышы елге жеткенде: «Бұл жеңісті Семей вокзалы қызметкерлеріне арнаймыз. Солардың арқасында әлемдік додаға қатыса алдық», деп ағынан жарылып, әлеуметтік желіге ақ жарма тіліктерін жаудырды ұстаздар. Расында, балалар пойызды тоқтатқан жоқ, оларды өз армандары тосып тұрған еді.

Міне, таңғы 7-ден 20 минут өтті. Мен вокзалда болған оқиғаны сол жерде, күту залында қолма-қол түсіріп болдым да перронға шықтым. Бағыт: Семей – Аягөз. 22 минут кеткенде пойыз қозғалу керек-тұғын. Пойыз 10 минут кешігіп тоқтады. Отарбаев ағамша ойландым: «бұл кешігіп жеткен пойыз бүгін кімді қуантты, кімді мұңайтты екен...» деп.

Семей

Соңғы жаңалықтар

Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 15:57

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

Аймақтар • Бүгін, 15:53

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?

Әскер • Бүгін, 15:48

Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?

Аймақтар • Бүгін, 15:44

Жаңа Ата заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

Қоғам • Бүгін, 15:41

Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды

Қоғам • Бүгін, 15:32

Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді

Мәдениет • Бүгін, 15:20

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады

Қоғам • Бүгін, 15:06

Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында

Қоғам • Бүгін, 15:02

Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді

Оқиға • Бүгін, 14:58

Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді

Қоғам • Бүгін, 14:50

Алты құрлық тыңдаған хабар: Бельгия радиосы Димаштың шығармашылығын дәріптеді

Ән • Бүгін, 14:38

АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды

Ата заң • Бүгін, 14:27

«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды

Футбол • Бүгін, 14:10

«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады

Аймақтар • Бүгін, 13:54

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 16:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see114

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see112

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see111

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see111

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

11 Шілде 2026 10:51see111

Электробустар ел игілігіне

11 Шілде 2026 00:46see110

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see110

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

10 Шілде 2026 16:51see110

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

11 Шілде 2026 18:07see109

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

11 Шілде 2026 08:59see109

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see109

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

11 Шілде 2026 08:42see108

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

11 Шілде 2026 15:38see108

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

10 Шілде 2026 16:12see108

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

10 Шілде 2026 19:23see107

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

11 Шілде 2026 12:26see106

Астанадағы еңбек нарығы: неге жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің талабы екі бөлек?

10 Шілде 2026 12:50see106

Құрылтай депутаттығына Әділет партиясы кандидаттарының партиялық тізімі жарияланды

11 Шілде 2026 04:20see106

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

11 Шілде 2026 17:44see105

ҰҚТ мен күрес және кадрларды даярлау Қазақстан ІІМ ФТБ мен ынтымақтастықты кеңейтеді

10 Шілде 2026 19:56see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары