БАӘ импорттаушылары тізіміне тағы төрт отандық кәсіпорын енгізілді
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің жүйелі шаралары нәтижесінде биыл тағы 4 кәсіпорын ресми түрде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) импорттаушыларының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қоршаған орта және климат өзгерісі министрлігі жанындағы БАӘ Тағам қауіпсіздігі агенттігінің басшысы Абдулла Джанаанның ресми сапары шеңберінде Комитет өкілдерімен жұмыс кездесуі өтіп, тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, экспорттық жеткізілімдерді арттыру мүмкіндіктерін және азық-түлік қауіпсіздігін бақылау саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету болашағын талқылады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдан бері тізілімде бар және БАӘ-ге сиыр еті өнімдерінің негізгі жеткізушілерінің бірі саналатын KAZBEEF кәсіпорнына да барған делегация – кәсіпорында енгізілген қауіпсіздік, сапа және өнімнің қадағалануы стандарттарына жоғары баға беріп, ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор екенін атап өтті.
Жалпы, бүгінде мал өнімдерін өндіру және экспорттаумен айналысатын 14 отандық компания БАӘ импорттаушыларының тізіміне енгізілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 12:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















